Туған өлкем Атырау

Туған өлкем - Атырау Көне тарихтың қай бетін ашып қарасаңыз да , халқымыз тыныштық пен татулықты ең бірінші мақсат етіп қойып келген . Бұған халық арасындағы "Бірлік бар жерде тірлік бар" "Ырыс қайда барасың - ынтымақққа барамын" "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген дана сөздер дәлел. Қасиетті де қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата - бабамның мекені.

Эсселер
Толық

Менің туған өлкем

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. .....
Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Мен, Байғанина Аружан, Қазақстан Республикасының жас азаматшасы, туған өлкеме деген үлкен құрметпен, асқақтаған патриоттық сезіммен эссе жазғалы отырмын. Осыған түрткі болған еліміз орналасқан Орта Азияның қайталанбас ұлан-ғайыр, ұшы-қиыры жоқ, гүлі құлпырып өскен, ажарлы, көрікті де бай табиғаты. «Қараңызшы, мына Қазақстан даласы қандай адам айтқысыз әсем және бай. Қанша еркіндік, қанша жер. Айтуға ғана оңай... Мұндағы байлық қанша десеңші!» көптеген ақын-жазушылар өзінің бүкіл ғұмырын осы табиғатпен байланыстырып, бар еңбегін де соған арнаған. Сондықтан Орта Азия табиғатының бүкіл сұлулығын қазақ әдебиетінен де көруге болады. Мысалы, қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліне табиғат лирикасын жазды. Әрқайсысын суреттеп, әр мезгілдің өз ерекшелігін, сұлулығын көрсеткен шебер адам. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әр мезгілінің кескінін аса шеберлікпен суреттегенін көре аласыз. Жаратылыстың ыстық жазын, түсі суық, тұманды күзін немесе бет тістеген аязы мен қарлы боранын өзіңіз көріп тұрғандай боласыз. Менің туған өлкемде Абай жырлаған табиғаттың төрт мезгілі де орын алады.......
Шығармалар
Толық

Туған өлкем – тұнған шежіре

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Ө. Тұрманжанов

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?» – деп Ж.Аймауытов айтқандай, мен осы уақытқа дейін туған өлкемнен алыс кетіп, сағыныш сезімін басымнан кешіріп көрмеппін. Бірақ туған жеріме деген мақтаныш сезімім ерекше. Сол сезімнің жетегіне ере отырып, ұлттық-рухани тамырыма нәр берген туған өлкем Хромтау туралы сыр шертейін.

Біріншіден, жер қойнауы хром мен мысқа, мырыш пен никельге, қоңыр көмір мен басқа да қазба байлықтарға өте бай. Бүгінгі күні еліміз үшін аса маңызды үш ірі өндіріс орны – «Дөң» кен байыту комбинаты, «Восход-Ориел» ЖШС және «Ақтөбе мыс компаниясы» АҚ жұмыс жасайды. Жері ырысты Хромтау – астықты өңір. Егер біздің өңірге жолыңыз түссе, көктемнен күзге дейінгі дала бояуының сан түрге өзгергенін көріп, тұрғылықты халықтың ерен еңбегі мен ырысты несібесінің куәсі боласыз......
Шығармалар
Толық

Өлкеміздің Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесі

Туған жер! Бұл осы өңірде туып-өскен ұрпақтың мәңгі есінде қалар сурет екені даусыз. Туған жердің жұпар ауасы кеудеңді керіп, алыс кетсең сағындырады. Туған жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жерін сүймейтін тіршілік иесі жоқ. Біздің өлкенің жері бай, тарихы терең. Сол тарихта Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев (Новобогат, Қамысқала) ауылының алатын орны ерекше. Оның өткеніне көз жіберіп, арғы шежіреге үңілсек, қалың қыпшақ даласы болған, кейін Ноғай ордасы құрамына кірген қалмақтар жайлап, олар Қытайға көшкенде, отыз жылдай жүгірген аң мен ұшқан құстан өзге жан иесі мекендемеген бос жатқан өңір ойға оралады. Еділ мен Жайық аралығындағы осынау кең далаға қоныстануға 1801 жылы орыс патшасынан рұқсат алған Бөкей сұлтан бес мың шаңырақпен көшіп, Жайық өзенінен өтіп, ат басын осы Қазіргі Хамит Ерғалиев ,бұрынғы Новобогат жеріне тіреген Новобогат ауданы еңбекшілерінің ұйымшылдығы мен тамаша патриоттық бастамалары ел басына қатер төнген Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше көрінді. Фашист басқыншыларының айуандық, жауыздық әрекеттеріне ыза болған новобогаттықтар алғашқы күндері-ақ митингілер-жиналыстар өткізіп, берік топтасып, Отанымыздың күш-қуаты мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін жан аямай еңбек ететіндіктерін білдірді.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы бүкіл елдегі сияқты Новобогат ауданында да қауырт жағдай туғызды. Ер-азаматтар әскери комисариаттың алдында лек-лек болып майданға аттанып жатты.......
Шығармалар
Толық

Балабақша тәрбие сағаты: Менің отаным - туған өлкем

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін дамыту. Өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, карта......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Туған өлкем байлығы мол қазынам (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қоршаған орта.
Сабақ тақырыбы: Туған өлкем байлығы мол қазынам
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
Сабақ мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
- Ақпаратты түсінеді, іріктеп оқиды.
- Жеке эпизодтарға комментарий жазады.
- Мәтін бойынша пікір білдіреді.
Кейбір оқушылар үшін:
- Тыңдарманға әсер ете отырып, көркем сөйлейді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Туған өлкем Қазақстанның табиғаты (2- сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4
Сабақ тақырыбы:Туған өлкем Қазақстанның табиғаты (2- сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.2.1 оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап жазады Көптеген оқушылар: оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап жазады
Кейбір оқушылар: оқыған/аудио/ бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа өздігінен жауап жазады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қалижан Бекқожин (Өлкеме бардым сонырқап)

Өлкеме бардым сонырқап,
Өрінен жыр тыңдадым.
Теңіздей дала толқындап,
Өріске жайған тың дәнін.
Тауыма бардым таңырқап,
Ұқтым сырын тасынан.
Қуатын қырға тау шырқап,
Шамшырақ атқан асылдан.
Асып талай қырқадан,
Асыға кездім ой-шыңын......
Өлеңдер
Толық

Туған жер, отан, Қазақстан туралы шығармалар жинағы

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің.... 

Шығармалар
Толық