Қасқыр

Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді.

Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні «апа'», текені «жезде» дейді.

Қасқыр қарызын терісімен өтейді.

Қасқыр айдағанға көнбес,
Шошқа байлағанға көнбес.

Мақал-мәтелдер
Толық

Күшік пен мысық

Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:
– Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.
– Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік.
Қасқыр:
– Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:
– Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті.
– Сенің екі көзің шоқтай қызарып....
Ертегілер
Толық

Менің борышым атты эссе

Менiң борышым - ата-анамның сүтiн ақтау, елiмнiң үлкен азаматы болу, халқыма еңбекқылу. Мен борышымды орындау үшiн ақ жолдан айнымай.....

Эсселер
Толық

Менің борышым

Менің борышым халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу. Және де ата-анамның үмітін ақтау,сабақты тек қана беспен оқу. Міне, менің борышым.....

Шығармалар
Толық

Еңбек түбі - береке [жоспар]

Жоспар


1. Кіріспе бөлім
А) Адам еңбегі туралы түсінік;
Ә) Еңбек құқығының қағидалары;

2. Негізгі бөлім:
А) Еңбекті қорғау құқығының түсініктері және қағидалары;
Ә) Еңбек қорғау құқығы туралы;
Б) Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару және бақылау;

3. Қорытынды бөлім:
Күтілетін нәтиже.


Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып.....
Шығармалар
Толық

Туады ерлер, ел үшін

Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай....
Шығармалар
Толық

Күміс той - 25 жылдық той (отау құрғанға 25 жыл)

Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!

Құттықтау, тілектер
Толық

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Ана тілім аруақ қойған ар тілім,
Тіліменен өркен жаяр қарқыным.
Тілім барда атағы да өшпейді,
Қазақ деген қасиетті халқымның.
(С.Ыбырайымқызы)

Жоспар

І Тіл - тіршіліктің бастауы
ІІ Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
1. Көп тіл білсең көкжиегің кең болар
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар
2. Қазақтың ақылы –көзінде
Қасиеті – сөзінде
ІІІ Менің тілім өлмейді- халқым тілі
Қазағымның сөнбейді алтын күні

«Тіл- тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Ана тілін балалар ананың әлдиінен, бесік жырынан, қоршаған ортасынан еліктеу арқылы үйренеді. Есейе келе кітаптан, қоғамнан, халықтан үйреніп, меңгереді. Осылай ана тіліміз ананың ақ сүтіндей бойымызға сіңе береді. Әркім өзінің ана тіліне деген құрметін ешқашан жоғалтпауға тиіс. Өйткені, ана тілі арқылы ғана маңайындағыны саралап.....
Шығармалар
Толық

Жыныстық қатынас кезіндегі тазалық

Көп жағдайларда мамандардың кеңесіне жүгінуге мәжбүр боламыз, тіпті кейбір сәттерде өз бетімізше жасаймыз. Жаңа отау құрған жас отбасына ата — аналары өз кеңестерін беріп жатады, ол кеңестер күнделікті атқарылатын істерге байланысты. Ал жұбайлық өмірде яғни төсек қатынасына байланысты кеңестерді сол саланың.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық