Бала сүйе алмай жүрген келіншектер "емшілердің" арбауына түсуде

Қазақстанда бала сүю үшін "емшілерге" барып, ем-дом қабылдайтын келіншектердің қарасы көп. Алайда балгердің берген шөптері мен дәрісін ішіп, ана болу бақытынан айырылып жатқандар да аз емес. Ендеше, "емшілердің" арбауына түсіп қалған әйелдер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Жаңалықтар
Толық

EXPO-2017 Астана

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.
2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен.....
Шығармалар
Толық

Амангелді Гауһар | Қайсар мен Ақтөс

Қыстың қатал түні. Ақтөс тағы да аязды, суық түнді дүкен жанында қоқысқа шығарған қораптар арасында өткізіп жатыр. Тұла-бойы мұздап, тоңғаны өз алдына, жарақаттанған аяғы да сыздап ауырып жатыр. Өзі арасында ыңырсып қояды. Көзінен жас ағып тоқтар емес. Иә, ол кәдімгі жас баладай егіліп жылады.

Ол бір кездері бақытты еді. Анасынан туылғаннан бастап, оның жылы, жұмсақ бауырында рахаттанып күй кешті. Өзімен бірге туған бауырларымен күні бойы, ойнап асыр салатын. Туылғанына екі ай өткенде оны бір еңгезердей ер адам қорапқа салып алып кетті. Ақтөс әуелі бұны ойын шығар деп ойлаған. Сөйтсе олай емес екен. Қораптың тербелгені тоқтап, тынышталғандай болды. Бұл құлағын салып тың -тыңдап көріп еді, ешнәрсе естілмеді. Бір уақытта тырсылдаған дауыс естілді де, қораптың беті ашылып ішіне жарық түсті. Көзін ашып, тезірек мына қараңғы қапастан құтылғысы келген Ақтөстің көзі, өзіне мейірімді көзбен үңіліп қарап тұрған балаға түсті. Бұл он жасар Қайсар еді. Әкесі оған күшік сыйлауды бірнеше уақыт бұрын уәде еткен. Бүгінгі туған күніне сол уәдесіне тұрып, сыйлыққа Ақтөсті әкеліпті. Қайсардың қуанышында шек жоқ. Әкесіне ризашылығын бірнеше рет қайталады. Жұмсақ қолдарымен Ақтөсті бауырына қысты, бірден оның төсіндегі ақ түгіне қарап, Ақтөс деп ат қойды.

.....
Әңгімелер
Толық

Қазақ Тәуелсіздігіне 25 жыл


«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысын болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н.Назарбаев).

Талай – талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!

Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. .....
Әңгімелер
Толық

Ахмет Байтұрсыновтың | Маса жинағына талдау

Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.

Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса» — сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «үстінде ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі.

.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Газеттің 85 жылдығына


Ажалдан басқаға ...



Бір күні газет редакторы Рафағат Сыздықов Октябьрдің 40 жылдығы атындағы совхозға іссапарға баратынымды айта келіп: «Қалғанын жауапты хатшы Шакірат Дәулетжанұлы түсіндіреді», – деген. Шәкең өзінің кабинетінде іссапарға барғанда кіммен қалай сөйлесетінімді, кімге қандай сұрақ қоятынымды, ұзақ тәтпіштей түсіндірді. Совхоз кеңсесіндегілер мені шаруашылық орталығында орналасқан бөлімшенің басқарушысы Балықпай Әбілқасовқа жіберген.

Ол кісінің құлағы тосаңдау екен. Кім екенімді, неге келгенімді әрең түсіндірдім. Осы сәтте біз отырған бөлмеге бір топ қыз келіп кірді. Олар осындағы есепші қызбен әңгімелесіп отырды. Солардың бірін Балықбай аға Қатай Есмақаевты шақыруға жіберді. Өзін бөлімше зоотехнигі деп таныстырған Қатай аға: «Мен сіздің сауалдарыңызға жауап беруге әзірмін», –деді жымия күліп. Ол кісі әзір болғанмен сауал қоюға мен әзір болмай шықтым. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Жолда

Таласа-тармаса ішке енген ол билетінде көрсетілген орында жақ жүні үрпиген шүйкедей шал отырғанын көрген сәтте: «Ата, андағы орын менікі»,- деді билетін көрсетіп. Шал болса мұны оқты көзімен өңмеңінен ата қолындағы зерлі таяғын селтең еткізіп: «Құры, су мұрын неме!» –деді зілдене ақырып. Сейіт амалсыздан кері шегінді. Ал бұл кезде іші адамға сықай толған кішкене Пазик ырғала қозғалып, қала көшелерін артқа тастап, тас жолға ілікті. Автобус орындығына жайғасқандардан тік тұрғандардың саны көп болмаса аз емес еді. Сейіт те солардың қатарында. Бұл Сейіттің Павлодар сияқты ірі қалаға алғаш келуі. Алғашқысында он үш жасында: «Ақыры қаланы да көрдім-ау!» – деп масаттанған. Қаланың аты қала ғой. Біздің айнала тау қоршаған құлаққа ұрған танадай бар болғаны бір-екі үш үйлі Қарақуыс емес бұл. Үйлері қандай биік! Сәнді киінген адамдар, әсіресе балалар... Қайда барам десең құстай ұшып алып баратын такси, қаздай тізілген автобустар...Тек сол сәт күн өтпей жатып өзінің осы ойынан айнып шыға келетінін білген жоқ еді. Жоқ...Жоқ... Ол тіптен де тұрақсыз бала емес. Тек әр нәрсеге сын көзімен қарайтыны болмаса. Алғашқы ой ағыны іркілген тұста қалада да қайнап жатқан қызық жоқ екенін, тек жалғыз үйлі ауылдағыдан мұнда ерсілі-қарсылы ағылған әртүрлі маркалы машиналар, ауыл адамдары жиі міне бермейтін таксилері мен автобустар болмаса. Ал бір-бірімен құшақтаса қол алысып, емен-жарқын әңгімелесіп келе жатқан адамдардың жоқтың қасы екен. Ал мұнда жөн сұрап, жол табамын деу ағаттық екен. Мұның: «Ағатай, кітап дүкенін көрсетіп жібермес пе екенсіз?» – деген сауалына көбі йықтарын қиқаң еткізген. Тек бір әйел: «Жүр, айналайын, мен де сонда бара жатыр едім», –деп ертіп апарды. .....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Бір құмалақ

– Баянауыл совхозында саулықтарды қолдан ұрықтандыру ойдағыдай ұйымдастырылған екен. Сен сонда барып, іспен танысып, репортаж жазып кел, – деді бастығым.

–Жарайды, Шәке.

Совхоз кеңсесінде күтіп отырған зоотехникпен ұрықтандыру пункттері орналасқан малды ауылдарға жүріп кеттік. Әне-міне дегенше солардың біріне келіп те қалдық. Түнде қырбық қар жауған еді. Баздан шығып өріске бет алған отар ізі жосылып жатыр. Ал ұрықтандыру пункті базға қарама-қарсы ескі үйдің бір бөлмесіне орналасқан екен. Зоотехник мені солай қарай бастады. Бір ғажабы, пункттің есігінің алдындағы қырбық қар да пунктке кіріп шыққан адамдардың ізінен басқа із жоқ еді.

Ұрықтандырушы мен зоотехник маған жарыса мәлімет беруде. Ұрықтандырушы маған күнделікті ұрықтандырудан өткен саулықтарды тіркейтін журналды ұсынды. Ондағы жазуға қарағанда, сол күні жиырма бес саулық шағылыстан өткен. Бөлме ішіне жіті көз сала тұрып, олардың сөздерінде шикілік көп екенін бірден аңғардым. Өйткені пункт еденіне таяуда төселген тақтайлардың арасы бір-бірінен тым алшақ еді. Кезінде арық-тұрақ мал тұрған болса керек. Содан қалған болар ойып алынбаған кепкен қара қи көрініп жатыр еді.

– Апай, саулықтар осы арада ұрықтандырыла ма? – деп сұрадым шеткері тұрған еден сыпырушыдан.

– Иә, иә, – деді ол. Ұрықтандыру пункті осы екенін көріп түрған жоқсыз ба?

Оның бұл сөзіне ана екеуі қарқылдай күліп мәз болысты. Олардың түрінен қойдың суретін газет-журналдан, телевизордан, кинодан көретін тілші пақырды тұрмастай қып бір тұралаттың-ау жарайсың деген ризашылық аңғарылып тұрды.

– Ал онда еденге төселген тақтайлардың арасында түскен қойдың бір құмалағын алып көрсетіңізші. Әйел қып-қызыл болып төмен қарады.

–Енді, енді... –деп тіл қатпақ болған зоотехниктің сөзін бөліп:

– Сонан соң Морозовтың столигін көрсе алмай тұрмын. Әлде... зоотехник сасқалақтап:

– Соны әкеліп береміз,- деп еді.

– Қашан? Ұрықтандыру біткенде ме? Ол үнсіз қалды.

– Жә, қошқарларды көрсек. Жиырмаға тарта қошқар қора ішінде арнайы бөлінген орында күтілуде екен.Қошқарлар күйлі, тұрған орындары да көңіл көншітерліктей еді.

– Аға, төл төгінің астында қалыңыздар!

– Рахмет, айналдым. Бар сенім бір Аллада, содан соң мына тұрған қошқарларда. Ұрықтандырушының езуіне күлкі үйірілді. –Шындығы осы,- деді ол әлден соң.

– Мендей анаң бар шығар, мына кісі болса дімкес. Шиеттей баламыз бар. Зоотехник күні ілгері келіп: «Осылай деп айтындар»,- деп өтінген соң оның сөзін жерге тастай алмай, сізге өтірік айтып, бізден бір қателік кетті.

– Ұқтым, апай.

Жол бойы оның шиеттей бала-шаға, бір қателік кетті деген үні құлағының түбінде тұрып алғандай еді. Бір қателік... тек бұған оның зәредей қатысы жоқ еді. Өтірік, жалған ақпар, жалған мәлімет кенінен қанат жайып, үлкен қатерге айналып, советтік қоғамның дауасыз дертіне айнала бастаған алып елді ақыры алып ұрар кезенге келіп тірелер күнге бірте-бірте жақындап келе жатқанын өтіріктің өрге басуына сол арқылы жабуды жаба тоқып, жақсы атануға мүдделі идеологтар ел басында отырғанын олар қайдан білсін?..

Алдыңғы үшеуі: «Бір пәледен аман қалдық-ау!» – деп жеңіл күрсінсе, тілші: «Осы жұрт қызық өздері жалған ақпар береді де, артынан газетті өтірік жазады деп кінәлайды»,- деген ойға беріліп, қатты ренжулі еді.

Алда әлі де ұзақ бұралаң жол жалғасып, өмір бір белестен бір белеске жетелеп кете барған...

.....
Әңгімелер
Толық

Сүлеймен Баязитов | Жыл он екі ай

Апасы:

– Құлыным, мынау–

«Жыл он екі-ай» балалардың журналы,

Оқиды оны балдырғандар

Қаладағы, қырдағы.

Ертегілер, әңгімелер мұндағы,

Өлеңдер мен жаңылтпаштар, жұмбағы

Бөбектерге ұнайды,

Қолдан-қолға көшіп жүред ұдайы.

Немересі:

– Суреттер де қызық екен мұндағы,

Ата, апа... бұзау, лақ тұр бәрі.

Апа, маған тез үйретші әріпті,

Журналымды оқығым кеп тұрғаны.

.....
Әңгімелер
Толық