Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары


«Жолда жүру ережелері » оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары»

8-сынып

р/с

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Жол жүру ережелері (қайталау).

1

2.

қазан

Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары.

1

3.

қараша

Көлік құралдарыныңнөмірлік, тану белгілері мен жазбалары.

1

4.

желтоқсан

Жол-көлік оқиғасыуақытындағыоқушылардың мінез-құлқы.

1

5.

қаңтар

Түрлі жарақаттар алған жағдайда алғашқы медициналық көмек.

1

6.

ақпан

Жол қозғалысының қауіпсіздігі.

1

7.

наурыз

Жол қозғалысына қатысушылардыңқұқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері.

1

8.

сәуір

жаяу жүргіншілерге арналғанжол жүру ережесі.Жол "қақпан".

1

9.

сәуір

Жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыратынжол жағдайларын зерттеу .

1

10.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1

Барлығы:

10

Тәрбие сағатының жоспары

Сынып: 8 Б

Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы

Мұғалімі: Амандос А

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережелері»

Сабақтың мақсаты:

  • Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру..

Құндылықтарды дамыту

  • Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Ортасы

Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп отырады. (әр топта 4 оқушыдан)Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібінЕрежесін білеміз.Сақтанғанда қатерден,Сау - саламат жүреміз.Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.- Балалар, жол деген не?5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.- Тротуар деген не?7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.9 - оқушы: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,Жайбасардың, баяудың.Машинаның жолы – көше ортасы,Соны ұмытып кете көрме, аяулым.- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?Хормен: Жол белгілері- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)деп атайды.Суретпен жұмыс1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.11 - оқушы: Жолақ жолмен көшеденӨтеді кіл жаяулар.Көліктердің бәрініңЖылдамдығы баяулар.«Қалмасын жұрт жолынан!»-Деп жол берер көліктер.Зебраның жонынанАумайды өзі, келіп көр!- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?Оқушылар хормен: БАҒДАРШАМ12 - оқушы: Бағдаршам атыҮш көзі бар батыр.Тоқ болғанмен заты,Өзінде көп ақыл.13 - оқушы: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.Би «Бағдаршам» ( үш қыз бағдаршамның үш көзіне сәйкес күсті дөңгелекшелермен билейді)1 - қыз: Қызыл көзі жанғандаҚалт тоқтай қал табанда.2 - қыз: Сары көзі жанғанда,Сақ, абай бол барынша.3 - қыз: Жасыл жарық жол ашық,Жүре бергін бел асып.Сергіту ойынын ойнайық.Орнымыздан тұрайықБағдаршамның белгісінҚимылмен келтіріп шығайық.( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл дөңгелекті көтергенде орындарыңда жүресіңдер.)- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз. Қазір Нұрдәулет реттеуші болады. Сендер оның қимылын бағдаршамның қандай сигналына сәйкес келетінін алдарыңдағы қызыл, сары, жасыл белгішелерді көтеру арқылы көрсетесіңдер.Нұрдәулет: (ала таяғымен реттеуші қимылын 2 рет көрсетеді)Көрсең жолдың бойынанМАЙ қызметкерлерінШаршау білмес, ей, ұлан,Елеу керек еңбегін.Көз салып ол қырағы,Бос жібермей әр күнін,Қадағалап тұрадыЖолда жүру тәртібін.- Рахмет. Ал, балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар?14 - оқушы: Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.І топ. Ескерту белгілері.1 - оқушы: Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).• жаяу жүргінші өтпесі• балалар• тайғақ жол• жол жөндеу жұмыстары• екі жақты қозғалыс• велосипед жолымен қиылыс• шлагбаумы бар темір жол• шлагбаумы жоқ темір жол2 - оқушы: Басымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.• басты жол• басты жолдың аяқталуы• жол беріңіз• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.ІІ топ. Тыйым салатын белгілер.3 - оқушы: Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).• кіруге тыйым салынады• қозғалысқа тыйым салынады• велосипедпен жүруге тыйым салынады• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады• аялдауға тыйым салынады4 - оқушы: Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.• түзу қозғалыс• оңға қозғалыс• айналма жол• велосипед жолы• жаяу жүргінші жолы• ең төменгі қозғалысты шектеуІІІ топ. Ақпараттық көрсеткіш белгілері.5 - оқушы: Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер• трамвай тоқтайтын жер• біржақты қозғалыстағы жол• тұрақ орны• жаяулар өтпесі• жер асты жаяулар өтпесіІҮ топ. Қызмет көрсету белгілері.Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.• алғашқы медициналық көмек пункті• аурухана• телефон• тамақтану орны• ауыз су• демелыс орны7 - оқушы: Қосымша ақпарат белгілері (табличкалар) - өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.• объектіге дейінгі арақашықтық• ықпал ету аймағы• қолданылу бағыттары- Өте жақсы, балалар. Осы жол белгілерін үнемі естеріңде сақтаңдар. Ал енді мына бір көрініске назар аударыңдар.( теледидардан арнайы түсірілгенвидео көріністі қосамын )Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Тәртіпсіздеу біреуі екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалады. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады.- Осы көрініс жайында не айтасыңдар? / /- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді. Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар.Топтық жұмыс «Қай жерде ойнауға болады? Ал қай жерде ойнауға болмайды?».Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін пайдаланамыз?- / автобус /- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау керекпіз?8 - оқушы: Автобусты аялдамада күтеміз. Тәртіпті сақтау керекпіз. Автобустың артқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түсу керек.( Екі оқушы қысқа көрініс көрсетеді. Автобустың макетінің атқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түседі )9 - оқушы: Есігінен артқы,Көлікке сен мінгін.Дәл осы бір салтты,Құлағыңа ілгін.10 - оқушы: Кезекте сен әлгіАртқы есіктен кіргін.Енді есіктен алғы,Түсеріңді білгін.

