Тәуелсіздік - азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтырдың қасиетті қанының өтеуі

Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз қажет
Қазақ халқы

Біз – қазақ ұлты терең тарихы, бай мәдениеті, озық өнері мен шешен де маңызды тілі бар елміз. Арғы тарихымыз біздің дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан басталатын болса, «қазақ» деген атауға ие болып, қазақ мемлекетінің құрылғанына 550 жыл толып отыр. Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла), Кирдің басын алған Томирис ханшайым, түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр, Шыңғыс хан, Абылай, Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз.
Түркі мәдениетінің жауһарлары өз дәуірінде ғана емес ХХІ- ғасырда да әлемдегі ең озық мәдениет екенін тарих дәлелдеп отыр. Египеттің пирамидаларынан Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі, перғауындардың саркафагтарынан қазақ даласының алтын сауыттары кем емес екені әлде қашан дәлелденген. Көшпенділер өнері, шумерлік мәдениет әлемді мойындатқалы қашан.
Ғылыми зерттеулер бойынша қазақ тілінің түп атасы-түркілердің сына жазуы славян-кирилл жазуынан 15 ғасыр, грузин және армян жазуынан 10 ғасыр бұрын пайда болған. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды иеленеді. Қазақ ұлты тарихта тағдыр талайын аз көрмеген халық. Жер шарының жартысын табанының астына салған дүбірлі дәуірімен бірге халқының үштен екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың 24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін, ұлттық болмысын ғана емес мемлекеттігі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар да жауынгер, кемел де кемеңгер халық......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік - ұлттық өрлеудің ұлы күші

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен,
беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз
Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі геосаяси кеңістікте танылып, дүниежүзінің саяси картасынан егемен мемлекет ретінде нық орын алды. Қазіргі кезде Қазақстан егеменді ел,тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің көптеген елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарын жүзеге асыруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік туралы жарлығы жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады. Халықтың өніп-өскен топырағы Отанды қорғау қашанда ең ардақты іс болып саналған. адамның азаматтылығы, рух биіктігінің деңгейі ата-бабасынан қалған асыл мұрасы-Атамекенін, ұлттық келбеті -ана тілін, салт-дәстүрін,өнерін қастерлеумен,осынау ұлттық игіліктердің бөгденің табанына тапталып жойылмауын қамтамасыз ететін мемлекеттік тәуелсіздікті қорғаудағы еңбегіне қарай бағаланбақ. Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп,ой елегінен өткізсек, атабабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. Тәуелсіздіктің ең басты жемісі-еркіндік. Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз. Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт - ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз! Атабабамыз аңсаған азаттық таң, армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк байрағымыз көкте желбіреді. .....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн

«Тәуелсіздік», «егемендік», «бостандық» деген сөздердің құдіреті мен қасиетін басында еркіндігі жоқ халық жақсы сезінеді. Негізі біз, қазақ, далада еркін жүрген, азат қалыпқа бейімделген халықпыз ғой. Сол себепті біреуге тәуелді болғымыз келмейді. Дегенмен тарих бар, соғыс бар, шапқыншылық бар, жеңіс бар...
Біздің халқымыз да қаншама нәубат, шапқыншылықты басынан өткізді. Ата-бабаларымыз бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Міне, тәуелсіздік оңай сыйға беріле салған нәрсе емес екен. Қаншама қантөгіс, қаншама адам өмірі қиылып келген дүние екен. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл тәуелсіздіктің қалай келгенін өте жақсы білемін. Ал қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Еліміздің Тәуелсіздігі - ең алдымен еліміздың бақыты. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Мен Қазақстанды 25 жастағы азаматқа ұқсатамын. «Жиырма бес» деген нағыз күш-қайратқа толған жас, оңды-солды танып, ерінбей әрекет ететін кезең. Жиырма бестегі азамат алдынан кездескен қаншама қиыншылықтарды, бірталай сынақтарды тау қопарғандай қопарып тастайды емес пе?! Міне, Қазақстан да жиырма бестегі азамат сияқты алдынан кездесетін талай-талай тосқауылдарды қопарып тастайтыны анық, алда қаншама жетістіктерге қол жеткізетіні де анық. Дегенмен қаз тұрып қадам басқан Тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, ұлан-асыр даму көшінің алдына шықты. Алпауыт елдер қатарындағы АЛЫП мемлекет екендігін әлем жұртшылығына мойындатты......
Шығармалар
Толық

Сәби балалар үшін жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алатаудың көркі—
Төсінен аққан бұлағы.
Ағын судың сымбаты—
Жайқалып шыққан құрағы.
Оркиіктің көркі—
Ойнақтаған лағы.
Сұңқарды сұлу көрсеткен—
Қанатының қияғы.
Тұлпар жүйрік болмағы,
Құрыштай құйма тұяғы.
Қолында перзент болмаса,
Жігіттің болмас сияғы.
Бала деген—адамның
Қойнынан жанған шырағы.
Баласы жоқ пәнденің
Саңырау болар құлағы.....
Өлеңдер
Толық

Үш бидің жер бөлуі (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қазақта үш би бопты ел қалаған,
Аузына не айтар деп жұрт қараған.
Әз Төле, Қаз дауысты Қазыбек би,
Әйтеке – үшеуінен сөз тараған.
Үшеуі ақылдасып жер бөледі,
Үлкен деп Ұлы жүзге жол береді.
«Әз Төле, қалау сізге берілді» – деп
Әйтеке, Қазыбек би тең келеді.
Төле би таңдап апты Алатауды,....
Өлеңдер
Толық

Абайкөк (үшінші нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қараойда ма аулың, Бозталда ма, Абайкөк,
Қарай-қарай артыңа көз талды ма, Абайкөк.
Әй-ау десем, артыңа қарамайсың, Абайкөк.
Шыныменен көңілің бек қалды ма, Абайкөк.

Есік алды монша сай,
Басына бұлбұл қонсашы-ай.
Күнде жиын, күнде той,
Заман сондай болсашы-ай.....
Өлеңдер
Толық

Болашақ ұрпақтың баянды ертеңі үшін

Ерте ғасырларда жужандар мемлекетінің елшілер ғұндарды Мөңке қаған билеп тұрған сәтте қонаққа келіп, басынсыған түрмен, қағанның астындағы атын сұрапты. Бұған би-сұлтандар дау-дамай көтергенімен, қаған көніпті, келесі де сұлу жарын сұрапты, бұл бұйымтайларына да көніпті. Ендігі де елінде бос жатқан жерді сұрағанда, би-сұлтандар керек емес жерді берейік деп ұйғарғанда, Мөңке қаған атылып тұрып, «Ата-бабам жанын салып қорғаған, халқым мен оның ұрпағы мекендейтін ата-қоныс ешнәрсеге тең келмейді. Олардың жерімді сұрағаны қай сасқаны» деген ашумен, бірнеше күнде сол мемлекетті жаулап алған көрінеді. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс — жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат,- дейді дана халқымыз. Әйтсе де өзгенің жеріне ортақтасып, билік жүргізуге құмартқандар тарихымызда көптеп кездеседі. Ежелгі Македонияның патшасы Ескендір Зұлқарнайын да осындай нысананы көздей отыра, әлемге бастаған жорығы сәтсіз болып, көптеген шығынға ұшыраған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс отының тұтануына себепкер болған тағы да Наполеонның әлемді билегісі келген арманы талай адамның қаны мен терін төкті. Мұндай дүниеқоңыздық талай мәселенің түйткіліне айналмақ. Жерге деген ашкөздік көптің сағын сындырып, қара халықтың басына талай нәубетті тарттырады......
Шығармалар
Толық

Халел Досмұхамедовтың халқы үшін жасаған қызметі нені көздеді? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Халел Досмұхамедовтың халқы үшін жасаған қызметі нені көздеді?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады;
Бір немесе бірнеше деректерге сүйене отырып, өзінің ой-пікірін білдіреді.
Сабақтың мақсаты: Атырау өңірінен шыққан қоғам қайраткері, ұлт зиялысы, алаш азаматы, дарынды ғалым, тұңғыш дәрігер маманы, өлкетанушы Халел Досмұхамедовты танып білу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 – қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6.3.2.6 – қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының аумағын қалыптастырудағы және дипломатиялық қатынастар орнатудағы Қасым ханның ролін талдайды.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық