Қазақстандағы көрікті жерлер. Түркістан. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: 1-бөлім: (№ 1)

Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кабденова С. К.

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы көрікті жерлер

Түркістан

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.4.1. Негізгі ойды анықтау

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

 Бағалау критерийлері

- жетекші сұрақтарға дұрыс жауап береді;

- негізгі ойды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: бұлбұлы бақтарда сайраған, киелі күмбезді Түркістан, Түркістан - шығыстың шырайы т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мен автордың орнында болсам, ойымды былайша түйіндер едім т.б.

Құндылықтар

Отансүйгіштік (Отанға деген сүйіспеншілігі, өз мемлекетінің жетістіктері үшін мақтанышы, халықтың тілі және мәдениетін дамытуға талпынуы);

Пәнаралық байланыс

Музыка, тарих

Осыған дейін меңгерілген білім

Алтын емел, Алакөл.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 минут

«Бұлт үстіндеі саяхат» тренингі. Музыка ойнап тұрады. Көздеріңізді жұмыңыздар. Сіздер Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат жасап жүрміз деп елестетеңіздер. Енді ақырындап көздеріңізді ашыңыздар, тақтадағы суреттерге назар аударыңыздар. Біз қай қалаға келдік? Араларыңызда Түркістан қаласында болғандар бар ма? Түкістан туралы не білесіздер?

Оқушылар осы үш сурет бойынша топқа бөлінеді.

https://yandex.kz/images/search?text

Сабақтың ортасы

7 минут

15 минут

7 минут

Тыңдалымалды тапсырмасы:

«Түркістан» әні тыңдалады. Осы әнді тыңдау барысында бойыңызды қандай сезім биледі? Қандай сипаттау құралдары есіңізде қалды? Әнді тыңдау барысында көз алдыңызға не елестеттіңіз?

Өлеңде не туралы айтылған? Автор осы өлеңді жазу барысында нені есте сақтаған? Автор өлеңде қандай сөздермен оқырманның назарын аударып отыр? Өлеңнен қандай әсер алуға болады?

Өлеңде қандай сипаттау сөздері кезедеседі?

Тыңдалым тапсырмасы:

Әр топқа әннің мәтіні ұсынылады. 1-топқа: 1-шумағы, қайырмасы; 2-топқа: 2-шумағы, қайырмасы; 3-топқа: 3- шумағы, қайырмасы.

1) Өзіңізге тиесілі өлең жолдарын мұқият оқып, қасыңыздағы жұбыңызға екі жетекші сұрақ қойыңыз;

2) Топта бірлее отырып, осы өлең жолдарына талдау жасаңыз;

3) Болашақтағы Түркістан қаласын қалай елестетініңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз.

1) Егемен ертегі елімізБалбұлақ, бау-бақша жерімізТүркістан түрленген, нұрланғанКеліңіз, келіңіз, келіңізҚайырмасы:Бұлбұлы бақтарда сайрағанҚыр гүлі құлпырып жайнағанҰл-қызы шаттығын тойлағанКиелі күмбезді Түркістан2) Бүгінде шуақты ертегіКөріндер куатты өлкеніТарихта таусылмас дастандайЕжелден бізге сыр шертедіҚайырмасы:Бұлбұлы бақтарда сайрағанҚыр гүлі құлпырып жайнағанҰл-қызы шаттығын тойлағанКиелі күмбезді Түркістан3) Түркістан - ән көзі, жыр көзіАлыстан көрінген күмбезіТүркістан - шығыстың шырайыКөгіңнен кетпеген күн көзіҚайырмасы:Бұлбұлы бақтарда сайрағанҚыр гүлі құлпырып жайнағанҰл-қызы шаттығын тойлағанКиелі күмбезді ТүркістанС. Бәйтереков

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

Өзіңізді автор орнына қойып, осы өлеңді басқаша жазып көріңіз.

https://sazalem.com/ru/track/s-baiterekov-turkistan

Сабақтың соңы

6 минут

Кері байланыс: «Мәуелі ағаш әдісі» Бүгінгі сабақтан алған білімдері жайлы ой түйіндеп,кері байланыс береді, стикерді ағаш бұтағына жапсырады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу