Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

 Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 2-сабақ  (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық реакция жылдамдығы
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;
9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• реакцияға жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін қорытындылай алады
• бақылаған өзгерістерді бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алады.

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау, жағымды атмосфера орнату.
« 4 сурет 1 сөз» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын ашу
- Бұл төрт суретті бір-бірімен не байланыстырады?

ж ы л д а м д ы қ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Біз, бүгінгі сабағымызда химиялық реакцияның жылдамдығы және оған әсер ететін факторларды зерттейтін боламыз.
Химиялық реакцияның жылдамдығы деп уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін айтады.

υ=(C2-C1)/(t1-t2)=-∆C/∆t мұндағы,

С – концентрация, моль/л;
t – уақыт, с немессе мин.
υ - жылдамдық, моль/л* с
Оқушыларға күнделікті өмірден жылдамдығын арттыру немесе азайту қажет реакцияларға мысал келтіруді ұсыныңыз.

№ 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы"
Жұмыс барысы:
Оқушыларға әр түрлі реакцияларды көрсету.
1. мыс (II) сульфаты мен калий гидроксиді мыс сульфатының шапшаң көгілдір шөгіндісін береді.
2. натрий тиосульфаты ерітіндісіне тұзды қышқылдың бірнеше тамшысын қосыңыз.
Назар аударыңыз:
Қорғау көзілдірігін киіңіз.

Байқалған құбылысты талдаңыз, оқушыларды реакция жылдамдығын өзгертуді білудің маңыздылығы туралы қорытындыға жеткізіңіз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 937



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?