Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып.....
Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше. Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады. Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың клмат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.....
Қара және шабындық қара топырақтары мен ала кебірлі кешендері 191 млн га жерді немесе ТМД аумағының 8,6 процентін алып жатыр. Қара топырақ Молдава мен Байкалдан арғы аралықтары орманды дала және дала аймақтарында тараған. Таралу алаптары Молдава, Украйна, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан. Аймақтың климаты негізінен жазы жылы және қысы суық (шығысынан ызғарлы ), Болып келеді. Баты-Шығыс бағытта жылу мен жауын-шашын мөлшері азайып, климат ызғарлылығы артады. Орманды дала климаты, дала аймағына қарағанда, жұмсақтау және ызғарлыылғы шамалы. Мұнда шілде мен ақпан айларының орташа температурасы батыстан шығысқа сәкес ішінде 240 С-дан 200С-ға және -40 С-дан 270 С-ға дейін төмендейді. Температурасы 100 С-дан жоғарғы күндер саны орманды-даланың батысында 150-180, шығысында 90-120-ға дейін азайатын болса, дала аймағына сәйкес 140-180 және 97-140 күнге тең.
Атмосфера түсім мөшері 500-600 ьь-ден (Кавказ алды) 300-350 мм-ге дейін (Батыс Сібір мен Солтүстіктен Оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шаашынның едәуір мөлшері (30-40 еуропалық, 50 проц. азиялық бөлігінде) жаз айларында түседі. Бедері тұрғысынан Еуропа бөлегі әр тереңдіктегі және қашықтықтағы өзен аңғарларымен бөлшектенген тегістіктер немесе сәл толқынды жазықтықтықтарға жатады. Су айрықтықтарында түрлі ойпаңдар кездеседі. Тек Волын-Подол мен Орталық орыс тегістіктері, Днепр маңы мен Еділ қыраттары, Донецк адырлар қырқасы, Жалпы Сырт жыралы сайлармен жиі бөлшектенген. Аймақтың Азия бөлігі –сәл бөлшенген тегістік Батыс Сібір ойпатымен жалғасады, оның көтеріңкі оңтүстік бөлегі Орталық Қазақстан қыратының солтүстігімен шекералас жатыр. Одан әрі шығысқа қарай дала жазықтығы Алтай тауының етегін, Минусин қазан шұңқырын және Шығыс Саян етегіндегі төбелі жазықтықтарды қамтиды. Байкалдан әрі шығыста үздік-үздік тектоникалық депрессиялар кездеседі.....
Тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі (ТӘҚ) адамзат әрекетшілік саласының бірі болып табылады; бұл көп жақты ұғымға саяси, әскери, заңдық, әлеуметтік, медициналық, ақпараттық, қаржы, ғылыми, халықаралық және тағы басқа аспектілер кіреді. Мемлекеттің міндеті, оның функциясы ретінде қарағанда, тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізу обьектілерді төтенше жағдайлардан, олардан туындаған зардаптардан қорғау жөнінде мемлекет саясатын жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады. Практикалық мағынада ТӘҚ алдын ала ТЖ-дың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, халықты дайындау және жаппай оқытуға, ал ТЖ кезінде адамдарды қорғауға, залал мен материалдық шығынды кемітуге, сондай-ақ, ТЖ-ды шектен шығармауға, түбінде салдарын жоюға бағытталған, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген шаралардың үйлесімді жиынтығы деп жобалап түсінуге болады. Ал енді төтенше жағдайларға біраз тоқталып өтсек. Төтенше жағдайлар деп табиғи ортаға, адамдардың өмір сүруіне, экономиаға, әлеуметтік өрісіне айтарлықтай кері әсерін тигізетін және қалыпты жағдайдан тез арада ажырататын құбылыстарды айтады. Олар әдетте ғимараттардың қирауына, адамдардың өліміне, құралдар мен материалдық құндылықтардың жойылуына және биоөрісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан осындай оқиғалар (олардың салдарын жою үшін) шұғыл шараларды өткізуді, сондай-ақ құтқару, кезекті күттірмейтін авариялық – қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Төтенше жағдайлар үш ортада пайда болады: өндірісте (техногендік), табиғатта және экологиялық ортада, сонымен бірге болуы мүмкін қарқынмен (көлемділігімен) сипатталады да, жеке (бір кәсіпорынның жекелеген жүйесінде), обьектілік, жергілікті, аймақтық және глобальды болып бөлінеді, сонымен авария (сәтсіздік) немесе апат (катастрофа) деп аталады. Ал енді табиғи сипатта болатын төтенше жағдайлар туралы айтып кететін болсақ. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың көбеюі байқалды. Жанар таулардың әрекеттері өсті, әсіресе жер сілкіністер тым көбейіп кетті, ал топан су басу мен қатты даулдар мен тайфундар әдетке айналған сияқты. Бұл тенденция ескерусіз қалмады, бірақ қауіп мүмкіншілігі биік болған аймақтарда бәрібір көп қабатты үй құрылыстарын, зияны зор өндіріс кәсіпорындарын соғу әлі де жалғасуда. Осы факторлар қауіпті аймақтарда адамдардың шоғырлануына септігін тигізіп, тұрғындардың өміріне қатер төндіруде, стихиялық апаттардың көптеген катастрофалық зардаптарын туғызуда. Қауіпті табиғи құбылыстарды себебіне және сипатына қарай жалпы былай жіктеуге болады: - геологиялық құбылыстар – жер сілкіністер, жанартаулар атқылауы, жер және қар көшкіндері, селдер; - метеорологиялық құбылыстар – дауылдар, боранда, құйындар; - гидрологиялық құбылыстар – топан су басуы, цунами, өзендегі мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкепек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі; - табиғи өрттер – орман, дала, шым тезе өрттері; - жаппай көпшілік аурулар – эпидемиялар, эпизоотиялар, эпифитотиялар, жалпы жұқпал аурулардың кең таралуы.....
Елдің бәсекелестік қабілеті, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігі технологиялық бәсекелеске қабілетімен ұлттық инновациялық мүмкіндіктеріне байланысты. Технологиялық бәсекеге қабілеті екі аспектке тәуелді: біріншісі, технологиялық инновациялармен трансферт болса, екіншісі, түрлі қатынастарда технологияларды қолдану. Бірақ, бүгінгі күнде инновацияны зерттеу, меңгерумен кәсіпорындардың 10%-ы ғана айналысады.Мұның басты себебі-мамандар аздығы. Инновация нарыққа ену үшін инновациялық жобалардың тиімділігін арттыру әдістерін жақсы меңгерген білімді мамандар қажет. Дәл осы себеппен «Инновациялық менеджмент» курсы жас мамандарды дайындау бағдарламасына әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуымен басқарылуы, функциялануының қажеттілігі туралы түсінікті калыптастыру үшін және инновациялық басқару саласындағы білім беруге шақыратын ең маңызыды әрі арнайы үйымдастырылған курс ретінде енгізілген. Ол басқару теориясының, менеджменттің басты жағдайларының бөлщегі әрі жалғасы болып табылады. Ол басқару шешімдерін жасауды, инвестициялық, өндірістік менеджмент сияқты басқа да салаларымен және басқару кезеңдерінің тәртібімен байланысты. ....
I Кіріспе: а) толқындық құбылыстар. Толқындық процестер табиғатта өте кең таралған. Толғындық қозғалысты тудыратын физикалық себептер түрліше болады. Бірақ тербелістер тәрізді толқындардың барлық түрі де сандық мәністе бірдей не бірдей дерлік заңдармен сипатталады. Егер түрліше толқындық құбылыстарды бір-бірімен салыстырып отырса, онда түсінуге қиын деген мәселелердің өзі айқындала түседі. Толқын дегеніміз не? Толқын деп уақыт бойынша кеністікте таралатын тербелістерді айтады. Ауада, қаттыденелерде және ұйық ішінде механикалық толқындар серпінділік күштері арқасында пайда болады. Осы күштер дененің жеке бөліктерінің арасын байланыстырып тұрады. Су бетіндегі толқындардың пайда болуында ауырлық күші мен реттік керілу күшінің ролі бар. Толқындық қозғалыстың ең басты ерекшеліктерін нағыз көрнекті түрде су бетіндегі толқындардын көруге болады. Толқындар дөнгелек жалдар түрінде ілгері жөңкіп бара жатқандай. Сонда жалдардың немесе өркештердің аралары бірдей дерлік болады. Дегенмен, егер суға жеңіл нәрсе, мысалы сіріңке қорабын, тастап жіберсек, ол толқынмен ілесіп алға кетпей, дәл бір орында тұрып, жоғары – төмен тербеле бастайды. Толқын таралған кезде ішінде толқын таралатын зат тасымалданбайды, тербелуші ортаның айрықша күйінің орын ауыстыруы болады. Бір жерде (мысалы, тасталған тастан) пайда болған судың ұйытқуы көршілес бөліктерге беріліп, осылай біртіндеп жан – жаққа тарайды. Ал су ақпайды: орын ауыстыратын тек оның бетінің пішіні ғана.....