Жүз сомың болғанша Жүз досың болсын,- дегендей. Мен сыныбымдағы оқушылардың бәрін жақсы көрем, шын дос ретінде берілген тапсырмаларды бірге орындаймын. Жалпы......
Уәлі Итенұлы (1798, қазіргі Қызылорда облысы, Құмкөл өңірі - 1881, Қорқытата қорымы) - би. Ресей патшасының қазақ жерін отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдарымен бірге әкесі Итен де балаларын алып, қазіргі Ақтөбе, Қостанай облыстарының жеріне көшкен. Қазір де Қостанай өңірінде «Құлтының қара моласы» деп аталып кеткен жер бар. Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәлі өзіне қарасты ағайындарымен .....
Тоқтаров Төлеген (19.12. 1920, Шығыс Қазақстан облысы ¥лан ауданы Қарақұдық ауылы - 9.2. 1942, Ресей, Мәскеу облысы Бородино ауылы)-2-дүниежүзүлік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері. Қазақ. Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған .....
Шақантай Жауғашарұлы (1706 — 1791) — батыр. 1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Абақ керей ішіндегі Жастабан. 18 ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезеңде қансыраған халқына қалқан, қорған болған. Қазақ-жоңғар соғысында қазақ халқының қас батырлары, бас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ер Жәнібектермен бірге бірнеше шешуші шайқастарға қатысқан.Орта жүз ішінде керей тайпасынан. 14 жасынан жоңғарларға қарсы күреске бастан аяқ қатысқан. Қазақ — жоңғар соғысында Қабанбай, Жәнібек тархан, тағы басқа батырлармен бірге ірілі-ұсақты 34 шайқаста ерлік көрсеткен. 1724 ж. Қабанбай батыр бастаған отыз мың әскер Аягөз өзені бойында .....
Қасым Аманжолов — қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған Қасым Аманжолов (1911-1955) ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағы еді. Өмірден ерте кеткенмен, ол болашақ ұрпаққа мол мұра қалдырды. Бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл күйі мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады.[1] Қасым Аманжолов – қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалары құрайды. Қасым Аманжолов – көркем аударма өнерінің де үздік шебері. Ол орыс, Батыс пен Шығыс поэзиясының классикалық туындыларын: лирикалық өлеңдер мен поэма-дастандарын қазақ тіліне зор шабытпен аударды. Қ.Аманжолов – өзінің батыл ойлы, шыншыл да терең сырлы .....