Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (жылқы, ит, ат, қошқар, бұғы, суыр, тасбақа, бақа, есек, кенгуру, түйе)

Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Жылқы

Адамға серік,
Күзетке берік.
Ит

Денесіне қапталған,
Сырты түбіт тоны бар.
Дыбыссыз кіріп шығады,
Бүкірейген жоны бар.
Мысық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Физика, Астрономия | Күн мен Жұлдыз

Ғаламдағы негізгі жарық көздері - жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн-бізге ең жақын жұлдыз. Күн –кәдімгі жұлдыз,сондықтан оны жалпылама зерттеу жұлдыздар табиғатын түсінуге көмектеседі. Ол Күн жүйесіндегі орталық және ең орасан зор дене болып табылады. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000 есе үлкен....
Рефераттар
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Ақша, сауда, есеп, таразы

Бір қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана сексен сегіз қараша үйрек,
Төртеуден бөлініпті бір сегізі,
Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек,
Болған соң бес адамның күзетшісі,
Жайылды көк шалғында кейде өрістеп.
Есепшот

Айнала қарағайдан тұр терегі,
Адамға ақыл қосса бар керегі.
Ол өзі он өзекті жайлап өткен,
Сексен сегіз келеді дөңгелегі.
Есепшот
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Қолөнер (ине, жіп, оймақ, қайшы, түйме, ұршық)

Зырлайды күшік әжемнің
Қолынан сүйек кеміріп,
Күн асқан сайын ақ күшік
Барады мүлде семіріп.
Ұршық

Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені қылдан таяқ,
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде сансыз қабат.
Ұршық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

От, түтін, сіріңке

Басына қара таудың бітер қорған,
Онда жоқ бекітерге айыл-тұрман,
Қасына төрт нөкерін ертіп алып,
Үстіне қайырлы бай мініп тұрған.

Қазан, ошақ


Үш балада бір қармақ.

Мосы

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Ақұштап Бақтыгереева (1944)

Ақұштап Бақтыгереева (1944 жылы 23 тамызда Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақжайықта туған) — қазақтың жайықтың ақ шағаласы атанған ақын қызы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының иегері. Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2017) Құрмет орденінің иегері (2005).
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жер

Әуелі тәңірі жерге береді,
Жерге берсе елге береді,
Елге берсе ерге береді.

"Барар жерің Балкан тау, ол да біздің көрген тау".
Мақал-мәтелдер
Толық