Информатика | Информатика-бастауыш сыныпатардағы оқу-пәні ретінде және оның оқып үйренудің технологиясының жалпы мәселелері

Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта инфоорматиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: информатиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.

Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау

Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі даміы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің тек 6 пайызын қамтамасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрәләк препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Республикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік препарраттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру.
Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді....
Рефераттар
Толық

Биология | Қан тамырларымен қан қозғалысының физика математикалық заңдылықтар

Ағзаның ішікі ортасы.
Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды.
Қан

Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады.
Қан құрамы

Қан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады.
Қан плазмасы

Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады.
Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады. ....
Рефераттар
Толық

Педагогика | Куратор тәрбие жұмысының ғылыми теориялық және ұйымдастырушылық негіздері

Куратор университте студенттермен бір уақытта пайда болды және жоғары білімнің даму тарихымен байланысты осы уақытқа дейін міндеттері, қызметі, студенттермен қарым-қатынас сипаты өзгерді.
Демократиялық тенденциялардың дамуымен байланысты жоғары білім жүйесінде кураторға және оның студенттік өмірдегі рөліне көзқарас өзгерді. Ал кейбір жоғары оқу орындары студенттер өз жұмыстары және мәселелерін шешуге қабілетті деп есептеп, кураторлықты алып тастаған. Басқалары кураторларды тек І-ІІІ курстарға қалдырып, ал жоғары курс студенттерінің мәселелерін шешуге тек бір кураторды тағайындаған. Ал үшіншілері кураторлықтың бұрынғы жүйесіне қайтып келді (І-Ү курс арасында әр академиялық топта бір куратор).
Академиялық топ кураторларын берілген курста жұмыс істейтін сәйкес кафедра оқытушыларынан белгілейді, одан кейін оларды декан бекітеді. Кураторлар деканның тәрбие жұмысы бойынша орынбасар басқармасымен жұмыс жасайды, қажет жағдайда іс-әрекеттерін студенттік қоғамдық ұйымдармен келіседі.
Жұмыс үрдісінде куратор академиялық топ, студенттердің активіне жүгінеді. Авторитарлық әдіске куратор тек қажет жағдайда ғана жүгінуіне болады. Жарты жылға жұмыс жоспарын орындағаннан бұрын куратор студенттерді, олардың қызығушылық және неге бейім екендігін, сұраныстарын, отбасылық жағдайын, материалдық күйін, үй-тұрмыстық жағдайларын зерттейді. Содан кейін активпен бірге топтың жалпы жиналысында қарастырылатын жұмыстың жоспарын жазады, ол жоспар құжат мәртебесіне ие болады. Жоспарды орындағанда бар мүмкіндіктер мен нақты жағдайға жүгіну керек. Жоспарланған жұмыстар барлығына түсінікті және қызықты болу шарт, алайда әрбір студентке белгілі бір жұмыс бөлігін беріп, ол оған дербес жауапкершілікпен қарау қажет.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Көлік логистикасының экономикалық тиімділігін анықтау

Көлік логистикасы нақты бір аймақтағы немесе өндіріс саласының экономикалық-әлеуметтік бағдарламаларын орындау барысында маңызды орын алады. Ал көлік логистикасының тиімділігі сол экономикалық-әлеуметтік бағдарламаны орындау барысында нақты автокөлік кәсіпорыны үшін қаржыдай тиімсіз болуы немесе болмауы мүмкін. Демек қаржыдай тиімсіз болатын болса, автокөлік кәсіпорын сол арнаулы бағдарламаның есебінен бағдарламаны орындаушы тұлғадан, жіберіп алған пайдасының орнын толтырады. Күнделікті қатынастар көрсетіп отырғандай егер арнаулы бағдарлама бірнеше жылға арналған болса, оған жауапты тұлға өз ішінен, яғни құрама автокөлік кәсіпорынын ұйымдастыруы мүмкін. Ал егер арнаулы бағдарлама қысқа мезгіл арасында орындалуы тиіс болған жағдайда, бұрыннан жұмыс істеп тұрған автокөлік кәсіпорындарымен келісім шартқа отырып, нақты тасымалдау көлемінің бағасына келіседі. Бұл жағдайда тасымалдау бағасына автокөлік кәсіпорынының жоспарлы пайдасы міндетті түрде қосылады.
Сонымен қатар автокөлік кәсіпорыны қандай деңгейде тасымалдау жұмыстарына қатынасқанына қарамастан, өзінің ішкі нақты және келісімді тасымалдау бағаларының ең төменгі мөлшерін анықтауы міндет. Өйткені тасымалдау жұмыстарының түрлеріне, көлеміне қарамастан, автокөлік кәсіпорыны әрбір автомобильдің маркасына қарай өзін-өзі ақтау бағасын немесе ең төменгі тасымалдау бағасын білуі тиіс. Осындай дұрыс есептеулер негізінде автокөлік кәсіпорындары тізімдегі автомобильдерді пайдалану тиімділігін алдын-ала біліп отырады [1].
Мысалы үшін автокөлік кәсіпорынына бір маусым ішінде тасымалдауға берілген тапсырыстың уақытына қарай автомобильдерді пайдалану жоспарын орындалық. i–жүктің s-түрін k-көлемде r-қашықтыққа d-уақытта тасымалдау керек. Сонымен қатар осы жүктің түрін келесі жерге h-қашықтыққа d1 –уақытта тасымалдау жұмыстарын атқару жоспарлансын. ....
Рефераттар
Толық

География | Климаты қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері

Климат жағдайларының арасында жерге орналастыру шешімдеріне әсер ететіндері: жауын-шашын, жел белсенділігі және температуралық режим.
Жерге орналастыру обьектісі орналасқан аймақта, әсіресе вегетациялық кезеңде түсетін жауын-шашынның түрі мен мөлшері бүкіл жерге орналастыру іс-қимылдарының әдістемесін себептейді. Соңғыларының мазмұны жеткілікті, артық немесе жеткіліксіз ылғалдану аймақтарында, құрғақ далада, шөлейіт немесе шөлде әртүрлі. Ал, суармалы аймақтарда жерге орналастыру әдістемесі, тәлімі егіншілік аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгеше.
Желдің күші мен бағыты, әсіресе көктем мен жазда жел эрозиясы процестерінің өршуіне, олардың қауіптілігіне тікелей ықпал жасайды. Бұндай процестер көбінесе Қазақстанның жазық далаларына тән. Олар әсіресе жеңіл механикалық құрамды топырақтарда көп тараған.
Дефляциялық процестердің алдын алу немесе бәсеңдету мақсатымен, желдің зиянды бағыттары ескеріле отырып, егістік және орман жолақтары жобаланады.
Желдің зияндылығы, өзі кезегінде ауа ағындарының температурасымен себептеледі. Аса қауіпті аңызақ жел температураның жоғары және ауа ылғалдылығының төмен көрсеткіштерінде пайда болады. Ол шаң дауылдарының негізгі себепкері. Сондықтан да аймақтың температуралық режимі туралы мәліметтер аса қажетті болып табылады. Вегетациялық кезеңдегі температура қосындысынан өндірістің мамандандырылғандығы мен салалардың орналасуы тәуелді. Соңғылары ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен орналасуын тікелей себептейді.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталу себептері

ХIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайларды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған қазақтарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері кокругтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады.Олар қазақ жерінде “бөліп ал да билей бер” деген отаршылдық ұранды бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жіберген адамдары қайтарылмады. Сонда барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ойлады. Ол бұл күресте Қоқан хандығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығының қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар ұлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейінірек өзін өлтірді. Медреседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны (1802 жылы туған) Ташкент түрменсіне қаматты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Алматы қаласының болашағы

Әлемдегі көптеген елдерде осы секілді мегаполистер бар. Мысалы: Австралияда - Сидней, Қытайда – Шанхай, ал Түркияда – Стамбул. Бұл мемлекеттердің елеулі экономикалық және саяси процестерінің бәріде осы қалалармен байланысты. Алматы да сол қатарда.
Бас жоспарға сәйкес, қала халық аралық қаржы және инновациялық, мәдени және туристік орталық ретінде дамып келеді. Қала басшылығы қазіргі және болашақ Алматылықтардың жақсы өмір сүруі үшін, экологиялық жағымды және әлеуметтік ынғайлы жағдай жасау жолында, небір қилы шешімдер ізденуге мәжбүр. Алматы қаласы дамуының бас жоспарына сәйкес, саяси орталықтандыру принципі енгізілуде, яғни мегаполистің түрлі бөліктерінде көп функцияналды орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі әлемдік дамудың заман-ой тұстары, көлік инфрақұрылымын құруға кешенді түрде қарауға міндеттеп отыр. Республикада алғаш рет көліктің барлық, яғни жер асты, жер үсті және әуе түрін өзара әрекеттестірудің ерекше жүйесі жасалып енгізілуде.....
Рефераттар
Толық

География | ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны "дәуір айнасы" деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша еріді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда. ....
Рефераттар
Толық

Физика | Жер планетасының эволюциясы

Жерді Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ, ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.) протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы (В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық болған деп есептейді.....
Рефераттар
Толық