Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау». (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.7 биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
Сабақ мақсаттары: Ғылыми зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, нәтижелерді түсіндіре білу, басқада топ мүшелерімен зерттеуді талқылау, салыстыру, тұжырымдарды қалыптастыру, топпен жұмыс істей білу, өз пікірлерін білдіру, басқалардың пікірін тыңдау.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

ДНҚ репликациясы механизмі. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі. (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы механизмі. Мезелсон мен Сталь эксперименттері. Чаргафф ережесі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.9 Чаргафф заңы арқылы ДНК репликациясы үрдісін сипаттау
Сабақтың мақсаттары:
- Чаргафф ережесін білу
- ДНК репликациясы механизмін түсіну - ДНК репликациясы үрдісін жазбаша сипаттай алу
- Мезелсон-Сталь экспериментінің ДНҚ-ның репликациясы теориясын зерттеуге қосқан үлесін бағалаңыз......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ферменттер механизмінің әрекеті. Ферменттердің белсенді орталықтары. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Ферменттер механизмінің әрекеті. Ферменттердің белсенді орталықтары.
Оқыту мақсаттары: 9.4.1.1 ферменттер әрекетінің механизмін зерттеу
Сабақтың мақсаты: Ферменттер туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында ферменттің субстратпен әрекеттесу механизмін түсіндіру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу» (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Асқорыту(Қоректену)
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс №5 «Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу»
Оқыту мақсаттары: 9.1.2.5 өттің майды эмульгациялау қасиетін зерттеу
Сабақтың мақсаттары: Өттің майларды эмульгациялау қасиетін зерттеу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сатиралық ертегі: Тазшаның хан болуы

Ерте кезде хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болған. Бұл қырық уәзір хан не айтса, соны орындап отыратын еді. Бір күні хан шалқасынан жатып, өзінің ордасында өз-өзінен «тап» деді. Қырық уәзір тегіс жиналған болатын. Бұлар да жаман састы. «Не деп?» сұрай да алмады, ханнан қорыққанынан «қазір, қазір», – дей беріпті.

Хан:

– Егер таппаған күнде жарық көрейін деп, үміт етпеңдер, тез табу жағын көздеңдер, – деп, әмір берді.

Қырық уәзір жиналып: «Қой, қарап өлмейік, іздеп көрейік», – деп, атқа мініп, тұс-тұс жақтан іздеуге әрекетке кірісті. Барлық түсінгені сол – хан шалқасынан жатқанда айтты, ат жетер жерді тегіс аралады, ешбір «білемін» деген адам шықпады. Қырық уәзірдің салы суға кетіп, өлді деген осы ғой деп, еліне қайтқан. Ханның ордасына таянған кезде алдында бір қора қой бар бір қойшы жүр екен.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Хан мен кедей жолаушы

Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне қайран қалып, сасқанынан не қыларын білмей тұрып, ақырында, жолаушыны қуа бастапты. «Қумаңдар, дем алған соң өзім кетемін», − деп, жолаушы бұларға айтқанда, жендеттер жолаушыға ашу шақырып айтыпты: «Сен бұл арада неғып отырсың?», − деп. Жолаушы айтыпты: «Тамақ жеп алған соң, екі сағаттай дем алып, ұйықтап алып жөнелем», − деп айтыпты.

− Ей, әдепсіз кедей, көрмей тұрсың ба, бұл қонақ үй емес, менің сарайым! – деп, бұған хан айғай салыпты.

− Бұл үй сенің сарайың ба, Бұхардың ханы, айтшы, бұл сарайда бұрын кім тұрды? – деп, асықпай, ханға жолаушы сөз қайтарыпты.

− Менің әкем тұрды, − деп хан айтқанда:

− Бұрын, сенің әкеңнен бұрын кім тұрды? − деп, жолаушы айтыпты.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Алдар Көсе мен Алаша хан

Баяғы Алаш алаш болғанда, сол уақыттарда Алаша деген кісі хан болып тұрғанда, Алдар көсе деген адам алдайтын біреу болған екен. Бір күні сол Алдар көсе Алаша ханға келіп айтыпты:

– О, тақсыр, менім бір өнерім бар, сізге айтайын деп келдім, – депті.

Сонда хан:

– Рұқсат, айта бер, қандай өнерің бар? – деді.

Көсе айтады:

– Тақсыр, мен алтынды егіп шығаратын өнерім бар. Егерде бір батпан алтын берсеңіз, мен сол алтынды егіп, сізге бір қызмет қылсам, – деді.

Хан көріп, айтады:....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Хан мен жігіт

Бір байдың жалғыз баласы бар екен. Ол қалыңдық іздеп, ел аралап келе жатып, сандық теңдеген екі кісіге кез болады. Жігіт:

—Ой, туыстар, андағы сандығыңызды саптайсыздар ма?—дейді.

—Алам десең ал. Бізге астыңдағы қара жорғаңды бер де осыны ал,—дейді. Жігіт екі жолаушыға астындағы атын түсіп береді. Екі жолаушы жігітке ескертіп:

—Егер біз далдаға түспей ашатын болсаң, алдағы сандық саған баянды болмайды. Ондай болса бізге өкпелеме!—деп тапсырады да екеуі жортып жүріп кетеді. Екі жолаушы далдаға түскеннен кейін сандықты ашса, ішінен бір айдаһар шығады. Жігіт сасқанынан сандықты лақтыра сап қашады. Айдаһар жігітті қуып жетіп: «Сен менен қашушы болма, он жыл бойы мен осы шорыннан (түрмеден) шыға алмап едім. Маған жарық дүние көрсеткен саған мың мәртебе рахмет! Ал сен менімен ілесіп біздің елге барасың, мен сені әке-шешеммен таныстырам. Мен біреудің жалғыз ұлы едім»,—деп жігітті ертіп еліне келеді.
Айдаһардың елі ханының баласын тауып әкеп бергеніне қатты қуанып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп аттандырмақшы болады. Дәл осы кезде айдаһардың ханы қатты науқастанады. Ашуланба деген бақсы көріп:....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Күмесхан, Әзімхан, Аязхан

Күлмесхан мен Әзімхан екеуі дос екен. Күлмесхан қырық әйел алса да, бірде-бір еркек бала көрмепті. Әйелі қыз тапса болды тастай беріпті. Күлмесхан сол кезде бір сартпен көршілес отырыпты. Ханның халін сарттың әйеліне айтады.

—Егер мен қыз тапсам, сен ал да, сен ұл тапсаң, мен алайын. Құдайым жарылқап ұл тапсам, кем жоқ,—деп уағдаласады. Тоғыз ай болды дегенде сарттың да әйелі босанады. Ханым да босанады. Ханым қыз тауып, сарттың әйелі ұл табады. Олар уағдасы бойынша балаларын дереу ауыстырады, ауыз басыртқысына алтын ділдә береді де, «Ханым ұл тапты»,—деп жария шашады. Күлмесхан көп кешікпей дүние салады. Күлмесханның ұлы ержеткен соң Әзімханның баласы Аязханмен бірге қалыңдық іздейді. Еш бірі көңіліне жақпай, ең соңында сарттың қызына көзі түседі. Аязхан Күлмесханның ұлын ертіп сартқа барып құдалық сөйлеседі. Сонда сарт:

—Бір қозы екі енеге телі болса, еті көп бола ма, майы көп бола ма?—деп сұрайды да, бір шіркег тарыны жерге тастап жіберіп, аяғымен басып жүре береді. Аязхан бұл қылығының астарын байқап қалады да, «бойыңнан жаның шыққанша аузыңнан шығарма» деп [емеурін білдіріп] тарыны басып кеткенін жадына сақтап:....
Ертегілер
Толық