Сүйікті ісіңмен айналысып жүргеніңді айғақтайтын 7 белгі!

Бұл мәлімет Қазақстандағы Нейро-лингвистикалық бағдарлау орталығының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

1. Оған әрқашан уақыт таба аласың. Онымен кез-келген жағдайда, кез келген көңіл күйде айналыса аласың.

2. Ол іске бірден кірісесіз. Ұзағынан кірісесіз. Ол іс назарыңды....
kz
Толық

Бесіктің құрылысы

1. Арқалық (арыс, белағаш) – ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұруға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі, көлденең, жұмыр бел ағашы.

2. Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) – негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің.....
kz
Толық

Головкин «суперчемпион» атағын иеленді

Кәсіпқой бокста WBA және IBO тұжырымы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин аустралиялық боксшы Дэниэл Гилмен өтер жекпе-жектің алдында дүниежүзілік бокс ассоциациясының (WBA) шешімімен «суперчемпион» атағын иеленді.
Жаңалықтар
Толық

Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады

Осыған дейін имамдарға қатысты масқара мәлімдеме жасаған Жанар Боранбаева бүгін Діни басқарма алдында шу шығарып, мешіт қызметкерлерінің жауап беруін талап етті.

Алайда, Діни басқарма қызметкерлері алғашында зардап шеккен қыз алдында ақталмақ түгілі, камераны көре сала тұра қашты.

Наиб имамдарға қатысты жағаны ұстатар жайттарды жайып салған Жанар Боранбаева орталық мешітке ашуланып келіп, ұстаздарын іздеді. Қолында мешіт жанындағы сауат ашу курсын бітіргенде берілген, мөр басылған сертификаты бар. Мешіт қызметкерлеріне құжатын көрсетіп, өзінің дәріс алғанын дәлелдемек болды. Имамдар Боранбаева бізде мүлде оқымаған деген еді.

"Имамдарды жина! Жауап берсін! Мені осы жерде оқыған жоқ деген кім? Тез жиналыңдар", - дейді ол.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 112 792 теңгені құрады

2013 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 112 792 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігі өз сайтында.

Атаулы жалақы индексі 2012 жылғы шілдеге 105,8%, ал нақты жалақы индексі 99,9% құрады.

Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 211,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 208,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 198,0 мың теңге (1,8 есе) белгіленді.

Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 56,6 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 49,8%-ға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді - 197,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге асады.

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұның шамасы 79,3 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,7%-ға төмен.

Жаңалықтар
Толық

Үйсіндер

Бүгінгі Қазақстанның қожасы болып отырған қазақ ұлты және оның Қазақстан Республикасы кездейсоқ бола қалған ұлт, қолдан жасалған мемлекет емес. Ол – ежелден осынау кең-байтақ Еуразия сақарасында өмір сүріп келген ертедегі ру-тайпапардың сан ғасырлар бойы өзара араласу, біртұтастану, ыдырау қайта біртұтастану барысында бір-бірімен етене жақын этникалық топтардың ортақ ұлттық мәдениет қалыптастыру үрдерістерін бастан кешіріп .....
Рефераттар
Толық