Фотоэффект құбылысы. Физика, 9 сынып, дидактикалық материал.


Кітаппен жұмыс№23.5Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығының максимумы 1,45 мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Оның температурасы қандай?(2000 К)№24.1 Фотоэффектінің қызыл шекарасы 500 нм болса, электрондардың натрийден шығу жұмысы қандай?(2,49 эВ)№ 25.3Массасы m=1,66*10-30 кг фотонға сәйкес толқын ұзындығын табыңдар( 1,33 пм)VІ. Деңгейлік тапсырмалар (7 мин)Деңгейлік тапсырмаларА деңгейіКванттың энергиясы 3,96*10-19 Дж болатын жарық сәулесінің толқын ұзындығын анықтаңыз. Планк тұрақтысы Һ = 6,63*10-34 Дж*с. В деңгейіРентген түтікшесі 60 кВ кернеуде жұмыс істейді. Рентген сәулелерін тудыратын электронның жылдамдығын анықтаңыз. Электронның заряды e = 1,6*10-19 Кл, ал оның массасы m = 9,11*10-31 кг.С деңгейіТолқын ұзындығы 0,59*10-6 м бағдаршамның сары сәулесінің фотонының массасын анықтаңыз. Планк тұрақтысы Һ = 6,63*10-34 Дж*сVІІ. Физикалық диктант (7 мин)Шарты: Егер берілген сөйлем дұрыс болса, + белгісі, дұрыс болмаса, – белгісі қойлады.1. Жарық бөлшектері дегеніміз жарық кванттары немесе фотондар2. Жарықтың әсерінен заттардың электрондарды ыршып шығу құбылысын – фотоэфектіні тудыратын кез келген сәулелер (-)3. Жарықтың металл бетінен 1с ішінде ыршытып шығаратын электрондарының мөлшері сол уақыт ішінде жұтылатын жарық энергиясына тура пропорционал.4. Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы жарықтың интенсивтігіне тәуелді. (-)5. Фотоэффект құбылысын 1888ж 26 ақпанда орыс физигі А.Г.Столетов ашты.6. Планк тұрақтысының мәні: 6,63*10-14дж*с (-)7. Эйнштейннің айтуынша энергияның жұтылған порциясы металдан электрондарды ыршытып шығаратын және кинетикалық энергия беретін шығу жұмысын атқаруға жұмсалады.8. Жарық жиілігі болса, онда фотоэффекті байқалады. (-)9. Фотон мипульсі формуласымен анықталады. (-)10. Жарық өзінің таралуы кезінде толқындық қасиеттер байқатады.11. Жарықтың қасиеттері дуализмдік (екі жақтылық) көрсетеді.12. Жарық энергиясы электр тогы энергиясы электр тогы энергиясына түрленіп айнала алмайды.13. Жарықты заттың жұтуы жарықтың химиялық әсеріне тәуелді емес. (-)14. Жарықтың бөгеттерге қысым түсіретінін П.Н.Лебедев байқаған және өлшеген. Бұл қысым өте аз.

http://bilimtime.kz/zharatylystanu/fizika/2714-ashy-saba.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу