Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 11.1
VI бөлім: XIX ғасырдағы империялар және олардың бақталастығы.
Сабақ тақырыбы: Қырым соғысының себептері мен салдары қандай болды?
Оқу мақсаты:
7.3.2.2 - XVIII-XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардағы өзгерістерді сипаттау
Тарихи концепт: себеп пен салдар
Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың позитивті психологиялық көңіл күйде болуын қамтамасыз ету маңызды.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Қырым соғысының алғышарттары (қысқамерзімді себебі) туралы баяндап беріңіз.
1850 жылы газеттер православиелік және католиктік шіркеулердің арасындағы Палестинадағы христандар үшін қасиетті объектілеріне қатысты туындаған дау туралы жазды. Иерусалим және Вифлеемдегі ғибадатханалар сол кезде әлсіреген Осман империясының құрамында болған Палестинада орналасты. Француз Республикасының Президенті Луи Наполеон Бонапарттың (Наполеон Бонапарттың жиені) қысымымен Түркия Ресей православие шіркеуінің қасиетті орындарына бақылау жүргізу туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты. Сұлтан бұл мәселені католиктердің пайдасына шешті: ол Вифлеемдік ғибадатханасының кілтін православиелік діни қызметкерлерінен алып, католиктерге тапсыруды бұйырды. Бұл император I Николай (1825-1855 жж.) билік құрған Санкт-Петербургте наразылық туғызды. 1853 жылдың маусым айында Ресей Түркиямен дипломатиялық қарым-қатынасын үзіп, сұлтанға бағынышты Дунай князьдіктерін басып алды. Ресейдің бұл әрекеттеріне жауап ретінде түрік сұлтаны 1853 жылдың 4 қазанында соғыс жариялады. Осылай 1856 жылға дейін созылған Қырым соғысы басталды.
Бірақ христиандік қасиетті объектілеріне қатысты дау соғыс басталуына тек қана түрткі оқиға болды. Сабақта осы қантөгіс соғыстың шынайы мақсаттары мен салдарын зерттейміз.
2. Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Оқушылардың оқу мақсатын түсінгендігіне көз жеткізіңіз.
Оқу мақсаты мен концептісіне негізделген сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талқылап, анықтап алыңыз, мысалы:
- Қырым соғысының себептері мен салдарын анықтау және осы оқиғаға байланысты XIX ғасырдың ортасындағы халықаралық қатынастардың өзгеру сипатын анықтау.
3. Оқулықтағы мәтінмен және картамен жұмыс. Оқушылардан оқулық материалдарымен танысып, жұппен «Қырым соғысына қатысушыларының мақсаттары» атты кестені толтыруды сұраңыз.
Кестені толтыру нұсқасы:
Соғысқа қатысушылар | Қатысушылардың мақсаттары |
Ресей империясы |
|
Осман империясы |
|
Ұлыбритания, Франция, Сардиния корольдігі (Италияның бір бөлігі) |
|
Тапсырманың дескрипторлары:
- оқушы соғыста қатысушылардың кем дегенде 5 дұрыс анықтады;
- оқушы қатысушы елдердің әрқайсысысының соғысқа қатысуының кем дегенде 2 себебін дұрыс анықтайды.
Кестемен жұмыс аяқталғаннан кейін бүкіл сыныппен келесі сұрақты талқылаңыз: Соғыстың осы себептері Палестинадағы қасиетті орындарға қатысты католиктік пен православиелік шіркеулер арасындағы қақтығысымен байланыстыруға болады ма? Бұл империализмнің мәні туралы не білдіреді?
Аргументтерді талдай келе, оқушылар соғысқа қатысушылардың мақсаттары жаулапалушы, әділетсіз сипатқа ие болды және діни мәселелерден өте алыс екені туралы қорытындыға келеді. Бұл соғыстың барлық қатысушылары Таяу Шығыс және Балқан түбегіндегі саяси және экономикалық мүдделерңін жүзеге асыруды көздеді. Бұл әскери конфликт империализмнің мәнін көрсетеді. Капиталистік елдер Еуразияның маңызды стратегиялық аймақтарында өмір сүретін халықтардың мүдделерімен санаспай, тек өз мүдделерін қорғауға тырысты.
4. Топтық жұмыс. Оқушыларды Қырым соғысы туралы картасымен және ақпараттық мәтіндермен қамтамасыз етіңіз. Топтық жұмыс барысында оқушылар соғыстың оқиғалары туралы постерлерді дайындауды ұсыныныз:
1- топ: Соғыстың бірінші кезеңі (1853 жылы қазан айы - 1854 жылы сәуір айы).
2- топ: Соғыстың екінші кезеңі (1854 жылы сәуір айы - 1856 жылы ақпан айы).
3- топ: Севастополь қорғанысының батырлары
4- топ: Соғыстың нәтижелері.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы:
- соғыстың бірінші кезеңінің негізгі оқиғаларын дұрыс айқындайды және оларды қысқаша сипаттайды.
- соғыстың екінші кезеңінің негізгі оқиғаларын дұрыс айқындайды және оларды қысқаша сипаттайды.
- Севастопольдегі батырлық қорғаныс оқиғаларын сипаттайды.
- 1856 жылғы Париж бейбітшік келісімнің шарттарын және соғыстың нәтижесін дұрыс айқындайды және қысқаша сипаттайды.
Оқушылардың жауаптары:
1-топ. Соғыстың бірінші кезеңінде Ресей мен Түркия арасындағы әскери әрекеттер Дунай және Кавказ фронттарында өтті. 1853 жылдың 18 қарашада болған Синоп шайқасы - желкенді флот дәуірінің тарихындағы соңғы шайқасы. Бұл шайқаста вице-адмирал Павел Степанович Нахимов басқарған орыс флоты барлық түрік кемелерінің батырып, нәтижесінде жеңіске жетті.
2-топ. Соғыстың екінші кезеңінде Осман империясының жағында Франция, Англия және Сардиния корольдігі соғысқа кірісті. Одақтастар Қырымға келіп, Севастопольді қоршауға алды. Сонымен қатар, одақтастар Одессаға, Соловецкідегі монастырьге, Аланд аралдарына, Петропавловск-Камчатскиге шабуылдар жасады.
3- топ. Севастополь Ресейдің Қара теңіз флотының негізгі базасы болды. Оның қорғанысы соғыстағы ең ерлікке толы және қайғылы оқиға болды. Қаланы қоршау 11 айға немесе 349 күнге созылды. Қаланың жеңілуі Ресейдің соғыста жеңілгенін анық айқындады. Бұл оқығада бұрын-соңды болмаған ерлік көрсеткендер: адмиралдар В.А. Корнилов, П.С. Нахимов, В.Истомин, инженер Э.И.Тотлебен, хирург Пирогов, матрос Кошка, қайырымды мейірбике Дарья Севастопольская және т.б.
4- топ. 1856 жылы 6 наурызда Парижде бейбітшілік туралы шартқа қол қойылды. Оның шарттары:
- Ресейдің Севастополь қаласы түрік бекінісі Карсқа айырбастырылды,
- Ресейдің Дунай княздігіктеріне протекторатынан бас тартты және Молдоваға Дунай сағасындағы аймақты қайтарды.
- Қара теңіз бейтарап аймақ деп жарияланды, сол себепті Ресей мен Түркия мұнда әскери флотты және жағалауда бекіністер құру құқығынан айырылды.
- Босфор мен Дарданелла бұғаздары Ресей үшін жабық деп жарияланды.
- Бессарабияның Ресейге қатысты бөліктері Молдова князьдігіне ауыстырылды.
- Ресейге Балтық теңізінде және Алланд аралдарында әскери және қорғаныс бекіністерін құруға тыйым салынады.
Жалпы, соғыс Ресейдің әскери-өнеркәсіптік және экономикалық салаларында еуропалық елдермен салыстырғанда артта қалғанын көрсетті. Бұл, өз кезегінде, елде самодержавиелік биліктің, шексіз монархияның сақталуының салдары болды.
Қырым (Шығыс) соғысындағы Ресейдің жеңіліске ұшырауы елдің халықаралық беделін айтарлықтай төмендетті.
Бұл жұмысты аяқтағаннан кейін оқушыларға келесі сұраққа жауап беруді ұсыныңыз: Сендерге соғыстың қай оқиғасы ең маңызды, есте қаларлықтай көрінді? Оқушылар соғыстың сипаты барлық қатысушылар тарапынан әділетсіз болғадығына қарамастан, Севастопольдің қорғаушылары - әскери және азаматтық тұрғындар - өз елінің шынайы патриоттары болғандығын көрсетті. Севастополь қорғаушылардың ерлігі - соғыстағы ең маңызды, есте қаларлық оқиғасы болды.
- Рефлексия. Оқушыларға сабақта өздерінің жұмысын бағалауды және кестенің оң жақ бағанында сәйкестік сөзді көрсетуді ұсыныңыз:
Сабақта мен ... жұмыс істедім | Белсенді. Пассивті |
Мен сабағықтағы өз жұмысым | Көнілімнең шықты, риза болдым. Қанағаттандырмады |
Мен үшін сабақ ... болып көрінді | Қысқа. Ұзақ |
Сабақта мен | Шаршадым. Шаршаған жоқпын |
Менің көңіл-күйім | Жақсы болды. Нашар болды |
Сабақ материалы .... болды | Түсінікті. Түсініксіз Пайдалы. Пайдасыз Қызықты. Жалықтырғыш Жеңіл. Қиын Қызықты. Қызықты емес |
Оқушылар дұрыс сөздерді сөзді белгілеген соң, олардың жауаптарына түсініктемелер беріңіз, кейбір оқушылардан өздерінің таңдауларына дәлелдер келтіруді сұраңыз.
6. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға Қырым соғысына арналған көркем әдебиет туындыларын оқып шығуды ұсыныңыз, мысалы:
- Лев Толстой «Севастополь оқиғалары».
- Сергей Ченнык “Шығыс соғысындағы (1853-1856 жж.) Қырым кампаниясы (1854-1856 жж.)”, 5 бөліктен тұрады.
Сабақтың тақырыбына қатысты қосымша теориялық материалМәтін: “Дарья Севастопольская”
Ол халық арасында қайырымды мейірбике ретінде танымал болды және басқа адамдарға жанқиярлық көмек пен қызмет көрсетуде өз бақытын тапқын тұлға. Оның арнайы білімі болмады, бірақ мейірімді жан, ыстық жүрек серпілісімен танылды.
Қырым соғысы басталған кезде ол он жеті жаста еді. Даша 1836 жылы Севастопольдің маңындағы Сухая Балка ауылында матрос Лаврентий Михайловтың отбасында дүниеге келді. Ол анасынан ерте айырылды, ал 1853 жылы Синоптағы қанды шайқаста әкесі мерт болды. Қыз қираған, жартысы бұзылған үйінде жалғыз қалды. Қиындықтар мен мұқтаждықтар Дашаның жүрегін мейірімсіздендірмеді, керісінше, оның жанашыр жүрегінде басқа адамдарға деген сүйіспеншілігі пен жаңындарға көмектесуге ынтасын оятты.
Жауған оқ астында қалған Севастопольда хаос орнады. Сол кезде Даша шашың кесіп, матростын киімің киіп, өзін аштықтан құтқарып жүрген сиырын арбаға мен атқа алмастырды. Сірке сумен ақ кенеп мата сатып алып, арбасын таңатын бөлмеге айналдырды.
Дашаның арбасы Альманың маңына жөнелді, онда Қырым соғысының ең ауыр Альма шайқасы болып жатты. Бұл «қасірет каретасы» - «ақылынан айырылған жетім» деп аталып кеткен қыздың арбасы шайқас алаңындағы ең алғашқы таңатын бөлмесі болды. Күні бойы, шаршамай, Даша майданға барып, талдау жасамай: оның алдында орыс, француз, ағылшын немесе түрік жарақат алып, ешкімге қажеті жоқ болгандарға барып, оларды госпитальға тасыды. Көптеген жарақаттанған жауынгерлер жалаңаш жерде, қан кетіп, көмексіз жатып қалатын. Ал сол кезде, Даша жараланғандарға, жарқын періште сияқты, соңғы үміт ретінде көмегін берді.
«Сабыр етіңіз, қымбаттым, бәрі жақсы, болады», – осы сөздерімен Даша сарбаздардың жараларын жуып, байлады. Солдаттар жас мейірбикені өте жақсы көрді, сондықтан көбісі қайтыс болар алдында, біреу сағаттын, біреуі оған ақшасын өсиет ретінде берді.
