Қалай танымал қыз болуға болады

1 - кеңес

Кемшіліктер мен артықшылықтар
Өзің кемшілігің деп санап жүргендеріңнің кемшілік екеніне сенімдісің бе?
Қарап көрейік.
Кейде ірі, толық қыздар өзінің толық денесінен ұялып жатады. Олар өзін түрлі диеталармен, жаттығулармен зорықтырады. Мұның барлығы сенің толық болу жаман деген пікірге сенімді болуыңнан пайда болады.
Толық болған жаман деп саған кім айтты?
Тек сәнбикелер ғана жұрттың алдында қылдай жіңішке белімен, артық салмағы жоқ сымбатты денесімен жарқ-жұрқ етеді. Ал күнделікті өмірде барлығы бұлайша біртекті емес.

Стильді әрі көңілді томпақ қыздар ең сәнді, ұзын сирақты арық қыздарды жолда қалдыра алады. Сондықтан өзіңе ұнамағанның бәрін кемшілік деп ойлаудан аулақ бол. Асықпасаң уақыт өте келе өзіңді түсініп, бағалауды да үйренесің. Ал әзірге бір-екі кеңесті қабыл ал.

Өзіңнің жетіспейтін тұстарыңды мойында. Бұл сенің табиғи болмысың. Сондықтан өзіңді осы қалпыңда жақсы көруді үйрен.
Өзіңнің кемшіліктеріңді жасырып, артықшылық-тарыңды көрсете білуді үйрен. Үйлесімді шаш үлгісі, макияж, киім, аксессуарлар, өзіңді ортада ұстай білуің мен адамдармен қарым-қатынасың - міне өзін сыйлайтын кез-келген қыз білуге тиісті әйел құпиясының сыры осында.

2 - кеңес

Бастысы өзіңді таныта білу

Кейбір қыздар көпшілік көзіне бірден шалынып, өзіне жұрттың назарын аударып тұрады. Ал сол қыздарға зер салып қарасаңыз олардың басқа қыздардан еш айырмашылығы жоқтығын байқай-сыз. Соған қарамастан олар өзіне бірден назар аудартады.
Мұның себебі неде? Өйткені олар өзін көрсете.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Шымкенттік келіннің шынайы өмірі

Соңғы кездері ОҚО-да келін болу қиын немесе осы өңірде келіндерге деген талап пен сынақ күшті деген сөздер жиі айтылып жүр. Ел арасындағы түрлі болжамдардан кейін STAN.KZ сайтының өңірдегі тілшісі қарапайым бір әулеттің түтінін түтетіп отырған Салтанат келіннің бір күнін түсірген еді.
Жаңалықтар
Толық

Құдай, Алла, Аллаһ Тағала

Құдайға құрмет - елдің салты,
Еліне құрмет - ердің даңқы.

Кірсіз - Ай, мінсіз - Құдай.

Құдайға сенген құстай ұшады,
Адамға сенген мұрттай ұшады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Тойға кеңес: Тойхана, Құдалық, Көрпе-төсек, Ұзату той

Той дегенде көпшілігіміздің құлағымыз елең ете қалады. Тойшыл халықпыз, бір күндік тойымыз кем дегенде бір аптаға созылып кететін кездер де бар. Ақзеренің блогындағы тойға қатысты жазбаны оқып, өзімнің той жайлы білетіндерімді осында жазсам деп едім.

Маслихат (кеңес), басқаларды білмедім, біздің әулетте үлкен жиын боларда міндетті түрде жақын ағайын-туыстарды шақырып....
Кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Қазақ елі

Қай ұлттың болмасын өзіне тән ұлттық тәрбие мектебі болады. Қазақ елінің де ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мол рухани қазынасы бар. Бірақ сол қазынаны қаншалықты иеленіп жүрміз. Барымызды бағалап, жоғымызды түгелдеу мақсатында бүгін ұлтттық тәрбиеміздің кейбір қырларына тағы бір оралуды жөн көрдік.

Бағымызға қарай, ердің құны - жүз жылқы, ары – мың жылқы дейтін текті елге ұрпақ болдық. Ғасырлар бойы әбден сұрыпталған, орныққан өзіндік жол-жоралғымыз бар парасатты жұртпыз. Жаман сөз айтпауды, жаманға ермеуді, жалаңаш жүрмеуді, жағымпаз болмауды, жасқаншақ, жасық болмауды жас ұрпақтың санасына құйып отыратын тәлімді....
Шығармалар
Толық