Медицина | Сырқатыңның бар дауасы табиғатта

Зерттеудің негізгі мақсаты:
- Табиғаттың адамға тигізер пайдасы туралы ұғым беру, білімін кеңейту. Адамның денсаулығына шипа болатын табиғат ерекшелігін меңгерту;
- Табиғат қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу, оқушылардың табиғат жөнінде ой - өрісін кеңейту;
- Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу. білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; оны қорғауға, ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Зерттеудің кезеңдері:
1. Әдебиеттер жинақталып, зерттеу материалдары жүйеленді
2. Жиналған материалдар оқылып, талқыланып, жоспарланды.
3. Көрнекіліктер дайындалды.

Зерттеудің жаңалығы:
- Табиғаттағы тіршілік атаулының адамға тигізер пайдасын ұғындыру

Қорытынды:
Елбасының Жолдауындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулықты қорғау, нығайту, талабы, бағытында, сондай - ақ Жолдауда атап кеткен ұрпақтық саулығы үшін аталған міндеттер мен нормаларға сәйкес іс - қимылды жүргізудің біздің елімізде қолға алынған. Дені сау ұрпақ қатарын көбейтуде атқарылар шаралардың өзіндік маңызы өте зор
Жоспар
1 Кіріспе бөлім.
2 Негізгі бөлім
а) Табиғат деген не?
ә) Жергілікті жердегі өсімдік пен жануардың адамға тигізер пайдасы.....
Ғылыми жобалар
Толық

Медицина | Тіс сұлулығы

Мақсаты: тіс гигиенасын дұрыс қалыптастыру және тіс ауруларының алдын алу.
Жұмыстың міндеттері:
• тіс гигиенасын сақтау;
• аурулардың алдын алу;
• тісімізді сақтауда қолданылатын іс - шаралар;
Жұмыстың өзектілігі: Әрбір адам өзінің денсаулығын күту керек! Тіс - адам денсаулығының басты тірегі деп айтуға болады. Сау тістермен күлімсіреу – бұл саулықтың, әдеміліктің, сәнділіктің және мәртебеліліктің көрінісі!

Мазмұны
І. Кіріспе
Тістің экологиялық сипаттамасы
ІІ. Негізгі бөлім
Тіс гигиенасы
ІІІ. Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша.....
Ғылыми жобалар
Толық

Медицина | Шұбаттың емдік қасиеті

Кіріспе.
Түйе – төрт түліктің төресі. Ауыр жүк артылып, алыс сапарға жегілсе де мыңқ етпейтін маңғаз жануардың қадірін көшпелі жұрт қатты білген. Айрықша күтімді қажетсінбейтіндіктен «кедейдің малы»атанған жануар табиғи жайылымды тез қоңданады. Әрі оның сүті мен шұбатты медицина тарапынан емдік сусын ретінде мойындалғаны да белгілі. Көзін тауып, өңдей білсе, жүні де өнеркәсіпте таптырмайтын шикізат. Міне, осындай пайдасы мол мал тек әлемде санаулы мемлекеттерде ғана бар. Соның бірі біздің елімізде. Алайда, түліктің төресі түйені өсіріп, оның өнімдерін ұлттық брендке айналдыра алмай отырғанымыз да шамбайымызға бататын шындық. Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан кешенді бағдарлама жасалып, осы саладағы ұсақ-түйек шаруашылыққа барынша нақты қолдау көрсетілмесе бүгінгідей мысықтабандаумен ұзаққа бармайтынымыз белгілі......
Ғылыми жобалар
Толық

Медицина | Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер

Жұқпалы аурулар және олардың алдын алу
Қазақстан аймағының эпидемиологиялық жағдайы. Қазақстанның кең-байтақ территориясында әр түрлі климатты географиялық сипаттамасында обаның, туляремияның табиғи ошақтарының болуына, көптеген елді мекендерде тазалық жағдайларының жетілмеуіне байланысты эпидемия (аурулар індеті) түріндегі өте қауіпті және басқа да жұқпалы аурулардың пайда болуының барлық алғышарттары бар. Одан бөтенде олардың туындауына халықаралық байланыстардың кеңеюі, қанағаттанғысыз санитарлық-тазалық жағдайлар мен тұрғындардын қалаға шоғырлануы себеп болуда. Халықтың көшіп-қонуы медициналық дәрі-дәрмекті, құрал-жабдықтарды уақытылы жеткізуге мүмкіндік бермейтін көршілес елдер арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақсыздығы да себеп болады.
Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия секілді іш аурулары, грипп басқа да жұқпалы инфекциялар, дифтерия, қызылша, көкжөтел, полиомелит, эпидемиялық паротит, туберкулез, құтырыну," бруцеллез, кене энцефалиті, безгек, оба, жұқпалы сары ауру, тырыспай, түйнеме (сибирь язвасы) тіркелген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Колледждер ортасында денсаулықты сақтаудағы мәдени денсаулықты қалыптастыру факторлары

Мақсаты: жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс - қимылдарын келістіру.
Міндеттері:
● жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;
● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық - педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т. б. ресурстарды шоғырландыру;
● балалар мен жасөспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым - қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;.....
Ғылыми жобалар
Толық

