Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.
Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді. ....
Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер де мына болжамдар орындалып жатса:
1. Товарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда бардың қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндіріс барысында пайдалану керек. 2. Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін товарлар мен атқаратын қызметін анықтау. 3. Қоғамға қажет товарлар қалай өндіріліп , қандай қызмет атқарылуы керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруда қандай технологияны қолдануды анықтау. 4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек. 5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе біліуіне қол жеткізу, яғни тұтынушылар тарпынан сұраным өзгере қалса экономика тез соған бейімделіп, қол-дағы алым-берім мен өндіріс технологиясы жасалу керек.
Нарықтық қатынас дегеніміз – аталған бес шарттың міндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы арасындағы бітістік болып табылады. Нарықтық қатынас кемеліне келгенде иелік ететін екі жақ та мамандалып, өндіріс технологиясы мен өнімін өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды. Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар.Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белглі бір дәрежеде шектеледі.Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндіретін жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді.Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық прогресс пен озат тәжрибеге сүйене отырып , оны көптеп шығаруға тырысады.Ал егер өнім пайда бермесе сұраныс жоқ болса немесе азайса , өндіруші өнім шығаруды азайтады. Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған және өндірушілердің баға көтерушілік ниеттерін тежеу , өнімді сатуға байланысты мәселеллермен маркетинг саласы айналысады. Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады. ....
Бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. Ол тараптар биржа аралық қатынастың сенімділігіне, қаржы мәселесіне тіреледі. Биржа арқылы құнды қағазын өткізген әрбір кәсіпорын көпшілік хабардар болып отыруы үшін, өзінің қаржы жағдайын экономикалық ахуалы, басқарма органдары, алдағы жоспары хақында ақпар беріп тұруға міндетті. Үкімет облигацияларын шығаратын Қаржы министрлігі, болмаса ресми мекемелердің бірі, ал корпорацияның облигациялары инвесторлары қолма-қол немесе коммерциялық банктердің брокері арқылы тартылады. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген кәсіпорындары акционерлік қоғамға айналып жатыр. Өздерінің купонын инвестициялық жекешелендіру қорына өткізу арқылы азаматтар олардың акцияларын алуына болады. Инвестициялық жекешелендіру қоры — акционерлік қоғам мен азаматтар арасындағы дәнекер десек те, делдал десек те болады. 1. Бағалы қағаздар туралы жалпы түсініктеме Бағалы қағаздарға жататындар: компаниялардың акциялары және адамдардың облигациялары, мемлекеттік облигациялар, банктердің сертификаттары, казначейлік вексельдер. Құнды кағаздар ортақ қазанға ақша төленген соң, пайдаға ортақтасуға және корпарация капиталын бөлісуге қақалақ беретін куәлік. Олар әуелде ақша қорын жасау мақсатымен мемлекеттік және жеке-дара мекемелер арқылы сатылады. Сондай-ақ құнды қағазды шығарушылардың да, инвесторлардың да (пайда табу үшін құнды қағазга ақша құйған жеке адамдар) сатуына болады. Оның нарықтық бағасын анықтайтын соны шығарған кәсіпорындар мен инвесторлар, ал ол қағаздың болошақ өтілуіне байланысты. Бағалы қағаздың бағасы қымбаттауы кәсіпорындардың экономикалық, жетістігіне тәуелді, мәселен, зауыт пайданы неғұрлым көп түсірсе инвестордың алатын үлесі де өсе түспек. Егер эмитент (құнды қағаз шығарушылар) шығынға оотырып қалса, оның акциясының құны да арзандап, акцияны сатып алған жұрттың да пайдадан құр алақан қалуы мүмкін. Сондықтан акцияны шығарған кәсіпорындардың экономикалық өндірістік жағдайы жолында әрқашан хабардар болып акционерлердің қалт жібермейтін тірлігінің бір саласы. Облигация - сатып алған жеке адамдардың инвестордың эмитентке берген карызы іспетті. Инвестор облигацияны сатып алу арқылы қарызға ақша құяды, ал эмитент алдағы уақытта оның қарызын өсімімен қайтарады деген сөз. Үкімет орындары да облигация шығарып, кәдімгі салықтан түсетін табыс сияқты оны да мемлекеттік маштабындағы мәселелерді шешіп отырған, ұйымдардың мұқжатына жұмсайды. Сонымен, бағалы қағаз жеке-дара, сондай - ақ мемлекеттер үшін қаражат көзі болып табылады. Ал, инвесторлар пайда табамын деп ақша шығарғанымен, оны қайтарып алуына, өсім түсуіне ешкім кепілдік бере алмайды, көп ретте пайда табудың орнына тақыр жерге отырып қалуы да мүмкін. Сондықтан мұның табысынан тәуекелі басым. Әрине тәуекелге кез-келген бара бермейді, барған өкінбейді. Түптеп келгенде, бағалы қағаз саудасынан эмитентке сауда-саттыққа араласқан басқаларға да түсер пайда көп. Тұтас алғанда бұл экономиканы көтерудің бір жолы өйткені, бағалы қағаздан түскен қаржыны көзін тауып, өндіріске жұмсай білсе, бұдан бүкіл Қазақстан ұтады, жұмыссыздық саны азайып, халықтың тұрмыс жағдайы да жақсара түспек. Бағалы қағаз саудасы биржа қоры аркылы жүргізіледі оның, құнды қағаз жөніндегі Ұлттық комиссия бекіткен өз талаптары бар. ....
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз. Мысалы, Қазақстанда құлиеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстрады. Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар. Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты-өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі - жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды. Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бала түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті. Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С.Бәкішевтің мәліметтері бойынша, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған. Қазақтардың күнкөрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды. ....
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді. Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді. ....
Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда оларды теориялық, құқықтық жағынан ажырату қажеттілігі бар. Қор нарығы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал бағалы қағаздар нарығы одан кең – эмиссиялық және туынды бағалы қағаздар нарығынан құралады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, мұны тек қор нарығының үлесіне тиеді. Өкінішке орай, бағалы қағаздар нарығының басқа элементтері, яғни туынды бағалы қағаздардың даму сипаты жоқ. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады. Бағалы қағаздар нарығына келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздар нарығы – бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуі сипат алатын қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде – капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады. ҚР заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және «бағалы қағаз» мәртебесіне ие құралдар қарастырылған. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады. Заңнамаларды салыстыру негізінде, Азаматық кодекс пен Бағалы қағаздар нарығы заңдарының сәйкессіздігі байқалады. Сонымен қатар, инвестициялық қор туралы ҚР заңында пайды бағалы қағаз түрі деп бекітсе де, өзге құқықтық құжаттарда пай бағалы қағаз мәртебесі ретінде негізделмеген. «Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. ....
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық-экономи-калық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы – FOREX (Foreign Exchange Operations – шетелдік айырбас операциялары) деп аталады. Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр. Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады. Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді. Қазақстан Республикасында КASE қор нарығында тек акция, облигациялармен ғана емес, сонымен қатар валюталармен де операциялар жасалады. Ұлттық валютамыз – теңге 1999 жылдан бастап еркін жүзу бағамымен келе жатыр, яғни оның бағамы сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталатын болды. Еркін жүзу бағамы – ел экономикасының жаңа дәрежеге көтерілгенінің белгісі. Валюта нарығы ел экономикасын қан жүйесі секілді. Валюта нарығын реттеу – бүкіл ел экономикасын реттеудің алғы шарты. ....
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі даміы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр. Ішкі күштер жылына қажеттіліктердің тек 6 пайызын қамтамасыз етеді. Қалғаны жақын және алыс шетелден импортталады. Осыған байланысты, бүгінгі күні республиканың денсаулық сақтау басқармасы шетелден дайын дәрәләк препараттарды сатып алу үшін қажет валюталық құралдардың бар болуына 94 пайыздан астам тәуелді. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Республикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік препарраттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру. Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді....
Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал.
Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді.
Манарбектің қазақтың ән мәдениетіндегі орны өзгеше, ол халқымыздың топжарған абыройлы асқақ әншісі бола білген жан. Манарбектің атымен оның күмістей таза ашық та жарқын «жарқылдаған» жауҺар дауысы, орындаушылық шеберлігі, әншілігі күні бүгінге дейін халқының қайнар бұлақ қасиетті қазынасына айналып отырғанына біздер куәгерміз.
