Күләш Ахметова (Қара теңізде)

Мына әлемде мазасыздық ұлғайған
Сен де тулап жатырсың ба түрлі ойдан?
Қаратауды түсірдің ғой есіме,
Қара теңіз, есіміңді кім қойған?
Шаншыласың көкке суды жарып тік,
Шамырқанып шашырайсың, жарықтық!
Екеуіңе қара деген сөз ортақ,
Ортақ сосын сұстылық пен алыптық.......
Өлеңдер
Толық

Халықаралық теңіз құқығы

Халықаралық теңіз құқығы - бұл сауда саласында, сондай-ақ әскери теңіз жүзулерінде, әлемдік мұхитта минералдық ресурстарды өндіру, зерттеу, игеру қатынастарында және басқа да қызмет түрлерінде қалыптасатын құқықтық нормалар мен институттардың жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

Конференция ғылыми-техникалық революцияның басталған кезінде өтіп жатты, ол мемлекеттердің теңіздегі қызметі үшін жаңа мүмкіндіктер ашып берді, бостандық алған елдерге конференция жүмысына белсенді түрде қатысуға мүмкіндік берген отарсыздандыру процесінің жеделдетілуіне жол ашты. Конференцияда ашық теңіз туралы Конвенция, аумақтық теңіз және іргелес аймақ, континенттік қайраң, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция қабылданды. Бұдан басқа, осы конвенцияларды қолдану және түсіндіруге байланысты пайда болатын дауларды міндетгі реттеуге қатысты факультативтік хаттама, сондай-ақ
9 қарар қабылданды.
Қабылданған конвенциялар теңіз қызметінің негізгі жақтарын қамтып, мемлекеттердің Дүниежүзілік мүхиттағы бейбіт достастығын дамытуға бағытталды, Жоғарыда аталған конвенциялар қолданыстағы халықаралык теңіз құқығының негізгі қайнар көздері болды. БҰҰ-ның I конференциясы халықаралық қүқықтың үдемелі дамуына және жүйеленуіне тарихи үлес қосты. Конференция нәтижелерінің жақсы бағалануы, онын қабылдаған конвенцияларымен халықаралық теніз қүқығының барлық мәселелері шешіледі немесе олардың барлық ережелері мәңгілік және өзгермес дегенді білдірмейді.
Халықаралық теңіз құқығның негізгі қағидалары
Халықаралық теңіз құқығының негізгі қағидалары халықаралық құқықтың басқа да көпшілік мойындаған қағидаларымен өзара байланысты. Мұндай байланыс халықаралық құқықтық тәртіптің тиімділігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік мұхитта құқықтық тәртіптің үлкен маңызға ие болуына байланысты.
Ашық теңіз еркіндігі қагидасы Бұл қағидаға сәйкес аумақтық теңіздің сыртқы шегіндегі теңіз кеңістіктері ашық теңіз болып саналады, Ол іс жүзіндегі халықаралык. құқықта анықталған жағдайлар бойынша барлық мемлекеттердің еркін және тең пайдалануына ашық. Ешқандай
мемлекеттің ашық теқіздің бір бөлігін өзінің нелігіне алуға, бағындыруға құқығы жоқ. Бұл ереже 1958 ж. ашық теңіз туралы Женева Конвенция-сында бекітілген. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Каспий теңізінің экологиясы

Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі -380мың км2 . Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін – 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континентальды, аң оңтүстік-батыс субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауында таяз, көбіне қайраңдардан тұрады.
Каспий теңізі Еуропа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий (қара) қайраңы - өте ерекше табиғаттуындысы әр өсімдіктер мен жануарлар қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеген кездеседі. Тұйық су ауданы болғандықтан, мұндағы организмдердің басымы эндемистер (жергілікті түрлер). Теңіздің құнды байлықтарының бірі-біріне тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Беркіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70%-ы осы теңіздің үстіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады.
Каспий ойпаты өзінің табиғат ерекшеліктерімен фаунасы мен флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің -945, балдырлардың -64, фитопланнтонның -414, зооплантонның -100 ден астам түрі тіршілік етеді.
Каспий теңізі кәсіптің балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кезедседі. Каспий теңізі жыл құстарыныңда сүйекті мекені. Теңіз жағалауларында құстардың 36-3,5 млн-ы қыста қалса ал жыл құстарының саны 10-12 млн –ға жетеді.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің деңгейінің бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эвалюциясына байланысты. (Каспий теңізінің) Тарихи дерекутер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогенндік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 70% -ын құрайтын. Сондықтан теңіз суының Еділ өзенімен тығыз байланыста болады. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама

