Төрт мезгіл

Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.

Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты.

— Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен....

Ертегілер
Толық

Көлеңке сатып алған жігіт

Бұрын белгісіз бір ауылда қанағат дегенді білмейтін тойымсыз бай өмір сүріпті. Неге сондай қанағатсыз екені белгісіз, өмірінде басқа адамға бірде-бір рет көмектеспеген  екен. Бай үйінің тура алдында бір ағаш өсіп тұрады. Жаз болса сол талдың түбінде бай өзі көрпеше төсеп, жатып демалғанды ұнататын. Сол ауылда бір ақылды, жаны таза, жас бойдақ жігіт тұрып жатады. Бір күні әлгі бойдақ жігіт сырттағы күріш алқабында жұмыс жасап жүреді. Күн қатты ыстық болған соң, ол әлгі бай үйінің алдындағы талдың көлеңкесіне барып жайғасады. Тал көлеңкесінде ұйықтап жатқан байдың жанына барып, бойдақ жігіт тынығып жатады. Бір кезде демалып жатқан әлгі бай оянып:

— Ей, ақымақ, сен біреудің көлеңкесінде демалып....

Ертегілер
Толық

Ай неге жалаңаш қалды

 Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп...... 

Ертегілер
Толық

Сүйікті ертегі

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру, ертегілердің мазмұнына байланысты иллюстрациялы сурет салуға баулу, өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Ертегілер
Толық

Тапқыр қоян (видео)

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:

— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.

Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе.....
Ертегілер
Толық

Алтын сақа ертегісі + аудио

Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып......

Ертегілер
Толық

Қой мен қасқыр

  Өрісте бір арық қой жалғыз қалыпты. Қалың шілік арасынан шыққан қасқыр жалпақ даланы аралап келе жатып, әлгі қойға тап болады. Қуанып кетіп:
— Ее-е, жерік асым, қайдан жүрсің? Іздеп таба алмаушы едім. Бұйырған асым екенсің, аузыма өзің келіп түсіп тұрсың. Енді асықпай бір тояйын, – дейді.
— Ажалым жетсе, амал бар ма? – дейді қой мұңайып. –Бірақ өзің де мал танығыш едің ғой, қарашы түріме. Аузың толар етім жоқ, тұла бойым шандыр. Мені қайтесің, босат. Қойға барып, қозымды әкеліп берейін....... 

Ертегілер
Толық

Ер төстік ертегісі

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді - келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
- Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы......

Ертегілер
Толық

Қардан жасалған гүл

Анашым, ертегі айтып беріңізші?! Жарайды, айтып беремін. Тек кеш батсын. Не үшін кештің батқанын күтуіміз керек? Білмеймін...ертегіні кешке тыңдаған жақсы сияқты. Жақсы. Онда келістік. Қызым күн батқанша әрең шыдады. Қыстың келте күні әп-сәтте кешке ұласты. Пешке жағылған оттың қызуы үйді жылытып жіберді. Жарықтың сөндірсең, отың ойнаған алауының көлеңкесі керегеде ойнайды. Осындай кезде бала кездегі ата-анамның......
Ертегілер
Толық