География | Жаңажол кен орнының солтүстік күмбезіндегі фонтанды ұңғылар

КІРІСПЕ
Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады. Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің, ауылшаруашылығының және траспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газконденсат кен орындарына бай мемлекеттердің бірі. Ал, басым көпшілігі Республиканың батыс бөлігінде орналасқан, соның бірі Жаңажол кен орны болып табылады.
Осы «дипломдық жобаның» негізі болып отырған Жаңажол кен орнында өз мәнінде игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.
Жаңажол кен орны 1981 жылдан бастап өндірістік игерілуге берілді.
Қазіргі уақытта мұнай, газ карбонаттар қабаттың, яғни КТ-1 және КТ-11-нің 8 бөлігінен игерілуде. Оларды шартты түрде «А», «Б», «солтүстік В», «оңтүстік В», «Г-111», «Дв», «Дн», «Д-111» индекстерімен белгіленген.
Осы «дипломдық жоба» жұмысында Жаңажол кен орнының КТ-1 қабаттың солтүстік күмбезіндегі «В» бөлігін, яғни «солтүстік В» бөлігін игерудің технологиялық режимдеріне, кен орнының фонтанды қондырғылармен игерілуіне талдау жасап, осы фонтанды игеруге керекті фонтанды көтергішті талдадым.
Жазылған дипломдық жұмысым осындай кен орнының негізгі мәселелеріне талдау жасауға арналған.

1. ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Кен орын туралы жалпы мағлұмат
Жаңажол кен орны Орал үстірті аймағындағы Мұғаджар тауымен Ембі өзені арасында орналасқан. Әкімшілік басқаруы жағынан Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғаджар ауданына қарайды.
Жергілікте жер рельефі дөңес қыраттардан, сайлардан құралған және плюс 125-тен плюс 270 метрге дейінгі абсолюттік биіктігімен ерекшеленеді. Ең кіші минималды белгісі Ембі өзеніне қарай, яғни кен орнының оңтүстік-батыс бөлігіне қарай еңіс келеді және сол Ембі өзені Жаңажол кен орнынан оңтүстік-батысқа қарай 2-14 шақырымға созылып жатыр. Өзен суы минералданған, сондықтан техникалық қажеттіліктерге құдық сулары пайдаланылады. Құдық және Ембі өзенінің суларының деңгейі 2 метр және одан да жоғары болып келеді.
Аудан климаты құрғақ, кенеттен өзгермелі. Сондықтан қатар ылғалдылығы өте төмен. Қыс мезгілінде температура минус 400 С-қа дейін жетеді. Ең суық айларына қаңтар, ақпан айлары жатады. Алғашқы қар қарашаның ортасына таман түсіп, наурыз айының аяғына дейін жатады. Орта жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері көп емес, ол жыына 120-140 мм шамасында. Ең ыстық айлары шілде, тамыз айлары жатады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорнының қызметі мен еңбек ақы жүйесін талдау

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік -еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
Жоспарлы жүйе жағдайында қалыптасқан еңбек ақыны төлеу мен еңбекті ынталандыру жүйесі жұмысшы күшінің тауарлық сипатын мойындамауға негізделді, ал жұмыскер жалпы халықтық әлеуметтік меншіктің иесі деп қарастырылды. Сол себептен осы кезеңде еңбек ақы жұмыскердің жұмсаған еңбегінің саны мен сапасына сәйкес оған бөлінетін ұлттық табыстың бір бөлігі ретінде қарастырылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жасөспірімдердің жаттығу процесі кезінде жас ерекшеліктерінің алатын орнын зерттеу әдістемесі

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Геология | Ақшабұлақ кен орнында 2100м пайдалану ұңғымасын шиеленісті геологиялық жағдайда роторлы тәсілімен құру

КІРІСПЕ
Ақшабұлақ аумағында пайдалану ұңғымасын орналастыру белгіленген. Оның жобалық тереңдігі – 2100 м., жобалық горизонт – төменгі визей ярусы Ұнғыманы бұрғылау ОАО «Кен-Ай-Ойл» экспедициясы жүргізді. Ақшабұлақ аймағы әкімшілік жағынан Қызылорда облысында сырдария ауданына қарайды. Жұмыс істеу аймағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймағы болғандықтан соған сәйкес өзінің өсімдік және жануарлар әлемі бар. Ауданның рельефі жазық дала, тек орталық және солтүстік жағында құмды үйінділері бар.
Географиялық жағдайда кен орын алаң Торғай оипатының оңтүстігінде орналасқан алаңнан область орталығы Қызылорда қаласынна дейін 120км,
Қазіргі уақытта кен орнына қатынасу жүк машинасымен жеткізіледі.
1 Геологиялық бөлім
1.1 Кен орынның географиялық және экономикалық жағдайы
Географиялық орны бойынша Амангелді газ кешені Шу мен Талас өзендерінің арасындағы Мойынқұм кұмының оңтүстік-батыс бөлігі. Оған оңтүстік-батыс жағынан Кіші Қаратау жазығы ұласып Үлкен Қаратаудың бір бұтағына жалғасады.
Кен орнының географиялық координаттары: -44019/ о.е. 71004/ ж.ұ. Орогенді сипаттамасы бойынша Мойынқұм ауданы солтүстік-батыс бағытына қарай 20 м дейін көтеріліп созылған құмды белестермен
белгілі. Құм шекарасы оңтүстік және оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалғасқан, оны Талас өзені басып өтеді, өзен анғарларына мал айдалып бағылады. Мұндағы жер бедерінің абсолюттік межесі кен орнында +350 - +360 м ұлғайып, Тараз қаласының маңында +600м жетеді. Жазықтықтың оңтүстік жағы көтеріліп Тянь-Шаньға ұласады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экс-шенеунік сұлу қыздармен жұмыс орнында жыныстық қатынасқа түскенін айтып мақтанды

Еліміздің министрліктерінің бірінде жұмыс істеген экс-шенеунік ондағы бірінен бірі өткен сұлу қыздармен күніне бес реттен жыныстық қатынасқа түскенін айтып мақтанды деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Рамазан айы. Ораза. Саламатты азықтану

Сұрақ: Рамазанда денсаулық тұрғысынан ішіп-жегенде мән берілуі керек болған қандай ерекшеліктер бар?
Жауап: Бір дәрігер досымыздың берген жауабы мынадай:
Рамазан айында жүйесіз азықтанған адамдарда әлсіздік, депрессия, асқазанның ауруы және ас қорыта алмауы, қан қысымының төмендеуі сияқты көптеген денсаулық проблемалары байқалуы мүмкін. Сәреге тұрмау немесе сәреде көп мөлшерде майлы тағамдар жеу, ал ауызашарда көп....

Кеңестер
Толық

Алматылық жүргізуші полицейге шабуыл жасап, таныстарымен қорқытқан

Алматыда Toyota Camry көлігінің ішімдікке сылқия тойып алған жүргізушісі полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Ол жолда жүру ережесін бұзғанымен қоймай, полицей талабына құлақ аспастан оқиға орнынан жасырынбақ болған деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық