Әрбір халықтың тарихы бар. Тарихта адамзат тағдыры мен тылсын дүниеміздің бастауын аламыз. «Қазақ» атты ұлы халқымыздың орта ғасырдағы мәдениетін бізге жеткізген де сарқылмас деректер. Орта ғасырдағы Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, т.б. өмірі мен өнерін осы жұмыста ашып айтылған. Сан ғасырлар бойы сақталып, асыл қазына болып қалған ол ұлы ұлы ғұламалар бізге болашаққа бағыт-бағдар беретін сөзсіз. Сол заманмен бүгінді байланыстыратын – тарих.....
Ортағасырлық Еуропа мәдениеті сол замандағы басқа мәдениеттерден артық болмаса кем болған жоқ. Оған дәлел сол кездегі салынған ғимараттар , ескерткіштер, соборлар жалпы айтқанда сәулет өнерінің қайталанбас, тарихқа бай жетістіктері, азғантай уақыт ішінде Еуропаның әр түрлі қиыншылықта тез ес жинап, ақылға сыймас, көзге тоймас құнды мәдени ошақтың ордасы болып шыға келуі сөз жоқ тек арманмен салыстыруға болады. ....
Ортағасырлық батысеуропалық философия — дүние-таным дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік философиялық ой дамуының тікелей діни-теология-лық шеңбері ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуро-палық философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Фе-ликс, Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонис-тер және Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпал-дарын тигізді. Рим шіркеуі Әулие Августинді (375—383) сенім мен ақылдың үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Ав-густин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде атақты фор-муласын — «сгесіо иі ІтІеШуат, іпІеШсІо иі сгедат» (үғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын) формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің өзара бірін-бірі толықтыру принципі» V— XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ор-тағасырлық философиялық ойының ең негізгі дүниетаным-дық кредосына айналды. Егер Аврелий Августин Рим шіркеуінің «әкейі» болса, онда Боэций (480—526) М.Грабманның дәл сипаттамасы бойынша «соңғы римдік және бірінші схоласт» болып табылады және сонымен қатар Ортағасырлықтың негізін қалаушы ретінде де (Э. Рэнд) орынды саналады. Боэций антик дәуірінің рухани-философиялық мүрасын ортағасырлық мәдениетпен байланыс-тырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы қуат-ты транслятор болып табылады. ....
Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдсгі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалык, (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен-көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. ; Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды Қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін анықтаудың басты шартының бірі оның әлемдегі орнын айқындаумен қатысты. ....
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V—XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдардың арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы келді. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс. ....
Кредиттік оқу жүйесінде студенттердің өзіндік жұмысына аса көңіл бөлінеді. Сондықтан оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің, дәрістерді белсенді және аса белсенді жүйеде жүргізудің маңызы өте зор. Бұл студенттердің жаңа оқу материалдарын игеру дәрежесін жоғарылатады. Және болашақ мамандардың қабілеттерін дамытады. Осы мақсатпен «ПИК-05-8к2» тобының студенті «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен «Орта Азиядағы архетиктуралық ескерткіштер» тақырыбы бойынша кейс зерттеп даярлаған. Кейс әдісілекция сабақты оқытушы қойған нақтылы проблемалық жағдайды жеке топшаларда зерттеп талқылап, содан кейін топ бойынша жалпы шешім қабылдауға және жұмыс нәтижелерін топтың жалпы сөз сайысында презентациялауға негізделген. Сабақты кейіс үрдісімен жүргізу үшін студенттер лекцияның бастауына дейін кейстің тақырыбы мен әне мазмұнымен танысуы керек. Студенттердің алдына қойылған проблемалық жағдайлар пәннің жұмыстық оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес құрастырылған. Оқытушы студенттердің жұмысын бағалаған кезде әрбір студенттің белсенділігін, топта жұмыс орындау қабілеттерін, шешімдерін техникалық рәсімдеу сауаттылығын, проблемалық жағдайды шешудегі жаңа көзқарастарын, жағдайды талдай білу қабілеттерін, альтернативті шешімдерді бағалай білу және өз шешімдерін қорғай білу қабілеттерін ескереді. Бұл кейсті орындау бір лекциялық сабаққа есептелген.....
Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізгі макроэкономикалық тұрақтылық – инфлияцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сандай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, Ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады. «Қоғамдық өмірдің шешуші саласы-экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады». Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтар мен қарым қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдері мен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбүр болып, ТМД елдері мен «интеграция» саясатынан «үйлестіру» саясатына көшіруді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі патенциялдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті. Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүние жүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауылшаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциялдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар. Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады. ....
Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық қасиеті арқылы организмнің жасушалары салыстырмалы өзгермейтін жағдайларда тіршілік етеді және сыртқы орта әсеріне көп ұшырамайды. Ұлпа сұйықтығы Ұлпа сұйықтығы түссі, мөлдір түсті, қанның сұйықтық бөлімінен – плазмадан пайда болады, ол қан тамырлардың қабырғалары арқылы жасушааралық кеңістікке өтеді және жасушаға түсетін зат алмасу өнімдерінен пайда болады. Ұлпаның сұйықтығы организмдегі ұлпаларының барлық жасушаларын қоршап тұрады, олар одан қоректі заттарды, оттегін сіңіріп алады және көміртек диоксидің су және басқа тіршілік өнімдерін оған бөліп шығарады. Ұлпа сұйықтық пен қан (оның плазмасы) аралығында зат алмасу процесі капиллярлардың қабырғалары арқылы диффузия жолмен өтіп жатады. Лимфа Лимфа – жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады. Қан Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады. Қан құрамы Қан плазмадан (55%) – жасуша аралық заттың сұйықтығы мен форменді элементтерден (45%) – эротроцит, лейкоцит және қан (тромбоцит) пластинкаларынан тұрады. Қан плазмасы Қан плазмасы – қанның сұйықтық бөлімі, белоктар коллоидты ертіндісі. Оның құрамына (90-92%) органикалық және анорганикалық заттар(8-10%) кіреді. Плазмадағы оганикалық заттардан ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8%) – албуминдер, глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды).Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдар, мочевина, зәр және сүт қышқылы, ферменттер,гормондар т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0% бөлімін құрайды. Бұл негізінен натрий, калий, кальций, магний т.б тұздары. Тұздардың сұйықтықтың құрамы физиологиялық сұйықтық деп атайды, оның құрамы қан плазмасының тұздар құрамына сай келеді. Медицинада физиологиялық сұйықтық организмге сұйықтық жеткізу үшін пайдланады. Қан плазмасында ерітілген белоктар, минералды тұздар және басқа заттар арнайы осмостық қысымын белгілейді, ол ұлпамен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөль атқарады. Белоктар плазмаға тұтқырлық (вякость) қасиетін береді де қан ұю процесінде де маңызды рөль атқарады.....
Ірі өнеркәсіп орындарының ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз негізделуі және өндірістік қуаттың көп жылдар бойы қарқынды өсуі қоршаған орта тазалығын төтенше ауыр жағдайға алып келді. Осыған байланысты қоршаған ортаның ластануы мен өндірістегі қалдықтардың өсімдіктерге, жануарларға және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу күрделі де маңызды мәселеге айналып отыр. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәлімметтер бойынша Республика жерінің 180 мли га немесе 60%-і шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн га жазық жерлерді, 185 млн га жайылым және 34 млн га таулы аймақтарды алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн га құнарлы жерлердің 180 млн га жер жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн га топырақ эрозиясына үшырап, 60 млн га топырақ түзданып, 10 млп га жерлер химиялык және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн га жерлерін өнеркәсіп орьгадары, транспорттьтқ жолдар, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерінде қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиоактивті. элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстармен (Бетпақ далада) ластану кең таралуда. Кейбір аймақтарда топырақтардын тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы, сонымен қатар Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендеріиің су бассейнінің азаюы, Арал теңізІнің тартылуымен тікелей байлаынысты болып отыр. Мәселен Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағыньң экологиялық жағдайына байланысты 2 млн га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеул орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармсн және радионуклидтермен ластануы жылдам жүруде. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол жерлер республика бойынша 26610,7 мың га алып жатыр. Соңғы жылдары байкалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл-шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі, шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестецидтерді қолданбаудан арамшөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы еғістіктерге 1 млн.т. минералдық және 33,2 млн т органикалық тыңайтқыш берілсе, бүл көрсеткіштер 1998 жылы 16 мың т қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады. Топырақтың ауыр металдармен және радионуклеидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кең орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау зоналарында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд т жетсе, ал 529 объектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн т жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле. Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған. ....
Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераның ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық екіншісіне өте отырып, соңынан адам организіміне келіп түседі. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғаламдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидан тапқан. Олар бұл жерге басқа жер-лерден ауа ағындарымен келіп түскен. Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өз табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы коксхимия зауыттарымен, тау- кен өндіру және целлюлоза- қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкірт сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады. Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық- түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда адамның жолдарының кілегейлі қабығын зақымдап, өкпенің ісік ауруын туғызады. Қоңыр көмірдің жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиян тигізеді. Ластанған өсімдікпен қоректенген жануарлардың, адамдардың организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады. Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топыраққа калий, кальций, магний элементтерінің көбейуіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдік пен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін. Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді. Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал келеді. Улы заттар адам организміне біртіндеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері- адамның тез шаршағыштығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлақ, ұмытшақтық, көңіл- күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмендеуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.....