Бизнес жоспар (план): Жылқы (ат) өсіру

Жылқы шаруашылығы – бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50‑185 см, салмағы 60‑1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді.

Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз – бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы....
Бизнес жоспар (план)
Толық

Адыраспан – бел ауруларына ем

Адыраспан – түйетабандар тұқымдасына жататын, тарамдалған бұтағы мол, мыңжылдық шөптесінді өсімдік, оның жапырақтары кезектесе орналасады. Бозғылт-сары гүлдері жеке.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қазақстан 2030 жылы әлемдегі 10 ірі мұнай өндіруші елдің қатарына енбек

Қазақстан 2030 жылға қарай әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге ниетті.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммункациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Болашақта Қазақстан көмірсутегін өндіру көлемін одан әрі арттырады деп күтілуде. Бұл ретте Қазақстан өндірістің шыңына әлі шыға қоймаған аздаған елдердің бірі. Біздің болжауымызша, 2030 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіру деңгейін 110 млн тоннадан асыруы мүмкін, бұл болашақта әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің ондығына кіруге жол ашады", - деп мәлімдеді Қарабалин.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындары базалық жоба ретінде қарастырылады. Министр атап өткендей, елдің мұнай-газ саласына 60 млрд АҚШ доллары тартылған.

"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына 160 млрд АҚШ долларынан астам қаржы тартылса, оның 60 млрд-қа жуығы мұнай-газ саласына тиесілі", - деп түсіндірді ол.

Тек соңғы 5 жылдың ішінде мұнай-газ саласына 20 млрд долларға жуық қаржы инвестицияланған.

Жаңалықтар
Толық

Елбасы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстан халқына айрықша міндет жүктеді

30 дамыған елдің қатарына ену үшін барша Қазақстанның халқына айрықша міндет жүктеледі. Бұл туралы бүгін бесінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Бүгінгі таңда Парламенттің қарауында 30-ға жуық заң жобасы бар. Парламентіміз жоғары саяси жауапкершілік режимінде жұмыс істеп, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқарып келді. Алдағы уақытта да осы қарқыннан таймау қажет. Себебі, біз дамудың ең шешуші сатысы - "Қазақстан - 2050" стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру кезеңіне аяқ бастық. Бұл стратегияның негізгі алға қойған мақсаты - 37 жылдың ішінде, мүмкін одан да бұрын әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің арасына ену", - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ол бұл тек қана ішкі өніммен бағаланбайтындығын, онда адамның өсуі, әлеуметтік жағдай, білім беру, денсаулық сақтау бағыттарындағы өркендеп өсу мәселелерін ескеру керектігін қадап айтты.

"Бұл барша Қазақстанның халқына, оның ішінде сіздерге айрықша міндет жүктейді", - деді Президент депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.

Жаңалықтар
Толық

Анаболикалық заттардың спортсмендердің организміне, дене бітіміне әсер етуін зерттеу

Кіріспе
Медицина, сонымен қатар антибиотиктерді шығаруға арнлаған зертханалардың дамуы адам ағзасына жақсы әсер етті, алайда көп ұзамай осы антибиотиктердің құрамы күрделеніп, адам ағзасына енгенде түрлі әсер беріп жатады. Соның ішінде спортсмендер арасында дене бітіміне, сонымен қатар организмне әр түрлі әсер етеді. Бұл антибиотиктердің бастау алған кезі 1930- жылдар, алайда стероидтар жүйке жүйені емдеу үшін қолданылған препарат. Анаболикалық стероидтармен жүйке жүйені емдеу барысында, кері әсер берген жағдайцлар байқалды, мысалға: пациенттердің ашушаң болуы, галлюцинация.......
Рефераттар
Толық

Биология | Құстың жұмыртқа өнімі

Жұмыртқаның қоректік қасиеті мол, өте сіңімді диеталықөнім болып есептелінеді. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады. Оның құрамында 13% белок, 12% май және тағы басқа углеводтар, минералдық заттар, витаминдер (А, Д, В, Е) бар.

Құстың жұмыртқа өнімін беру уақыты олардың аналық бездерінің дамып, жетілу дәрежесіне байланысты болады. Сонымен құстың алғашқы жұмыртқа салуы оның жыныстық жетілгенін көрсетеді. Алғашқы жұмыртқаны тауықтар 120-180, үйрек пен қаз 250-300, күркетауық 200-250 күндігінде......
Рефераттар
Толық