Жаңа жылда Аяз ата болғыңыз келсе...

Кішкентай бүлдіршіндер ғажайып мереке Жаңа жылды жыл бойы күтететіні белгілі. Оның ішінде Жаңа жылдың көркі болған Аяз Атамен кездесіп, ойын ойнап, сыйлық алу нағыз сәбилік шақтың қуанышты сәттері болмақ. Сондықтан балаларға «қоржыннан қуаныш» сыйлау үшін Аяз Ата да «мінсіз» болуы тиіс.

Біздің көптеген туысымыз бен досымыз Жаңа жыл мерекесінде «кәсіби Аяз Аталарды» жалдамай-ақ, өздерінің танысына Аяз Ата болып беруін өтініп жатады. Осындай кезде сіздің бір танысыңыз сізге қолқа салып, балаларының қуанышына ортақ болуды өтінетін болса, сіз қандай әрекет жасайсыз? Аяз Ата болудан.....
Кеңестер
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік - ел бақыты)

Отан! – деген сөзім қандай әдемі!
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі.
Таңдандарды жан-жағымды - бай өлке,
Қарапайым, кең дастархан, әдебі.

Атам қазақ аңсағаны еркіндік,
Сақтау үшін азаттықты бекіндік,
«Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар,
«Татулықтың символымыз » сертім нық.


Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.
Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды.....
Шығармалар
Толық

Ешкі

Есі кеткен ешкі жинар,
Ешкі жинап есін жияр.

Айдағаны - бес ешкі,
Ысқырығы жер жарады.

Түйені жел шайқаса,
Ешкіні көктен ізде.

Әркім тапқанын теке қояды.

Жылқыны бөгелек,
Ешкіні кебенек аздырады.

Мақал-мәтелдер
Толық

Жетімдік

Жетім көрсең, жебей жүр,
Жесір көрсең, демей жүр.

Жетім баланың еншісі - қотыр тай.
Жетім баланың еншісі - жоғалған тай.

Жерде жетім жыласа, әуеде періште тітіркенеді.

Жетім бала өз кіндігінен өседі.

Жетімді желе, жесірді еле.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жоқшылық, кедейлік

Кедейді тер қысса,
Керегесін арқалап тауға шығады.

Жеті кедей жиналғанмен,
Ортасынан бір бай шықпас.

Лашығы жоқ орданы аңсайды,
Желері жоқ жорғаны аңсайды.

Байдың қорасынан,
Жарлының жалғызы жоғалады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қазқаша анекдот: Арсыз әке немесе жастай кеткен жас жігіт

Жас жігіт өзіне қол жұмсауды ойлап, қолына жіп алып, орманға қарай беттепті. Оған бір қария жолығыпты. Бейтаныс жігіттің жүзіне үңілген шал:
— Жүзің жабырқаулы ғой. Не болды? — деп сұрапты. Жігіт:
— Отбасымда ауыр жағдай орын алды. Мен өлуге бел байладым, асылып өлем — дейді. Не жағдай болса да, шешуге болатынын айтқан қария, жігітті сөзге тартып.....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Сақтық

Сақтықта қорлық жоқ.

Сақтансаң сақтаймын деген.

Сақтықты сұңқардан үйрен.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қазақ әдебиеті | Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық