Петропавл қаласы

Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.

Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы.....
Рефераттар
Толық

Ана тілі | Қазына көтерген бала (4 сынып)

Тәрбие сағат тақырыбы: Ә.Жапаров «Қазына көтерген бала»
Тәрбие сағаттың білімділік мақсаты:Оқушыларды Қ.Сәтбаевтың өмірі жайлы әңгімемен таныстыру; Дамытушылық мақсаты: Қ.Сәтбаев есімімен байланысты кен орындарын білгізу,оқушыларды ізденуге, ойлауға жетелеу; көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын, елестету, сезіну қабілетін дамыту;
Тәрбие сағаттың тәрбиелік мақсаты: Туған ел байлықтарын қорғауға үйрету,ұлы адамдар өмірін үлгі ету;
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Тәрбие сағаттың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
Тәрбие сағат көрнекілігі: элекрондық оқулық ,энциклопедиялар, слайд
Тәрбие сағаттар
Толық

Қазақшаңыз қалай?

Ақтөбе қаласы,
«Сымбат» жеке мектебінің
Бастауыш класының мұғалімі
Макуова Нұршат Аманқосқызы


Сценарий тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Сценарий түрі: танымдық ойын
Сценарий мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Дін, иман, құран, ораза, діни

Бар екен бір қақпалы үлкен шаһар,
Өзінің қырық сегіз көшесі бар.
Мұқтажың көңілге алған табылады,
Не керек қандай қажет жұмысың бар?
Мұхтасар кітабы

Құдай берген ақ атан,
Салсам - жүк көтерер,
Жүрсе - ізді,
Панасы - қызды.
Иман мен адам
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қазақша Жұмбақ: Ойын - сауық, Музыкалық аспап

Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.
Домбыра

Ағаш , темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін,
Шырқырап неше түрлі ән салады,
Ішіне толтырып ап барлық жемін.
Гармонь
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Қазақстан 2030 жылы әлемдегі 10 ірі мұнай өндіруші елдің қатарына енбек

Қазақстан 2030 жылға қарай әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге ниетті.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммункациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Болашақта Қазақстан көмірсутегін өндіру көлемін одан әрі арттырады деп күтілуде. Бұл ретте Қазақстан өндірістің шыңына әлі шыға қоймаған аздаған елдердің бірі. Біздің болжауымызша, 2030 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіру деңгейін 110 млн тоннадан асыруы мүмкін, бұл болашақта әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге жол ашады", - деп мәлімдеді Қарабалин.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындары базалық жоба ретінде қарастырылады. Министр атап өткендей, елдің мұнай-газ саласына 60 млрд АҚШ доллары тартылған.

"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына 160 млрд АҚШ долларынан астам қаржы тартылса, оның 60 млрд-қа жуығы мұнай-газ саласына тиесілі", - деп түсіндірді ол.

Тек соңғы 5 жылдың ішінде мұнай-газ саласына 20 млрд долларға жуық қаржы инвестицияланған.

Жаңалықтар
Толық