Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық)

Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық,
Ақылдың шолғыншысы – ойқұмарлық.
Таза талап талпынып ойды айдаса,
Байқалар көрнеу, таса, жоқ пен барлық.
Азат ақыл ойланбай мида жатса,
Шiрiп, тозып тартқызар ол бiр зарлық. ....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Танакөз)

Ізгілікпен ізеттің байлауында,
Мама қаздар самғайтын қойнауыңда,
Достық атты қазына аралы бар
Сонау Мақсат тауының жайлауында.

Жұрттың бәрі баруға құштар оған,
Құштар бол деп тіпті ешкім қыстамаған,
Өзін мәңгі бақытты санайды екен
Сол аралдан от алып ұшқан адам. ....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап)

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасына алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп......
Өлеңдер
Толық

Махамбет Өтемісұлы (Исатайдың аңдасы Махамбет жыраудың сөзі)


Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Құбыланы төрткүл оңға алмай,
Тебінгіні терге шірітпей,
Терлікті сүттей ірітпей,
Өлеңді төсеп ет жемей,
Ұлы түске ұрынбай,....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Жай сөзді)

Жай сөзді,
Жайдақ сөзді тыңдапты кім?!
Жел сөзге шашылмасын мыңдап пұлың.
Дәулеттен,
Дүниеден гөрі маған
Данадан қалған көне қымбат мұңым.
Көңілде құса барын,
Нала барын
Сендерден жасырмаймын, балаларым. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Өзіңді тану — өзгені тану)

Менің өзім қызық жанмын, қарағым.
Қалай тұрам?
Қашан қайда барамын?
Қалай ішем елдің берген сусынын?
Не сөйледім?
Кімге қалай қарадым?
Неліктен мен бола берем түзге алаң?
Неліктен мен бермей қалдым қызға мән?.....
Өлеңдер
Толық