Медицина | Жүрек - Электрокардиографтың құрылысы, жұмыс істеу принципі

Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы.
Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні.
Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Жастардың нашақорлығы әлеуметтік мәселе ретінде және оны шешу жолдары

Кіріспе.
Нашақорлық – жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі. Осыдан бірер жыл бұрын есірткілер экзотика сияқты естілген,егер баспасөз бетінде ол туралы жазылса, ол буржуазиялық қоғамның « шіруінің » белгісі ретінде қабылданды. Қазір бұл қасірет қазақ жеріне де келіп жетті. Батыс елдерінде есірткімен күрес бағдарламалары үшін мол қаржы бөлінеді де , олардағы жағдай біршама тұрақтанған, кейбір жерлерде нашақорлардың « қартаюы » байқалып та қалады. Ал Қазақстанда, басқа да ТМД елдерінде сияқты керісінше, нашақорлыққа жастарды тарту, соның ішінде жасөспірімдерді тарту процесі өріс алып келеді.
Ғылыми деректердің қорытындысына қарағанда, адамдардың жұмыс қабілеті 110-120 жасқа дейін сақталып, жасы орта есеппен 140-160 қа жетуі керек екен. Өмірде аз да болса 110, 120, 140, 170 одан да көп жасап отырған адамдар бар екені барлығымызға да мәлім. Олай болса, адам баласының ұзақ өмір сүре алатынына бұл жағдайдың өзі де дәлел болады.
1795 жылы Токио қаласына, бірінші министірдің шақыруы бойынша Жапонияда ең ұзақ жасаған шаруа Мампэ келеді. Оның жасы 194- те екен, ал әйелі 173- те, баласы 153-те, немересі 105- те болған.
Англияда Фома Карне 207 жасқа келіп, он екі ағылшын королін көрген.
Әзірбайжанда өмір сүрген 168 жастағы Шерәлі баба Муслимов туралы газет журналдардың беттерінде жарияланғандағы мәлім.
Сондай-ақ, әлемге әйгілі ақын Жамбыл атамыз 100жыл өмір сүрген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ЖАСТАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Тұқымқуалаушылық қасиеттерімен физиологиялық өзгерістерін анықтау
- Жастық кезеңде отбасын құрудан кейінгі генетикалық және физиологиялық өзгерістерге зерттеу және сараптама жасау
- Қазіргі кезеңдегі қоғамда жастардың отбасы құруының кейінгі ұрпақтың физиологиялық және генетикалық дамуына ықпалы
- Ұрықтанудың дұрыс жетілуіне әсер ететін факторлар. Медицинада генетиканың жаңа әдістерін пайдаланудағы жетістіктері
- Ұрақтың дұрыс жетілуіне кедергі келтіретін факторлар.
- Акселерация.
Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Медицина | Жаракаттар, алгашкы медициналык комек

Жарақаттар, алғашқы медициналық көмек.
Алғашқы медициналық көмектің міндеті — жарақаттанған адамның өмірін сақтап қалудың қарапайым шараларын жасау, көп қиналудан асқыну мүмкіндігінен сақтандыру, жарақат немесе ауру зардаптарының жеңілдеуіне мүмкіндік жасау.
Жазым болған жерде алғашқы медициналық көмекті жарақаттанған адамның өзі (өзіне-өзі жәрдемдесу) немесе оның серігі (өзара жәрдем), жасақшы санитар қыз көрсетуіне болады. Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мынадай шаралары бар: қанның ағуын уақытша тыю, жараға немесе дененің күйген жеріне стерильді таңғыш байлап, қолдан тыныс алдыру және жүрек тұсын ұқалау, антидоттар жіберіп, антибиотик ішкізу, ауруды басатын (шок кезінде) дәрі егу, жанып жатқан киімді сөндіру, тасымалдауға әзірлеп, иммобильдеу, дөңесін жылыту, ыстық пен суықтан сақтау, противогаз кигізу, жарақаттанған адамды зақымданған жерден, әкетіп, аз-аздап санитарлық тексеруден өткізу.
Алғашқы медициналық жәрдем неғұрлым тез көрсетілсе, зақымданудың бұдан былайғы барысы мен сауығу нәтижесіне, тіпті өмірді сақтап калуға шешуші әсер етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Үсік шалғанда алғашқы көмекті қалай көрсетеді?

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы үсік шалған кезде алғашқы көмек көрсетуді және қатты аязда өзін қалай сақтаудың жолдарын ұсынады.

Үсік шалу – төмен температураның әсерінен ағзаның кез келген жерінің бүлінуі.

Үсік шалу дәрежесі:

І дәрежелі үсік шалу (ең жеңіл түрі), әдетте, суықтың қысқа уақытта әсер етуінен туындайды. Зақымдалған тері учаскесі ақшыл болып, жылынғаннан кейін қызарады, кей кезде реңі бозғылт-қызыл болады, ісік туындайды. Тері жансызданбайды. Үсік шалғаннан кейін бір аптадан кейін тері қабаты түсе бастайды. Науқас үсік шалғаннан кейін 5-7 күннен кейін жазылып шығады. Мұндай үсік шалудың негізгі белгілері – күю сезімі, зақымдалған тері учаскесінің шаншып, соңынан ұйып....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық