Сфералық айналар. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сфералық айналар
Оқу мақсаты: 8.5.1.5 – дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау.
Тапсырмалар:
Тапсырма №1
Нәрсе ойыс айнадан екі еселенген фокустан үлкен (d>) болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
Тапсырма №2
Нәрсе ойыс айнадан F<d< болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
Тапсырма №3
Нәрсе ойыс айнадан d=2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
Тапсырма №4
Нәрсе ойыс айнадан d<F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.
Қосымша тапсырма
1. Сфералық айна деп нені айтады?
A) Параллель түскен жарық сәулелерін қисықтық радиусына жинайтын құрылғы
B) Мөдір сәулелерді сындыратын дене
C) Параллель түскен жарық сәулелерін параллел шағылдыратын құрылғы
D) Параллеьл түскен жарық сәулелерін қисықтық фоксқа жинайтын құрылғы
2. Ойыс айнаның дөңес айнадан айырмашылығы қандай?
A) Қисықтық радиусында.
B) Фокустарында.
C) Айнаның мөлдір беті мен шағылдырғыш орнатылған беттерінің орналасуында.
D) Айырмашылығы жоқ.
3. Қандай айна жазық айна деп аталады?
A) Мөлдір екі беті шағылдырушы бетпен шектелген жарық жинаушы фокусы бар дене
B) Параллел түскен сәулелерді әр түрлі бағытта тарататын дене
С) Мөлдір екі беті шағылдырушы бетпен шектелген қисықтық радиусы шексіз дене.
D) Мөлдір бір беті шағылдырушы бетпен шектелген қисықтық радиусы шексіз дене.
4. Жарық көзінің дәл бейнесін алу үшін F=1 болатын ойыс айнадан қандай d-қашықтыққа жарық көзін қою керек?
5. Зат ойыс айнадан d=0,48м қашықтықта орналасқан. Айна заттың шын және к=4 есе кішірейтілген бейнесін береді. Айнаның R-қисықтық радиусын тап.
6. Ойыс айна дененің к=2 есе үлкейтілген бейнесін береді. Егер дене мен оның бейнесінің арасы а= 18 см болса, онда айнаның қисықтық радиусын тап.
7. Егер нәрсе айнадан 30 см қашықтықта орналасса, онда осы нәрсенің қисықтық радиусы 40 см сфералық дөңес айнадағы кескіні қандай қашықтықта орналасады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру