Термохимиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ТЕРМОХИМИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2С Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
Бұл сабақта оқцшылар реакцияның жылу эффектісі көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеу деп аталадтынын түсінулері керек. Ол үшін келесідей мысалдарды келтіруге болады: C + O2 = CO2 – Q
N2 + O2 = 2NO +Q
Оқушылар химиялық реакциялардың жылу эффектісінің шамасы бірнеше факторларға тәуелді болатынын талқыласа түсінулері оңайырақ болады:
1. Әрекеттесуші заттардың табиғатына;
2. Температураға;
3. Реагенттердің мөлшеріне;
4. Реагенттер мен алынатын өнімнің агрегаттық күйіне. Әрбір фактордың әсері туралы топтық талқылаулар өткізуге де болады. Осы жағдайда оқушылардың дәйек келтіру және өз ойларын жеткізу, топта бірігіп жұмыс жасау дағдылары дамитын болады.
Одан әрі оқушылар 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері меншікті жану жылуы деп аталатынын білуі керек. Ғылымда белгілі бір стандартты жағдай қабылданған Т +25С (298К) қысым 1 атм. (101,325 кПа) тең жағдай алынатыны айтылады. Химиялық реакцияның жылу эффектісі стандарттық жағдайда химиялық реакция кезінде 1 моль өнім алғанда бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшерімен анықталатыны хабарланады.
Оқушылар сабақты жақсы меңгеру үшін 7-сыныпта өткен «Жану» тақырыбы талқылануы керек. Оқушылар жанудың басталуы үшін затты отынды тұтану температурасына дейін қыздыру керектігін және оттектің үздіксіз келіп тұруы керектігін білулері керек. Сондай ақ оқушылар өрттен сақтану шараларын қайталайды. Ол үшін «оттың үш құраушысын» естеріне түсіреді. Оқушылар жану үдерісін бөлшектер теориясы негізінде түсіндіруді қолға алады.
Сабақтың екінші бөлігінде әрекеттесуші заттардың біреуінің массасы арқылы жылу эффектісін есептеу жолдары қарастырылады. Ол үшін әртүрлі формадағы есептеулерді термохимиялық теңдеулер арқылы түсіндіру түсіндіріледі.
Мысал. Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша:
А) Ca +H2O=Ca(OH)2+67кДж
1 кг кальций оксиді сумен әрекеттескенде қанша жылу бөлінетіндігін есептеңдер.
Шешуі. Mr(CaO)=40+16=56,
M(CaO)=56
56 г CaO әрекеттескенде 67кДж бөлінсе,
1000 г CaO ________________ х кДж бөлінеді; Х= 1196,4 кДж
Ә) Массасы 4 г күкіртті жаққанда 37,1 кДж жылу бөлінді.Күкірт (IV) оксиді түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуін құрыңдар.
Шешуі. 4 г күкірт жанғанда 37,1кДж бөлінсе,
32г_____________ х кДж бөлінеді Х =297 кДж
Жауабы. Күкірт жанып, күкірт (IV) оксиді түзілу реакциясының термохимиялық теңдеуі:
S+O2=SO2+297кДж
Сұрақтар
1. Жылу эффекті дегеніміз не?
2. Экзотермиялық реакция дегеніміз не?
3. Эндотермиялық реакция дегеніміз не?
4. Термохимиялық теңдеу деп нені айтады?
5. Меншікті жану жылуы деген не?
Есептер шығару
- Графиттің көміртек (І\/) оксидіне дейін жануы мынандай термохимиялық теңдеумен сипатталады. C + O2 = CO2 + 393 кДж. Массасы 24 г графит (көмір) жанғанда қанша жылу бөлінеді?
- Күкірт жанғанда 32 г күкірт (І\/) оксиді түзіледі және 146,3 кДж жылу бөлінеді.Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру