Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет.
Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті. Қыздар үшін дос ер балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды. Қыздың бой жетуі, яғни жан – жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне.....
26.08.2014ж. Менің Әлемім әлеуметтік желісінің командасы Қазақстандағы үш миллион пайдаланушы үшін туған тіл болып табылатын қазақ тіліне интерфейсін аударды және бейімдеді. Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін аудитория өсіп келеді. Қазақ тілінің іскери және тұрмыстық, соның ішінде, әлеуметтік желілердегі қатысымдағы рөлі біртіндеп өсіп жатыр. Бұл тенденцияларға мемлекеттік деңгейде де белсенді түрде қолдау көрсетіледі: қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты — мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық өмір салаларында басым ету. Бұл жағдайларда республикадағы ең танымал әлеуметтік желілердің біреуі Менің Әлемімнің командасы қазақ тіліне локализациялауды жүзеге асырды. Енді Қазақстандағы пайдаланушылар Менің Әлемімде....
2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз: - Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз. - Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз - Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз. - Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас.....
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбиенің сәбиді отбасында тәрбиелеумен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Бөбекжай-балабақшалардың бөлмелері балаларға арналған арнайы жиһаздармен жабдықталған әрі кең де жарық. Олардың білікті қызметкерлері балалардың шеберлік қабілетін дамытатын, қоршаған орта туралы түсінік беретін....
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған кенті КММ ЖОББ мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гурленбаева Жумабике Ражабовна
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу
Мазмұны: 1. Кіріспе.................................................................................................................................3 2. Ағылшын халық ертегілеріне жалпы талдау жасау.......................................................4 3. Оқушыларды тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасаудың негізгі әдістері.........6 4. Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын жұмыс әдістері..................10 5. Қорытынды.......................................................................................................................13 6. Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................................14
Кіріспе
Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен. Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу - ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей - өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет. Жас жеткiншектердің алғашқы тәрбиесiне үлкен әсер ететін бұл халық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі. Ертегiлер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және.....