презентация,

жол жайында видеолар,

суреттер, нақыл сөздер.

Соңы

Жақсы, балалар. Сендер көшеде жүру ережелері жайлы көп әңгімеледіңдер. Енді сендердің білімдеріңді «Жол белгілерін білесің бе?» деп аталатын лото ойыны арқылы қорытындыламақпын. Сендердің қолдарыңда белгі аты жазылған карталар бар. Сол картаны жол белгілерінің сәйкес суретіне теріс қойып шықсаңдар қызықты суретті көре аласыңдар.( Оқушылар қолдарындағы жол белгісінің атын оқып, сәйкес суретке қондырады. Соңында суретті тамашалайды)- Қандай сөйлем шықты?Хормен оқиды: Жолда жүру ережелерін сақта!Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтіледі.

Тәрбие сағатының жоспары

Сынып: 6 Б

Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы

Мұғалімі: Амандос А

Сабақтың тақырыбы: «Көлік құралдарының қозғалысы»

Сабақтың мақсаты:

а) көлік құралдарының жүрісі, қызметі туралы түсінік беру;                                                   

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

  • б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру

Құндылықтарды дамыту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді көлік құралдарының көшеде жүру тәртібімен  таныстырамын. Өздерің жол-көлік оқиғаларыңа тап болмас үшін зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

  • Интербелсенді тақтада көлік құралдарының жүрісі туралы мәлімет.
  • Әрбір елде автокөліктердің жолдарда,көшелерде жүріп-тұру тәртібін белгілі заң немесе ереже реттеп отырады. Біздің елде де жолда, көшеде қалай жүру керектігі арнайы заңда көрсетілгендей, оң қапталмен жүру тәртібі қабылданған. Олай болса, автомобиль, мотоцикл және велосипед жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер көшелер мен жолдарда оң қапталмен жүруге міндетті.
  • Кейбір алыс шетелдерде, мәселен,Ұлыбритания, Жапония,  Үндістан, Малайзия және тағы басқа елдерде жолдың немесе көшенің  сол қапталымен  жүріп-тұру белгіленген. Соған орай, әрбір елде қабылданған заң талаптары бұзылмауы тиіс.
  • Қалалар мен елді мекендерде, кенттерде жолда жүру ережелеріне сай көлік құралдарының рұқсат етілген жүру жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан, қаладағы тұрғын аймақтарда – 20 шақырымнан аспауға тиіс. Ал сырт жолдарда, оның ішінде үлкен даңғылдарда жеңіл көліктердің және рұқсат етілген ең көп массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүк автокөлктерінің жүру жылдамдығы сағатына 110 шақырымнан, ал басқа жолдарда – 90 шақырымнан аспауы тиіс.
  • Халықаралық және ерекше шағын автобустар мен мотоциклдерге жылдамдықты сағатына 90 шақырымнан асырмау белгіленген.
  • Басқа автобустарға, тіркеме сүйреткен жеңіл автокөліктерге, салмағы 305 тоннадан артық жүк автокөліктеріне даңғыл жолдарда сағатына 90, басқа жолдарда – 70 шақырым жылдамдықпен жүру белгіленген.

ІҮ.Сабақты бекіту                

Интербелсенді тақтада жолда жүру қауіпсіздігі шаралары.

  • Қалаларда немесе қала сыртындағы жолдарда жүргізушілер, әдетте, ауа райына немесе қалалардағы көліктің жиілігіне байланысты жылдамдықты өздері таңдайды. Мәселен, көктайғақ, жауынды күндері, тұманда жүргізушілер жүрістерін еріксіз баяулатып, ақырын жүреді. Мұндайда көлікті дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік болады.
  • Ірі қалалардағы көше бойында көліктердің бірнеше қатар болып жүретіні белгілі. Көп қатарлы жүруді ұйымдастыру – ол көшелердегі «тығындарды» барынша болдырмауға септігін тигізеді.
  • Велосипедпен, мопедпен және ат-арбамен оң қапталмен, жаға жолға жақын жүруге тырысу қажет.
  • Көшедегі машиналардың жүріс қатарлары арасындағы қашықтықты сақтау үшін жүргізуші көліктің екі бүйіріндегі айнаның көмегімен қадағалап отыруы тиіс. Ал тізбектеліп келе жатқан алдыңғы және артқы машина арасындағы қашықтық қатаң сақталуы қажет.
  • Әрбір жүргізуші ара қашықты өзінің жүру жылдамдығына қарай таңдайды, өйткені алдыңғы машина тежеуішті басқан кезде соқтықпайтындай мүмкіндік болуға тиіс. Машина жылдам жүрген сайын ара қашықтық та алыстау болғаны дұрыс.
  • Көшедегі көліктер түрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан алдыңғы машина баяу жүріп бара жатса, оны басып озуға болады. Басып озатын машиналар кейде тұтас сызықты басып, қарсы жолаққа шығып кетуге мәжбүрленеді. Ондайдада басқа жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де өте сақ болғаны жөн.
  • Жол мен көше қашан да көлік құралдарының арнайы жүретін орны болса, жаяу жүргіншілерге – жағажолмен жүру белгіленген. Әрқашан көлік құралдарын өткізіп жіберуге, олардың жүрісіне кедергі жасамауға, көшеден өтерде, белгіленбеген жерден өтпеуге, оқыстан жолға шығуға болмайтындығын есте ұстаған жөн.
  • Жүргізушілер қараңғы мезгілдерде, бұлтты күндері автокөліктердің сыртқы жарық беру құралдарын қосып жүреді. Әрбір автокөліктің алды мен артында жанатын жарық құралдары ( фаралары, олардың кішілеуі мен үлкендеуі) бар екенін білесіңдер. Әрбір автокөліктегі фаралардың жарығы алысқа немесе жақынға түсетіндей жанады. Кей кездері күндіздің өзінде, тұманда, жауын-шашында, тоннельдерден өткенде, басқа көлікті сүйретіп келе жатқанда, жарық беру құралдары пайдаланылады.
  • Елді мекендердің, қалашықтардың көшелері жарықпен қамтамасыз етілген болса, жүргізушілер машиналардың көлемін көресететін жарық құралдарын қосып, жарығы алысқа түсетін фараларын пайдаланбаса да болады немесе жүргізушілер жарығы жақынға түсетін фараларын қосса да жетеді. Жарығы алысқа түсетін фараларды пайдаланатын болса, қарсы келе жатқан жүргізушінің көзін шағылыстырып кедергі жасауы мүмкін. Мұндай жарық жүргізушінің ғана емес, жаяу жүргішінің де көзін шағылыстырады, жол-көлік оқиғасына ұшыратуы мүмкін. Сондықтан жарығы алысқа түсетін фараны тек сырт жолдарда, алыс сапарларға шыққан кезде пайдаланған жөн.
  • Екі машина бір-біріне қарама-қарсы жүріп келе жатқанда, жарығы алысқа түсетін фараларын 150 метрге дейінгі қашықтықта жарығы жақын түсетін күйге алмастыруға міндетті. Велосипедшілер мұндайда жүру қатарын алмастырмай-сақ, тоқтап, автокөлікті өткізіп жіберулері тиіс.
  • Машиналар тұраққа тоқтайтын жағдайда айналасы қараңғы болса, онда көліктің көлемін білдіретін жарық беру құралдарын қосып қойған жөн.
  • Кейде жол үстінде аялдаған машина әрі қарай жүруін тоқтатып, немесе бұзылып қалса, басқаларға ескерту үшін машинаның арт жағынан 25-30 м жерге арнайы апаттық ескерту блгісін немесе жыпылықтағыш қызыл фонарь жағып қоюға міндетті.
  • Барлық мотцикл мен велосипед мінушілер де қараңғы мезгілде алдыңғы және артқы фараларын жағып месе жарық шағылыстырғыш белгі орнатып жүруі тиіс.
  • Жаяу жүргіншілердің де қараңғы мезгілде сақтық шараларын ойластырып, жарық шағылыстырғыш заттарды арқасына тбайлап алуына болады.
  • Реттеуші тік тұрып, таяқшасын жоғары көтерсе, бұл – бағдаршамның сары жарығына сәйкес дайындалу керектігін ескертеді.

. Сабақты қорытындылау    Өмірде ережеде көрсетілгендей, жазып, сызылғандай мүмкіндіктер бола бермейді. Балалардың арасында ойын ойнап жүріп ойламаған жерден кездейсоқтыққа ұшырап қалатын жайлардың болатынын да ұмытпаңдар.

презентация,

жол жайында видеолар,

суреттер, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының жоспары

Сынып: 6 Б

Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы

Мұғалімі: Амандос А

Сабақтың тақырыбы: «Жол-көлік оқиғасы кезінде оқушылардың мінез-құлқы»

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға жол-көлік оқиғасы бола қалған кезінде өздерін ұстай білу ережелерін меңгерту;                                                                                                           

Құндылықтарды дамыту

Оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту; өмірге деген құштарлықтарын арттыру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді жол-көлік оқиғасы кезіне өздерінді ұстай білу ережелерімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңда

презентация,

құқық бұзушылық жайында видеолар,

суреттер, нақыл сөздер.

Ортасы

  • Интербелсенді тақтада оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезіне өздерін ұстай білу ережелері
  • Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың арасында жүргізушілер, жүргіншілер, жолаушылар, жұмысшылар, оқушылар және басқа адамдар болуы мүмкін. Ережелер бойынша жол-көлік оқиғасына тікелей қатысты жүргізушіге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Велосипед мінгендерде жол-көлік оқиғасына қатысты болуы мүмкін. Оған қоса, жүргіншілердің, жолаушылардың, оқушылардың да өздеріне лайықты жауапкершілігі болатынын ұмытпаңдар.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда не істеуіміз керек?

  • Оқиға болған жерден көлікті және оқиғаға қатысты басқа заттарды қозғамау керек.
  • Жарақаттандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету қажет.
  • Шұғыл түрде полиция бөліміне хабарлап, оқиға болған жердегі жағдайды тексеруге атсалысу керек.
  • Көліктердің тежеу жолдарын, іздерін сол қалпында сақтауды ұмытпаған дұрыс
  • Болған оқиғаны көрген адамдардың мекен-жайын, телефон нөмірлерін, аты-жөнін жазып алу да пайдалы болады.
  • Полиция келгенше, көліктің нөмірлерін, модельдерін жазып алып, ал оқиға орнынан қашып кететін жағдайда тиісті мекемелерге хабарлау қажет.

Соңы

Сабақты бекіту

 Интербелсенді тақтаға жол-көлік оқиғасы кезінде жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы дәрігерлік жәрдем қандай болуы тиіс екендігі жазылады.

Тездетіп дәрігерлік «жедел жәрдемге», полицияға немесе жол полициясы қызметкерлеріне хабарлау керек.

  • Мүмкін болғанынша, жарақаттанғандарды қиындықтан құтқару қажет.
  • Адамдардың жарақаттанған жерлерін таңып, қан тоқтату шараларын жасаған жөн.
  • Адамдардың сынған жерлерін қозғалмайтындай күйге келтіру керек.
  • Алғашқы дәрігерлік жәрдемді асықпай, абайлап көрсету қажет.

Сабақты қорытындылау

  • Жол-көлік оқиғасына қатысқандар мен оны көрушілердің өзін-өздері ұстауы.
  • «Жедел жәрдем» шақыру. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету мүмкіндігі.
  • Алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттер тізбегі.

 

Жоғарыда автокөліктің тоқтау жолын құрастыратын факторларға шолу жасадық. Ендеше тоқтау жолы дегеніміз не? Жүргізушінің кедергіні көріп, тежеуішті басқанға дейінгі аралық пен тежеуішті басып, машина тоқтағанға дейінгі арақашықтықтың қосындысы тоқтау жолы деп аталады.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы

  • Жол-көлік оқиғасы болған жағдайды көрдіңдер ме? Сендер қандай әрекет істедіңдер?
  • Дәрігер келгенге дейін қандай алғашқы жәрдем көрсете аласыңдар?

Тәрбие сағатының жоспары

Сынып: 8 Б

Мектеп: Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы

Мұғалімі: Амандос А

Сабақтың тақырыбы: «Жолда қауіпсіздігіне әсер ететін ауа райы жағдайлары»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жолда жүру қауіпсіздігі туралы түсінік беру;

Құндылықтарды дамыту

  • оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Мұғалім: — Енді, балалар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерді жолда жүру қауіпсіздігімен таныстырамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар.

  • Интербелсенді тақтада жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтын кімдер?

Жол полициясы қызметкерлері (аудандық, қалалық, облыстық, және республикалық)

  • Интербелсенді тақтада жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шарттары.

Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты – көліктер мен жүргіншілердің жүріс-тұрысын дұрыс ұйымдастыру және реттеу.

Көшедегі көліктер жүрісіне сырттай бақылау болмаса, жол бойынде ереже талаптары бұзылып, кейде олардың жол апатына ұшырып жататын жағдайлары да кездеседі.

  • Интербелсенді тақтада жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қандай шаралар қолданылады?

Жолда жүру ережелерін бұзған жүргізушілерге Әкімшілік кодексіне сай ескерту, айыппұл,салу, жүргізуші куәлігінен айыру сияқты шаралар қолданылады.

  • Интербелсенді тақтада жол қозғалысы ережелерін мектеп оқушысы бұзса және қандай жағдайларда заң бойынша оқушылардың ата-анасын жауапкершілікке тарта алады?

Жолда жүру ережелерін бұзған мектеп оқушылар болса, онда олардыңтәртібін мектеп жиынында жариялап, тәртіпке шақыруға болады. Ал жолда жүру ережелерін өрескел бұзып, соның салдарынан шығын келсе, ата-аналарыншақырып, шығынды төлейтіндей жаза қолданылады. Ол үшін заң орындарыныңөкілдері қатысып, оқиға орын алған жерде кінәлі екендігін делелдеуі тиіс

презентация,

жол жайында видеолар,

суреттер, нақыл сөздер.

Ортасы

  • Интербелсенді тақтада жолда жүру қауіпсіздігін сақтау үшін жаяу жүргіншіге арналған жадынама
  • Жаяу жүргінші жаяужол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.
  • Елді-мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;
  • Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жолтаңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяужол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;
  • Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;
  • Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;
  • Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;
  • Автобус, троллейбус, трамвай,таксиді тек қана отырғызу алаңын күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяужол немесе жол жиегінде тосқан жөн.

Сабақты қорытындылау

  • Жол қозғалысы қауіпсіздігі не нәрсеге байланысты?
  • Жол қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтын кім?
  • Жол полициясы қызметкерлерінен басқа көшелер мен жолдардағы тәртіпті тағы кім қадағалайды?
  • Жол қозғалысы ережелерін бұзған велосипед жүргізушілері мен жүргіншілерге қандай шаралар қолданылады?

Егер мектеп оқушысы ЖҚЕ бұзса, онда бұл үшін қандай жағдайларда ата-анасын жауапкершілікке тарта алады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу