Ақыл-ойы кем оқушылардың көпшілігін ата-аналары жоқ, толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балаларды құрайды. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарым-қатынастан айрылған. Бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді. Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әр түрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Жеке тұлғаның көптеген қасиеттер жиынтығына адам.......
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Халыққа үндеуінде «Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының тарихындағы соңғы жиырма бес жылдық қазақстандық қоғамның өміріндегі діннің атқаратын рөлі мен орнының өзгеруімен ерекшеленді.
Діни құндылықтар көптеген адамдардың, әсіресе соның ішінде жастардың өмір салттарының да, ойлау ерекшеліктерінің де маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Діни ұйымдардың, ең алдымен қазақстан халқы үшін дәстүрлік болып табылатын – Ислам діни ұйымдарының рөлі, беделі мен әсерлері күшейді. Қазақстан полиэтникалық орта, елімізде мекен ететін халықтардың арасында біршама кеңінен тараған діндер – ол ислам және христиан діндері, сондай-ақ иудаизм мен буддизм діндері де бар.