Тілепбергенұлы Қазанғап (1854 - 1927)

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854–1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі — Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар.....
Рефераттар
Толық

Кейкі батыр (1871–1923)

Кейкі батыр (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871–1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын.......
Рефераттар
Толық

Қасымұлы Кенесары хан (1802 - 1847)

Кенесары Қасымұлы (1802–1847) — мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837–1847 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан.

1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың әйелі Қалмақ ханы Қалдан-Сереннің туысы — Хошу мерген ноянның қызы.....
Рефераттар
Толық

Қоңырбайұлы Ағыбай (1802 - 1885)

 Қоңырбайұлы Ағыбай (1802–1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері — Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80–90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы. Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта..... 

Рефераттар
Толық

4 маусым - Рәміздер күні (Ел бейнесі – ел рәміздері)

Жиырма екі жыл бұрын тәуелсіздігін алып, тәй-тәй басқан мемлекетіміздің айрықша белгілері – Ту, Елтаңба, Гимн. Әр нышанда өзіндік өмір – салты, ерекшелігі, мұраты бар. Бұлар тек қана белгілер ғана емес. Бұлар қазақ елінің, қазақ жерінің қасиетті идеясы. Бұл белгілерді көрген адам өз еркіндігін және бірлігін сезінеді.
Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені көрсетуден туатын сыр.....
Шығармалар
Толық