Жергілікті ұлтаралық (елдер арасында) интеграция процестері бүкіл әлемде қарқынды жүруде. Шаруашылық процестерінің ұлттандырылуы жеке капиталистік мемлекетаралық интеграциялық үрдістердің нәтижесінде тереңдетіліп жатыр. Ерекше маңызға әлемдік кеңістіктегі кең таралған нарықтық құрылым болып табылатын трансұлттық корпорациялар ие болуда. 80-ші жылдардың аяғында трансұлттық корпрациялардың үлесіне тауар мен қызмет көрсетудің әлемдік өндірісінің 15 % астамы келді. ТҰК ұлттық экономикаларды географиялық белгісіне (ортақ шекараларды есепке ала отырып) ғана қарай емес, сондай-ақ терең экономикалық, ұдайы өндіріс қарым-қатынастар негізінде де біріктіреді. Бүгінгі таңда әлемде шамамен 44 мың трансұлттық компаниялар бар. Ұлттық экономикалардың даму қарқыны құрылымдық өзгерістерге, әрдайым шектеулі қордың салалық қосымшаларындағы таңдап алынған артықшылықтардың негізділігіне тәуелді болып келуде. ....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Біздің бүгінгі міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Сонда біз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамта¬масыз етеміз. Осымен бір мезгілде біз Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімін 4-тен 6 айға дейін ұлғайтуға тиіспіз. Әлемдік дағдарыс жағдайында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз кадрлар¬ды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған» деп айта кетті. ....
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына міне он жылдан асты. Бүл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. "Осы жылдар ішінде тындарған ісіміздің басты түйіні, -деп көрсетті Елбасы Н.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, -Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек" /1/. Бүдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту болып табылады. Республикамызда кеңес үкіметі дәуірінде мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабликалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жүмыс істеуде. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары қүрылды. ....
Кәсіпорын экономикадағы ең негізгі буын болып табылады. Егер кәсіпорындар тиімді жұмыс істесе, олардың өзара қатынастары орында және тиімді болса, соғұрлым жалпы экономика тиімді болуына мүмкіндік мол болады. Сондықтан кәсіпорынды басқару, жұмысын ұйымдастыру ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сыртқы ортаның өзгерісінің жылдамдығына байланысты, тек қана ішкі және ағынды мәселеге ғана көңіл аудару арқылы кәсіпорынның қызыметін тиімді ету мүмкін емес. Сыртқы ортадағы, жеткізушілер мен сатып алушылардағы өзгерістер, бәсекеліктің өсуі, ғылым мен техникадағы өзгерістер жағдайына болашақтағы кәсіпорынның жағдайын анықтау барған сайын қиынға айналып барады. Сондықтан, алда жасалынатын жұмыстардың жоспарын жасау қажеттігі күннен - күнге артып келеді. Ол жоспардың сапасы, құны және жоспар жасауға кететін уақыттың шамасы кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуының арқасында күнделікті есеп - қисаптарды компьютерлер арқылы дәл жылдам жасау мүмкіндігі толық қамтамасыз етілді деп айтуға болады. Сондықтан қазіргі заманда мамандардан жағдайды талдап, болашақты көргендік пен болжамай білуді талап етеді. Осы талаптан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселені қамтиды. Жоспарлау кәсіпорынды басқарудағы ең маңызды буын болып табылады.....
Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан ұйымдағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр. Мәселенің өзектілігі. Қазақстанның экономикалық дағдарысы – бұл көп аспектілі құбылыс, қарама-қайшылықтар кешенінің көрінісі; оның алдын-алуының дайын рецепті жоқ, сондықтан ұйымның дағдарысқа қарсы стратегиясын, жаңа тәсілдерді, және тұжырымдамаларды қайта қарастыру қажет. Жалпы дағдарыстың барлық себептері өзара тығыз байланысты және себеп-салдарлы байланыстар кешенін білдіреді. Мұндай проблемалар кешенін өндірісті дамыту мақсатымен шешу екі бағыттағы шараларды жүзеге асыруды болжайды: біріншісі - мұндай қиын проблемалардың қолданбалы және теориялық сұрақтарын шешудің негізіндегі мемлекеттің экономикалық жүйелерін ұйымдастыру бойынша ұзақ мерзімді құрылымдық сипаттағы шараларды кіріктіреді. Шаралардың екінші бағыты дағдарысты ахуалда және инвестициялардың жоқ жағдайына тап болған кәсіпорындарға жеделдетілген, бірақ қатаң басқарылатын әсер ету сипатына ие. Экономикадағы жағдай экстремалдылықтың белгілерін иемденіп, қазіргі кездегі әлеуеттің елеулі бөлігінің ысырап мүмкіндігінің өсуіне байланысты олардың өміршеңдігін және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорынның өміршеңдігі үшін нарықтық сфера оның бәсекеге қабілеттілігін талап етеді, ол мыналардан көрінеді: өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудан, инвестицияларды тартудан, икемділікті, жұмылдырылғыштықты және нақты пайданы алуды көтеруден. Өндіріске бағытталған инвестициялардың кенет қысқару және экономикалық дербес шаруашылық субъектілердің инновациялық белсенділігіне мемлекеттің әсер ету мүмкіндектерінің тарылу жағдайында мемлекеттік қолдаудың бірінші кезектегі объектісі болып табылатын нақты жобалармен қатар, технологиялық дамудың стратегиялық басымдылықтарын таңдаудың жауапкершілігі өседі. Мемлекеттік деңгейде мұндай таңдауды әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жағдайын қаржылық-экономикалық болжау және мониторинг жүйесі қажет, ал бұл өз кезегінде шаруашылық субъектінің әлеуетін экономикалық бағалауға, дағдарысты құбылыстардың алдын-алуға және кәсіпорынның бұдан да жоғарғы даму деңгейіне шығару бойынша шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді. ....
Қазақстандық экономиканың нарықтық қатынастарға өту жылдарында көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызметпен байланысты проблемаларға кезігіп, төлем қабілетсіздік жағдайына тап болды, сондықтан ұйымдағы дағдарысқа қарсы стратегияны әзірлеу аса маңызды рөлге ие болып отыр. Мәселенің өзектілігі. Қазақстанның экономикалық дағдарысы – бұл көп аспектілі құбылыс, қарама-қайшылықтар кешенінің көрінісі; оның алдын-алуының дайын рецепті жоқ, сондықтан ұйымның дағдарысқа қарсы стратегиясын, жаңа тәсілдерді, және тұжырымдамаларды қайта қарастыру қажет. Жалпы дағдарыстың барлық себептері өзара тығыз байланысты және себеп-салдарлы байланыстар кешенін білдіреді. Мұндай проблемалар кешенін өндірісті дамыту мақсатымен шешу екі бағыттағы шараларды жүзеге асыруды болжайды: біріншісі - мұндай қиын проблемалардың қолданбалы және теориялық сұрақтарын шешудің негізіндегі мемлекеттің экономикалық жүйелерін ұйымдастыру бойынша ұзақ мерзімді құрылымдық сипаттағы шараларды кіріктіреді. Шаралардың екінші бағыты дағдарысты ахуалда және инвестициялардың жоқ жағдайына тап болған кәсіпорындарға жеделдетілген, бірақ қатаң басқарылатын әсер ету сипатына ие. Экономикадағы жағдай экстремалдылықтың белгілерін иемденіп, қазіргі кездегі әлеуеттің елеулі бөлігінің ысырап мүмкіндігінің өсуіне байланысты олардың өміршеңдігін және әрі қарай дамуын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорынның өміршеңдігі үшін нарықтық сфера оның бәсекеге қабілеттілігін талап етеді, ол мыналардан көрінеді: өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудан, инвестицияларды тартудан, икемділікті, жұмылдырылғыштықты және нақты пайданы алуды көтеруден. Өндіріске бағытталған инвестициялардың кенет қысқару және экономикалық дербес шаруашылық субъектілердің инновациялық белсенділігіне мемлекеттің әсер ету мүмкіндектерінің тарылу жағдайында мемлекеттік қолдаудың бірінші кезектегі объектісі болып табылатын нақты жобалармен қатар, технологиялық дамудың стратегиялық басымдылықтарын таңдаудың жауапкершілігі өседі. Мемлекеттік деңгейде мұндай таңдауды әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жағдайын қаржылық-экономикалық болжау және мониторинг жүйесі қажет, ал бұл өз кезегінде шаруашылық субъектінің әлеуетін экономикалық бағалауға, дағдарысты құбылыстардың алдын-алуға және кәсіпорынның бұдан да жоғарғы даму деңгейіне шығару бойынша шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.....
Тақырыптың өзектiлiгi. Бұл жұмыс қазақ елi өз тәуелсiздiгiн алып өркениеттi ел демократиялық құқықтық мемлекет құруға ұмтылып жатқан кезендегi Қазақстан Республикасының “Қазақстан-2030” бағдарламасы бойынша саяси дамуының алғышарттарын зерттеу мәселесiне арналған. Қазақстанның қазiргi саяси өмiрiнде терең әрi тез өзгерiп жатқан қарама-қайшылығы мол, ескi стеротиптерден бас тарту мен жаңа даму түрiн iздеу, саяси-тарихи тәжiрибенi талқылау мен таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау сияқты маңызды процестер жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасы тәрiздi тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтiп жатқан мемлекетте елдiң саяси дамуының алғышарттарын талқылап, зерттеу мәселесi өте маңызды. Қазақстан қоғамының түбегейлi модернизацияға ұшырауы бұрынғы қалыптасқан саяси жүйенiң, қарым-қатынастар мен саяси дамудың өзгеруiне әсер еттi. Жаңа демократиялық қондырғылар, түсiнiктер, саяси институттар қалыптасты. Қазақстан Республикасындағы жалпы қоғамдық-саяси даму ерекшелiктерi негiзiнде саяси қатынастардың жаңа формалары мен даму үрдiстерiн, әрбiр ұлттың ерекшелiктерiн сақтай отырып, олардың ортақ мүдделерiн қарастыру-қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз етер негiзгi мүмкiндiк көздерi. Ал бұл мүмкiндiктерді іске асыруда қоғамдағы саяси және әлеуметтiк институттардың ықпалы мен рөлi айқын сезiлiп отыр. Тақырыптың маңызы Қазақстанның тәуелсiз мемлекеттiлiгiн нығайту кезеңiндегi жаңа мiндеттер мен үлкен өзгерiстер жағдайында арта түсуде. ....
Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз.
Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз.
1991 жылғы 16 желтоқсанда біз - Қазақстан халқы - егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.
Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында елтанымастай болып өзгерді. .....
Сценарий тақырыбы: «Қазақстан -2050» стратегиясы: Бір ел , бір халық , бір тағдыр Мақсаты: Ұлттық тілді насихаттау, өлкенің тарихын терең ұғыну. -Ұлттық өнерімізбен мәдениетімізді насихаттау , жасөспірімдердің эстетикалық талғамын кеңейту. -жергілікті ақындар мен сазгерлердің шығармаларын насихаттау. 1- жүргізуші Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар және керметті қонақтар! 2-жүргізуші Әнұран Жігерлі шат көңілмен, мақтанышпен айтамыз Өзіңде айбын қуаныш, өзіңнен қуат аламыз. Ашық аспан, бейбіт күн жалғаса берсін, салтымыз, Тәуелсіздікке тән белгі- шырқасын.....