Каспий өңірі... Соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын дәуірлетіп-ақ жіберді. Жұртшылық оны өлеңге қосып, еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен,оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес екен, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында “қара маржан” теңізі тұнып жатқаны анықталды. Ол аз десеңіз Каспий қайраңы тұңғиығынан да тура бүгін-ертең мұнай өнімін алу көзделуде.
XVIII ғасырдың басындағы орыс карталарында Каспий-Арал арасы “Иесіз маң дала” деп көрсетіліпті. Әрине, бұл білместіктен, зерттелмегендіктен,шынтуайтқа келгенде өгей көзқарастан болғаны анық. Ал қазіргі кезде “болашағы зор аймақты ” бас көзге қарамай құлшына игеру осы Каспий өңірін шынымен де “маң далаға” айналдырып жібере ме деп қауіптенесің. Себебі ондай қиянат білместіктен емес, біле тұра белден басылып, адамзат тарихының ақтаңдағына соқтырмай ма деген ойға еріксіз жетелейді.
Каспий қойнауындағы қара алтын басты орынға шығып, теңі келмес флорасы мен фаунасы, экологиялық ахуалы жайлы мәселе көлеңкеде қалып отырғаны жан күйдіреді.
Алайда соңғы жылдары аз да болса Каспий өңірінің проблемаларына бет бұрылып, оларды шешудің жолдары қарастырылуда.....
Рефераттар
Толық

Экология | Каспий теңізіндегі қызыл балық

Қазір Капшағайла жылына 4-5 мың тонна балық ауланады. Бұқтырмала көксеркенін (судақтың) өзі мың тоннаға дейін ауланады. Шардарада да сондай. Соңғы кезде ихтиолог-ғалымдар бұрын балық өсірілмеген 250 мың гектар су алқабын зерттеді, қазір оларда амур және дөңмайдан (толстобик) секілді балықтар өсіріледі. Суда шөп қаптап кетсе, ол жерге дөңмайдан сияқты шөп жейтін балық жіберіледі. Көксерке, шортан — ұсақ балықтарды жейтін жыртқыштар. Шортанға өз алдына жеке су қажет. Ғалымдар соның барлығын реттеп отырады. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстарды әрмен қарай жалғастыру қажет.
— Биыл еліміздің ғылымында түбегейлі реформалар басталды. Мақсат — биотехнология, нанотехнология, ғарыш саласы, атомдық технология және геология мен кен байлықтарын зерттеу сияқты бес салаға айрықша басымдық беру. Десе де, ауыл шаруашылығы, оның ішінде балық шаруашылығы, медицина және экология сияқты маңызды салалар ескерусіз қалып, таңдалып алынған салалар өзге ғылым салаларының аясын тарылтып тұрғандай. Мұның астарында ел мүддесінен гөрі, жекелеген топтардың мақсаты басымдау көрінеді маған.
Біздің ел — аграрлық мемлекет. Халқымыздың жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады және олардың негізгі кәсіптері егін егу, мал бағу және балық аулау. Ауылда тұратын жеті миллион халықтың шамамен жарты миллионы балық аулаумен нан тауып отыр. Қазақстан бидай өсіру мен оны экспортқа сатудан дүние жүзінде алдынғы бестікке кірсе, бекіре тектес құнды балықтың әлемдегі қоры жөнінен алғашқы үштіктен орын алады. Ел халқының жартысының тіршілігіне тікелей қатысы бар осы салалардын, басымдық берілуге тиіс ғылымдар тізімінен тыс қалуы бұл реформаның мәнін төмендетіп жіберген сыңайлы. Болашақта жаңа реформа елдің стратегиялық мәселелерін шеше алмауы мүмкін. Жалпы қазаққа пайдасы жоқ мұндай реформаның елге қажеті бола қояр ма екен?.. Реформа кұрдымға кетпеу үшін қазақтық төл кәсібі — ауыл шаруашылығын міндетті түрде басымдық берілген ғылымдар қатарына енгізу қажет.....
Рефераттар
Толық