Табиғаттың шынайы тұнбасындай әндер мен күйлердің иесі опера театрының маңдай алды ән саңлағының туғанына жүз жылдық торқалы тойы 2002 жылы аталып өтті. Манарбек Ержанов Қарағанды облысы Қарабұлақ деген жерде Қарқаралы маңында дүниеге келді. Атақты Қарқаралы … қазақ мәдениетінің ән мен күйінің пайғамбарлары «үйірімен үш тоғызы» Әміре мен Жүсіпбек, Естай мен Қали, Қосымжанды берген құнарлы топырақта Манарбектің тууы тегіннен тегін еместі.
Әншінің ата-анасы да табиғатынан тума талантты жандар болатын. Әкесі қол өнерінің асқан шебері темірден түйме түйетін ісмер-ұста әрі майталман күйші-домбырашы болса, шешесі әнді жақсы салған.
Манарбекті өнерге баулыған ұстазы атақты дала музыканты Күсенбай ғажап күйші, әнші еді. Болашақ арқа ән дәстүрінің майталман шебері Манарбек үшін ұлттық өнеріміздің аңызы болған Әміре Қашаубаевтың өнері биік бедел үлгі-өнеге болды. Әнші жастайынан-ақ Сары арқаның әншілік мектебінің қыры мен сырын бар құпыясын жетік меңгеріп Біржан салдың, Ақан серінің, Жарылғапбердінің, Естай мен Жаяу Мұсаның, Шашубайдың әндерін тамылжыта шырқады.....
Тауарлар мен қызметтерді өндіріп сататын фирмалар тауар нарығы мен еңбек нарығында бәсекелі фирма болуы мүмкін. Кейбір фирмалар тауар нарығында бәсекелі фирма болғанымен еңбек нарығында монопсонист болуы мүмкін. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында бәсекелі фирма ретінде қызмет істейтін фирмалар да болады. Тауар нарығында монополист, ал еңбек нарығында монопсонистер де кездеседі. Демек, жұмыскер өзінің еңбегін әртүрлі нарықтық құрылымдарда ұсынады. Еңбекті сатып алушы фирмалардың нарықтағы экономикалық жағдайларына байланысты еңбекақының ставкасы қалыптасады. Еңбекақы мен жұмысбастылықтың деңгейіне кәсіподақтар тарапынан бақылау қойылады. Кәсіподақтар жұмыс күшінің ұсынысын реттеу арқылы еңбекақының деңгейін көтеруге, жұмысқа жалдаушылармен жасалатын келісімшарттар арқылы өздерінің экономикалық және әлеуметтік талаптарын жүзеге асыруға тырысады. 2006 жылдың екінші тоқсанында алдын ала деректер бойынша жалдамалы қызметкерлердің саны 4,6 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың баламалы тоқсанындағыға қарағанда 255,1 адамға, яғни 5,8 пайызға көп. Олардың 38,8 пайызы мемлекеттік ұйымдарда, 41,7 пайызы мемлекеттік емес ұйымдарда, 12,5 пайызы жеке тұлғаларда, 7 пайызы шаруа қожалықтарында жұмыс істеген. Сонымен қатар, ірі және орта кәсіпорындарда 2,6 миллион адам немесе жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 55,4 пайызы жұмыс істеген көрінеді. Ал енді, республика экономикасында 2006 жылдың екінші тоқсанында 7,3 миллион адам жұмыспен қамтылғандығы көңіл қуантады. Жұмыспен қамтылғандар құрамында жалдамалы қызметкерлер үлесі 63,8 пайызды, ал өз бетімен жұмыспен қамтылғандар 36,4 пайызды құрады. Республиканың өнеркәсібі мен құрылысында 1,3 миллион адам, қызмет көрсету секторында 3,6 миллион адам қызмет көрсетуде. Осы тұста үстіміздегі жылы жұмыссыздар саны 634,1 мың адамды құрағандығын айта кету керек. Соның салдарынан осы салада бүгінгі таңда республикамызда жұмыссыздық деңгейі 8 пайызды құрап отыр....