Балғабек Қыдырбекұлы | Өгіз қара күшім бар


Көшенің бұрылысынан өте бергенімде шап беріп' сол қолымнан біреудің ұстай алғаны. Жаздың күні болғандықтан, басымда ондатр құлақшыным болмағандықтан қорқа қойғаным жоқ. Бірақ қатты тартынып қалдым. Алдымда тұрған жанды құбыжық салдыр-салдыр ете түсті. Сасып қалып:

— Ау, мұның қалай?—деппін.

— Мұным дәп солай. Немене адам көрмеп пе едің?

— Халің қалай, бауырым?—дедім аузыма сөз түспей.

— Қалай болушы еді, алла деп арақ ішіп, құдай деп қуырдақ жеп жүріп жатырмыз.

Не дерімді білмей аңырып қалдым. Жаңағы көрген құбыжығым кәдімгі таныс адам Меншік деген жігіт болып шықты. Жаздың күнінде аяғына екеуі екі пұт шығатын, шұбар табан, бақа бас көн етік киіпті. Шыңырау құдыққа салатын баяғының тозған қауғасындай қолқылдақ екі қонышының ішіне шүберекке орап әлденелерді тығып тастапты. Қоныш бақа жұтқан жыланның тамағындай буылтықтанып кеткен. Үстіне бір кезде Болгарияда шыққанда киім сияқты, бірақ Азияның күні күйдіріп, жаңбыры шайғандықтан өң-түстен түк қалмаған, қазақ аулының тозған қабындай көнтиген камзол. Меншіктің құтын қашырып тұр. Бұл бұл ма, беліне байлаған кішірек бақыраш пен кішкентай балта қозғалса болды, біріне бірі тиіп салдыр-салдыр етеді. Бұның бәрі түк емес. Әсіресе басындағы ет салатын мыс дағарадай қоғадан тоқыған қалпақ ботаға артқандай сегіз қанат үйдің шаңырағын басып қалыпты. Алыстан қарағанда басы жоқ екі аяқ жүріп бара жатқандай. .....
Әңгімелер
Толық

Тұрсынханның үш ұлы

Баяғы заманда Тұрсынхан деген кісінің үш баласы бар екен. Үшеуі де өнерпаз, шешендігімен «Тұрсынханның үш шешені» атаныпты. Тұрсынханның есігінің алдында екпе бәйтерегі бар екен. Сол бәйтеректің ішін ойып, ат басындай алтын тығып қояды. Оны өзінен басқа ешкім білмейді.

Тұрсынхан өлер алдында балаларын шақырып алып:

— Балаларым, енді мен өлемін, сендерге айтатыным, есік алдындағы бәйтеректің түбіне ат басындай алтын тықтым. Сол алтынды қашан қолдарыңнан мал кеткенде, әбден ішерге тамақ, киерге киім, мінерге......
Ертегілер
Толық

Үш таз

Ертеде бір ғарып шал болады. Шалдың жан дегенде жалғыз қызы, мал дегенде бір көк сиыры болады. Шал бір күні көк сиырын өзенге суарып, судың жағасында дем алып отырады. Судың жанында шалдан бұрын келген үш таз отыр екен. Қасына келіп отыра бергенде бір таз «өлтіремін» деп жабыса кетеді. Шал байғұс жалынып: «Көк сиырымды берейін, қоя бер», – дейді. Қоя бермейді. «Қызыңды берсең, қоя беремін», – дейді. Шал байғұс қорыққанынан......
Ертегілер
Толық

Үш қу

Бұрын бір таз, біреуі жалақ, бір көзі ауырған үш адам жолдас болған екен. Әркайсысының кеселі бар, таздың басы қышып, көзі ауырған көзі қышып, жалақтың ерні тырысып, әрқайсысы басымен әлек болып келеді, сонда бұлар ақылдасып, бүйтіп кор болғанша уәде етелік, басты қасымасқа, көзді сипамасқа, ерінді жаламасқа деп ......
Ертегілер
Толық

Өнердің күші

Бұрынғы өткен заманда Хасен деген патшаның жалғыз ұлы болыпты. Баласы Ыдырыс ел аралап жүріп, Сәтбай деген бір диқанның сұлу қызына ғашық болған екен. Қыздың аты Дүрия екен. Бір күні Ыдырыс қыздың әкесіне сөз салып, кісі жіберіпті. Сәтбай:

— Қызым барса да, бармаса да өзі біледі депті.

Сонан соң Ыдырыс Сәтбай қарттың үйіне өзі келіп, Дүрия қызға өзінің ойын айтыпты. Сонда Дүрия:

— Сен болсаң патшаның ұлысың, мен......
Ертегілер
Толық

Биология | Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің аурулары

Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің АФЕ-рі. Бүйрек және зәр шығару мүшелерінің аурулары. Пиелонефрит. Гломерулонефрит.



Зәр шығару жолдарының және бүйрек АФЕ-рі

Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларының негізгі клиникалық белгілері.

Негізгідиагностикалық әдістері.

Осы аурулардыңемдеупринциптері және алдыналуы.

Жас балалардың бүйректері төменірек орналасқан, салмағы үлкен кісінің бүйрегімен салыстырғанда 2 есе ауыр. Бүйрек түбектері мен несепағарларының сергітуі төмен. Бұл ерекшеліктер зәрдің тоқтап қалуына жағдай туғызып қабыну процесстеріне әкеліп соқтырады. Нәрестенің қуығы сәл жоғары орналасқан, оның көлемі жасына байланысты:



ЖТБ-да 50 мл



3 айында 100 мл

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Ішкі мүшелер

Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) — дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асыратын мүшелер жүйелері (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелері) жатады.Ішкі мүшелер (висцеральные органы); (organa viscerales; лат. organ мүше, орган, ағза; visceralis — ішкі) — дене қуыстарында (көкірек, құрсақ, жамбас қуыстары) орналасқан түтік тәрізді және қомақты паренхималы мүшелер. Ішкі мүшелерге организмдегі зат алмасу және көбею .....
Рефераттар
Толық

Биология | Әйел жыныс мүшелері қазақша

ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
ӘЙЕЛДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ ЕКІ БӨЛІККЕ БӨЛІНЕДІ:
1. Ішкі және сыртқы ағзалары
2. Жыныс бездері.

Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс бездері гипофиз бөлетін гормондардың әсерінен белсенді түрде өсе бастайды. Бұл гормондар өз кезегімен жыныс гормондарының бөлінуін қамтамасыз етеді: .....
Рефераттар
Толық

Биология | Иммундық жүйенің шеткі мүшелері

Иммундық жүйенің шеткі мүшелері.

Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады.Бұл мүшелердің тимусқа тәуелді (Т-лимфоцит) және тимусқа тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады.Иммундық жүенің шеткі мүшелер жүйесінің ұйымдастыру негізінде жергілікті қағидалар жатыр:әрбір лимфоидтық мүше дененің белгілі бір бөлігін бақылайды, ол жерден оған лимфа келеді (лимфа түйіндері), немесе қан айдау жолдарында .....
Рефераттар
Толық

Үш батыр

Ертеде құла қасқа атты Құрмерген деген батыр болады. Батырдың жаны қылышында екен. Оның әкесі кедей адам болыпты. Мал дегенде жалғыз биесі бар екен. Бүкіл елінің қарағаны да осы бие көрінеді. Биенің туған құлынын жылда бір дәу көтеріп әкетеді екен. Жалғыз Құрмергеннен басқа ешкім оны іздеп шыққылары келмейді.

Бір күні ол әкесінен бата алып, құлындарды іздеуге шығады. Іздеп күн жүреді, ай жүреді. Жолда құлағын жерге төсеп жатқан кісіні кездестіреді.......
Ертегілер
Толық