Альмадағы орыс әскерлерінің жеңіліске ұшырағаннан кейін Севастополдың блокадасы басталды. Даша үйдің бірің госпитальға айналдырды. Оған күш-жігерлері жеткенше басқа да әйелдер көмектесті, ал құрал-жабдықтарды, қажетті киім-кешектер, тамақ, көрпелерді қала тұрғындары әкелді. Дашаның атын жарқыншақ өлтірген кезде ол қатты соққы алды, жараланғандарды соғыс алаңынан арқалап алып шығаруға мәжбүр болды. Мұны көрген офицерлердің бірі Дарьяға жаңа ат әкелуге бұйрық берді. Көп ұзамай, басқа да қайырымды мейрбикелермен бірге Даша танымал хирург Николай Иванович Пироговтың басшылығына енді.
Императордың кіші ұлдары Николай мен Михаил Қырымға «орыс армиясының рухын көтеру» үшін келді. Олар әкесіне «Севастопольмен соғысқан кезде жараланғандар мен науқастарға қамқорлық жасайтын Дария есімді қыз ерлік көрсетіп жүр» деп жазған. I Николай Дарьяға Владимир лентасында «Жігерлігі үшін» деген сөздер жазылған алтын медаль және күмістей 500 рубльді беруді бұйырды. Тәртіп бойынша мұндай алтын медаль алу үшін үш күміс медалі бар адамдар ғана ие бола алатын. Алайда Дашаға таң қалған император ол үшін артықшылық жасады және некесін қыйғаннан кейін оған тағы 1000 рубль берілетіне уәде берді.
Дарьяның үлгісіне еріп, басқа да Севастопольдің патриот әйелдері – қаланың қорғаушылардың апалары мен сіңілілері, қыздары жараланғандарға көмек көрсетуге кірісті. Белгілі хирургтың айтуы бойынша, Даша мен басқа мейірбикелері «қаһармандық пен құрбан болудан, ауыр жұмыстан, қандай да болмасын қауіп-қатерден бас тартпай, кез-келген жауынгерге үлгі болды» - деп сипаттаған.
Көп ұзамай астанадан Севастопольге үш отряд мейірбикелер келді. Олардың арасында Екатерина Грибоедова - жазушы мен дипломат Александр Грибоедовтың қарындасы, Екатерина Бакунина - сенатордың қызы, өріс маршал Михаил Иванович Кутузовтың жиені, баронесса Лоде және басқа да атақты отбасылардан шыққандар болды. Олар «ақ когершіндер» деп аталып кеткен ержүрек, ғажайып әйелдер болды. Пироговтың айтуынша, мейірімді жандар Севастополь госпиталінде «төңкеріс» жасады деп жазды. Олар тәртіпті, тазалықты қадағалады, жараланғандардың емделуін және тамақтануын реттеді. 1855 жылдың жазында Даша жауынгер Максим Хворостовқа үйленіп, император уәде еткен күміс 1000 рублді алды.
Соғыс аяқталғаннан кейін Севастополь қираған болатын. Үйлерінен айырылған көптеген тұрғындар қаланы тастап кетті. Өмір сүру үшін Дария Белбек ауылында таверна сатып алды, бірақ ол тавернаның қожайыны бола алмады. Көп ұзамай, ол мүлкін сатып күйеуімен бірге Николаев портынын жанында тұрақтанды.
Күйеуімен айырылысқаннан кейін, Дария Севастопольғе оралды, ол күндерінің соңына дейін өзі туған Корабельный мағында тыныш әрі қарапайым өмір сүрді. Туыстары болмағандықтан, Дарья Лаврентьевна күндерін тыныштық пен жалғыздықта өткізді. Жергілікті тұрғындар оның 1910 жылы қайтыс болғанын еске алатын. Мейірімді әйелдің мейті сақталмаған.
Алғашқы қайырымды мейірбекенің ескерткіші Севастополь қаласындағы 3-ші қалалық аурухананың жанында орналасқан. Даша Севастопольскаяның бейнесі «Пирогов» көркем фильмінде жаңғыртылып, оның рөлін актриса Татьяна Пилецкая сомдады.
(Дереккөзі: https://politikus.ru)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру