Ақбоз үйді тіктіріп, Көк жайлауда жатырмын. Шаңырақтан бұлт кіріп, Шабытындай ақынның Оралады жел бауға, Қонады кеп омырауға. Майдың іші. Әлі ешкім ......
Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.
Жалған буын , псевдоартроз (грек. pseudos — жалған, arthron — буын) — бітіспеген сынық орнында немесе организмнің дұрыс қалыптаспауынан пайда болатын сүйектің қалыптан тыс "ойнақшып” қозғалып тұруы. Ж. б-ның іштен туа біткен және жүре пайда болатын түрлері бар. Ана құрсағындағы нәресте сүйегінің дұрыс қалыптаспауынан болатын — іштен туа біткен Ж. б. — жас сәбилерде болады және сирек кездеседі. Жүре пайда болған Ж. б. сүйектің жарақаттануынан (иық, қол, сан сүйектері сынғанда, остеотомия), остеомиелит, мешел, цинга, т.б. аурулардың салдарынан болады. Сынық дұрыс бітпегенде, сынған жердің арасында шеміршек не тыртық пайда болады. Бұл сынықтың бір-бірімен жанасып өсуін (бітісуін) тежеп, соның салдарынан орнына барып түспеген сүйек "ойнақшып”, қозғалып тұрады. Мұндай жағдай болмау үшін сынған сүйекті бір-бірімен дұрыс жанастырып, қозғалмайтындай етіп бекіту керек. Ж. б-ды, негізінен, хирургиялық жолмен емдейді. Кей жағдайда сынған сүйекті металдан не пластмассадан жасалған арнайы пластиналар арқылы жалғап, өз орнына салады. Сынық әбден жазылғаннан кейін, жалғаған заттардың кейбіреуі сүйек тіндерімен бірігіп, бітіп кетеді де, қалғанын дәрігер алып тастайды. Сондай-ақ, Ж. б-ды емдегенде ортопедиялық аппараттар да пайдаланылады......
Жарық (hernіa) — іш қуысында жатқан органдардың немесе олардың бөліктерінің әдеттегі орнынан іш пердесімен бірге тері астына шығуы. Ж. кезінде Ж. қақпасы, Ж. қабы (іш пердесі), Ж. қабаттары пайда болады. Ж. шыққан (орналасқан) жеріне қарай шап Ж-ғы, сан Ж-ғы, кіндік Ж-ғы және кіндік тұсы Ж-ғы, т.б. деп ажыратылады. Ж., көбінесе, жүдегенде, қатты күш түскенде, күшенгенде, әйелдің жүкті кезінде, т.б. пайда болады. Сонымен қатар Ж. туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді. Жас балалар мен орта жастағы адамдарда, көбінесе, ер адамдарда жиі кездеседі. Ішкі органдардың жарақаты асқынып ұзаққа созылса, тыртықтанып бітіп, кейіннен сол жер Ж-қа айналады. Ж-тың салынатын, салынбайтын, қысылған түрлері бар. Салынатын Ж. шыққан тінді қолмен сипап түзеткенде орнына түседі. Егер тін қабаттары бір-бірімен жабысып, бұратылып, түйінге айналса, салынбайтын Ж. деп аталады. .....
Жасанды қоректендіру (Искусственное питание) — адам организміне (жұта алмаған кезде, асқазан ауруларында, ессіз жатқан науқасқа және т.б. жағдайларда) қоректік заттарды енгізу. Асқазанға зонд арқылы сұйық тамақты, бұлшық етке немесе тері астына тамыр арқылы белогы заттарды, қанды, плазманы, витаминдерді, глюкоза ерітінділерін, кейбір минералдық заттарды және т.б. енгізеді.[1]
Жемтүсу — жылқы тұяғының іріңсіз қабынуы. Бұл жылқыда ғана болатын ауру. Екі алдыңғы не екі артқы тұяғына, кейде төрт тұяғына жем түседі. Алдыңғы тұяғы ауырса жүрелеп көсіледі, артқы тұяғы ауырса бүрісіп, аяғын бауырына тартады. Ауру жылқы басын, мойнын көтере алмайды. Тұяғының қызуы көтеріледі. Жемтүсу ұзаққа созылса, тұяқтары бүрісіп қалады. Аурудың негізгі себептері: қатты шауып, алқынып еті қызған жылқыны кенет салқындату, ыстықтай суық суға шомылдыру, құрамында азоты көп (бидай, қара бидай, көк жоңышқа) және шіріген, көгерген, үсіген жемшөп беру. Ауыр жүкпен қиын, таулы жолда ұзақ жүру де бұл ауруды туғызуы мүмкін. Емі: алғашқы 2 — 3 күн тұяқтарын суық суға езілген сазға батырады; ауру аяғын жіліншігінен төмен қарай ысқылайды; іш жүргізетін дәрі-дәрмек береді. [1]