Экономика | Фирманың қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі

Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір енбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені фирмаларда ең білікті мамандар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Фирмаларда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес-жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Нарықтық экономика жағдайында фирма шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, фирма тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Фирманы үйымдастыру

КІРІСПЕ
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше косіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым-ды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады олардың маңыздысына меншіктің формалары жэне фирманың көлемі жатады. Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіигі (шағын), орташа жэне ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын кұрайды. Бунда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise -жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture-бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдық-құқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ коммерпиялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені косіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді. Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Фирманы басқарудың ақпараттық жүйесі

Кіріспе
XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі- ақпаратты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы - компьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудағы жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды. Жүйелер теориясын ақпарат жүйелерін зерттеуде қолдану – обьектілерді басқару мен реттеу барысын үлгілеуде аса қажетті өзара әсерлесетін еркін құрылымдағы агрегаттар жүйесі ретінде қарастыратын, күрделі жүйелерді үлгілеуді ұйымдастыру әдісін ұсынды.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 10 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр[1].....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Фирманы басқару жүйесіндегі маркетинг негіздері

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Фирманы басқару жүйесіндегі маркетинг негіздері».
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты: маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мәні және мазмұны, Қазақстандағы маркетингтің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері.Сонымен бірге, Қазақстан кәсіпорындарындағы маркетингті ұйымдастыру және Қазақстандағы маркетингтің даму тенденциясы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг фирманың рыноктық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бернесі ретінде қаралады. Осы жағдайда байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеумен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы өнім шығарушы фирманың ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, фирманың маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнімді өткізу мен жарнамалауды ынталандыру, ауарларды өткізу тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаруалар жатады.
Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін-бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан-жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынуының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушы байланыстыру және олардың бірін-бірі табуға жәрдем беру – кез-келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың шарттары мен қызметі рыноктың шарттары мен талаптарына толық бағынышты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ұлыбритания мен Қазақстанның білім беру жүйесіне салыстырмалы талдау

Кіріспе бөлім
Зерттеу жұмысының мақсаты. Дамыған алып 7 елдердің бірі, тарихы бай парламентарлы монархия елі Британия корольдігі мен дамыған 30 елдің қатарына кіруді өзіне мақсат еткен Қазақстанның білім беру жүйелерін салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын белгілей отырып, отандық білім беру реформамыздың бағытын бағалау.
Зерттеу жұмысының міндеті.Ұлыбритания мен Қазақстанның Халықаралық стандартқа сай білім беру сапасын көрсету. Екі елдің қазіргі таңғы білім беру жүйесі мен тәрбиесін анықтап, әр деңгей бойынша өзіндік талдау жасау.
Зерттеу нысаны.Ұлыбритания мен Қазақстандағы білім беру жүйесі. Зерттеудің мазмұны. Менің алып отырған жұмысымды тарихы мол алып, әлі де өз статусын жоғалтпаған, Тұманды Альбионда орналасқан кәрі құрлық өкілі Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен аз да болса, көптеген жемісті нәтижелерге қол жеткізген дамушы Қазақстанның білім беру деңгейін салыстыруға арнадым. Әрине, егемендігін алғанына енді ғана 24 жыл болған Қазақстанның білім беру жүйесін тәжірибесі мол Ұлыбританияның білім беру жүйесімен салыстыру жас бала мен сақалды атамен салыстырғандай көрінеті белгілі. Дегенменде, менің пікірімше, жас дамушы ел болғандықтан, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін басқа елмен салыстыра отырып,өзіміздің реформамызды жаңартып, жаңғыртқанның еш зияны жоқ. “Үйрен де, жирен” демекші өзімізге, экономикамыз бен әлеуметімізге, қоғамызға сай бірнеше пайдалы жақтарын қарастырсақ артық болмас.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Ұлттық банк жүйесі

Кіріспе.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғарғы дәрежесіне жетті.....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | ҰЙЫМНЫҢ МАРКЕТИНГТІК АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН НЕГІЗДЕУ

КІРІСПЕ
Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1].
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс [3]. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда.....
Курстық жұмыстар
Толық

Іс жүргізу | Ұйымдағы құжат және құжат жүйесінің мәні.

Кіріспе
Қазақстан республикасында тәжірибемен тұжырымдалған жасалатын және қолданылатын құжаттарға деген жауапкершілікті шектейтін бірыңғай заңды орган жоқ. Бұл жауапкершілік атқаратын қызыметтеріне байланысты бірқатар мемлекеттік басқару және билік органдарына үйлестірілген. Ал арнайы осы органдарды құжаттандыру жүйесіне келетін болсақ, ол әрбір саланың министрліктері мен ведомстволарына жүктелген. Бұл министрліктер мен ведомстволар басқа да салаларды қамтитын нормативтік құжаттарды қабылдауы мүмкін. Кез келген ұйым немесе мекемеде және басқада да олардың құрылымдық бөлімшелерінде құжаттандыруды атқару үшін Республикада енгізілген нормативтік құқықтық актілер ескеріледі. Себебі құжаттандыруды және іс жүргізуді айналасын арнайы қабылданған, заңмен бекітілген нормативтік құқықтық актілерге байланысты атқарған жөн. Жалпы құжаттандыру дегеніміз басқару саласындағы қызметтерінің құжатталуы бойынша мәселелерді реттеуші. Құжаттану қолжазба немесе арнайы тасымалдаушыға түсірілген ақпараттар мен қамтамасыз ету болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Үйсіндердің этникасы

Кіріспе
Б.з.б І-ғасырдың аяғында Қазақстан даласында сақ тайпаларын ығыстырған жаңа тайпалық одақ пайда болды. Олар: үйсіндер қаңлылар. Мал шаруашылығы үйсін тайпаларының өмірінде маңызды рөл атқарды. Олар әсіресе жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлді .үйсіндердің мекен еткен ортасы – Іле даласы мен Жетісу жері. Үйсін билеушісінің титулы гуньмо (күнбегі). Үйсін тайпаларында жерге жеке меншік болды. Жеке меншік болғандығының белгісі олар өздеріне тиісті заттарға жолдарға таңба салған. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздік археологиялық олжалардан айқын көрінеді.
Үйсіндерде қайтыс болған адамның қолы қапталына созылып басы батысқа қаратып жатқызылған.
Олардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Тайпа адамдары жаратушы күшке сеніп оларға арнап құрбандықтар шалған. Үйсіндер Қытаймен дипломатиялық және туысқандық қарым-қатынаста болған.
Қаңлы ғұндармен жайылым сауда жолы үшін соғысқан. үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тапаларының бірі бүгінде ұлы жүз құрамындағы ру.
І-тарау Үйсіндердің этникасы.
1.1. Үйсіндердің шығу тегі.
Үйсін ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген. Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.....
Курстық жұмыстар
Толық