Қуаныш жан толқытпай жай шыға ма, Жұлдыз бар мақташыда, қойшыда да, Ойпыр-ай, сен алғаның бақыт болды-ау Қазақтың қадірлі ұлы, ойшыл аға! «Шүйінші, шүйінші! — деп тоқталмай-ақ Сол күні жүгірумен көп талды аяқ. Мен-дағы омырауьмды сипай берем Жап-жаңа өзіме әкеп таққандай-ақ! Халықтың сонда....
Бұрынғы уақытта тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ болыпты. Тоңқылдақтың тоғызының тоғыз танасы, тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) һәрқайсысы өзінің бір-бір танасын бақтырып жүреді екен. Бір күні Қиқылдақтың етігі жыртылып қалыпты. Қиқылдақ танасын Тоңқылдақтарға қосып жіберіпті. Тоңқылдақтар бір күн бағады, екі күн бағады. Бір күні Тоңқылдақтар ақылдасып, Қиқылдақты құртамыз деп, бірігіп алып, Қиқылдақтың танасын бәрі жабылып, батпаққа тығып кетеді. Кешкітұрым ауылына барса, нашар Қиқылдақ сорлының танасы жоқ. Қиқылдақ жүгіріп келіп, Тоңқылдақтардан сұраса, Тоңқылдақтар: – Сенің танаңды бағып, біз саған малай ма едік? Бақпағаннан кейін батпаққа тығып кеттік, – дейді. Қиқылдақ[тың] Тоңқылдаққа күші жетпейді. Олар дәу һәм үлкен, Қиқылдақтың күші жетпейді. Қиқылдақ оларға күші жетпегеннен кейін барып, танасын сойып жатса, бес ақ бас атан келе жатыр екен. Бес ақ бас атанды. Қиқылдақ ұстап алып, тананың қанын басына жағып, етін артып, ауылына келіп:....
Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Оның үш баласы болыпты. Бір күні кедей балаларын шақырып алып: – Осы уақытқа дейін мен сендерді асырадым, енді қартайдым, әлім бітті. Сендер болсаңдар, әлі жассыңдар, қалай күн көрер екенсіңдер, – дейді. – Байдың малын бағамыз, – дейді үлкен ұлы мен ортаншы ұлы. – Сен ше? – дейді кедей кіші ұлына. Сонда кіші ұлы тұрып: – Мен байдың малын ұрлап, күн көрем, – деген екен. Оның бұл сөзіне әкесі ашуланып: – Ұры болсаң, менен кет, – деп, үйден қуып жібереді. Бала үйінен кеткен соң жолмен жүріп келе жатса, бір ауыл көшіп келеді екен. Ол көштің артынан қалмай, жүріп отырады. Кеш бата көш бір тоғайдың жанына қонады. Баланы ешкім елемейді. Бір кезде байдың үйі ет асады. Әйелдер үйге кіріп кеткенде қарны ашқан бала қазандағы етті қотарып алып, жегенін жеп, жемегенін тастап кетіп қалады.....