Сабақтың тақырыбы: 9 - мамыр Жеңіс күні. 8.05.2019 ж
Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер; мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Мерзімі: 19. 05. 2018 ж Бастауышпен қоштасу мерекесі Тексерілді : Р. Қожамжаров
Сабақтың тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»
Сабақтың мақсаты: «Аттандық бала шақтан-болашаққа» бастауышпен қоштасу мерекесімен таныстыру. Ұстаздарымыз бен мектеп туралы түсіндіру. Бітіруші бастауыш түлектеріміз туралы мәлімет беру. Оқушыларды мектебін, ұстаздарын құрметтеуге, өз елін, жерін сүюге баулу, тәрбиелеу.
Білімділігі: Ұстаздармен мектеп рөлін еңбегін айту.Ұстаздарды....
Нарық дегеніміз — тауарды (қызметті) сатып алу болмаса сату мақсатында сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас орнығатын кеңістік. Онда ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті жеке тауар, жергілікті тауар, ұлттық тауар, аймақтық тауар және дүниежүзілік тауар деңгейінде зерттеледі. Нарықтық экономикада адам, бір жағынан, игілікті жасаушы болса, екінші жағынан, сол игілікті тұтынушы. Игілікті адамдар арасында бөлу мен тұтынуда да бағаның қызметі зор. Нарық пен адамдар арасындағы экономикалық әрекет сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының түйіскен жерінде, яғни нарықтық бағамен шешіледі. Нарықтық экономиканың үлгілер. Нарықтық экономиканың даму үлгілері әлемнің әр жерінде түрліше қалыптасқан. Дүниежүзілік тәжірибедегі нарықтық экономика үлгілері ....
Құнды қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бүғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар құндықағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдары тағы да бір маңызды оқиға болды. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған құндықағаздармен делдалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялық банктер өз қолдарына алды. Ресейге брокерлік бизнес осы Гермаииядан келді (аз мөлшерде Франциядан) "Маклер", "биржа", "акция" деген үғымдар осындай финанс инвестициясының тәжірибесімен бірге санаға енді. ....
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемелекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді. Заң ғылымы - қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дүниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т.б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Мемлекет және құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті. Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады. ....
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын соңды болған емес. Қаржы рыногы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен) етене байланысты ....
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті. Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама – қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. ....
Қаржы деревативаның нарықтық өндірісі – бұл жедел контракт нарығы. Тіркелген валюталық бағамның түзетулерінен кейін және пайыздық ставкаларды бақылаудан кейін ол әлемдік қаржылық нарықтың динамикалық сегменті болды. Деревативтер қаржы қаражаттарын өндірумен көрсетеді. Яғни, базистік активте негізделген, демек оларды ұсынатын. Өндіріс деревативтерінің белгілері, активтің базистің баға негізінде баға осы құралдардың анықталуы болып табылады. Қаржылық базистік актив ретінде валюталар, құнды қағаздар, несиелер, сондай-ақ басқа өндіріс құралдары шығады. Келісім шарт негізінде жатқан активті жүзеге асыру үшін белгіленген мерзім болған кезде немесе ағымдық нарықтық баға бойынша құқықтарды міндеттемелерді өтеу үшін мүмкіншілік береді. Халықаралық валюта қорын анықтау бойынша, деривативтер – бұл қаржылық келісімшарттар, құны олардың тауардың баға негізінде жатқан немесе құнды қағаздармен, пайыздық деңгейімен, валюталық бағаммен анықталады. Деривативаларды құралдар бойынша, жабылатын тәуекелдер бойынша, әдіс бойынша және сату орны сатып алу бойынша жіктеуге болады. Тәуекелділік бойынша қаржылық деривативалар ортасында пайыздық деривативалар (interest rate derivatives), валюталық деривативалар (currency drivatives), акция индексіндегі деривативалар (stock market index derivatives) (кемімелі бойынша) неғұрлым көп тарату алды. Несие дериватива нарығы қарқынды дамуда, яғни өзінің негізінде корпоративтік және коммерциялық заемдары, сондай-ақ облигациялары бар. Нақтылық деривативалар әдісі бойынша еркін саудалы деривативаларға және (exchange – traded derivatives OTC) бөлінеді. Еркін саудалы деривативалар стандартталған өнімдерді, ұйымдастырылған биржада сатылатын өнімдерді шығарады. Сатып алу кезінде сату кезінде осындай келісімшарттарды сенімді депозиттерде немесе кепілге (margin) талап етіледі.....
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады.Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі. Сондықтан,қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі.Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді.Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар: - реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады; - ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді; - бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының айналымын экономиканың бір саласынан екіншісіне,нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне,бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ететін,қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді; - коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі; - баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъекті ретіндегі үш тобы бар: - үй шаруашылығы - меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші сүбъектілер; - мемлекеттік басқару органдары. Жоғарыда айтылғандарды түйендей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады: - қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту; - монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету; - бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет; - бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты ....
Рынокты талғамдары, талаптары, мәдениеттік ерекшеліктері бар әр түрлі сұраныс деңгейімен сипатталатын тұлғынушылар құрайды. Осы кезде компания негізгі тұтынушылар тобын анықтау барысында олардың мінез-құлқына ерекше көңіл аударуы тиіс. Осы кезде тұтынушылар мұқтаждықтарын толық біліп барьш, өнім ұсыну қажет. Мұқтаждық адамның мәдениет деңгейімен белгіленетін қажеттіліктің өзгеше түрі. Тұтынушылардың мінез құлқының калыптасуында олардың мәдениеті ерекше орын алады. Жалпы мұқтаждықгар келесі негіздеулер бойынша жіктеледі: субъектілері бойынша; жекелей және қоғамдық; абстрактілік деңгейіне қарай; абстрактілік және нақты; өндіріс процесіне катысты: экономикалық және экономикалық емес; өзектілігі бойынша: бірінші. екінші және алысталған. Тұтынушылардың мінез-құлқын оқуға негізделген сатып алушы мінез-құлқының моделі әрекет етеді. Рынок бойынша маманның басты мақсаты - әр түрлі тіркендірушілер мен жауап реакциясы пайда болғанда тұтынушы санасының "қара жәшігінде" болған өзгерістерді білу. "Қара жәшік" екі бөліктен тұрады: 1-шісі сатып алушы сипаттамасы, адамның тітіркендірушілерді қабылдауы мен жауап кайтаруына негізгі әсер етуші; 2-шісі - нәтижесі тәуелді сатып алу шешімін кабылдау үрдісі ....