Тиеп түсіру машиналары Тиегіштер түрлері Жұмыс процесі

Қолданылуы: сусыма және ұсақдәнді, сонымен қатар даналы материалдарды тиеу және аудару үшін қолданылады. Жұмысшы жабдық нұсқаларының көптігі және жұмыс органдарының ауыспалылығы құрылыс тиегіштерінің жұмыс жасау облысын кеңейтіп, оларды құрылыс тасымалының барлық этаптарында қолданылатын универсалды машинаға айналдырады.

Негізгі параметрлері: максимал жүккөтергіштігі – тиегіш гидроцилиндрлері көтере алатын жүктің ауырлық күші.

Біршөмішті фронталь пневмодөңгелекті тиегіштер.

БФПТ-тердің жұмысшы жабдығы жебе, коромысло, тартқыш, гидроцилиндрлер құратын рычагты механизмнен тұрады.
1. Қызметіне қарай тиегіштерде рычагты механизмдердің екі типі қолданылады:
2. Шөміштің аударылуы кезінде төмен жылдамдық пен жұлқу күшінің артуын қамтамасыз ететін Z типті механизм;
3. Жұлқу күшінің төмендеуін, шөмішті лақтыру жылдамдығын артуын қамтамасыз ететін Н типті механизм.

Тиегіштердің тік кескіш жүздері бар тіссіз стандарт шөміштері мына жағдайларда қолданылады: үйме қысымы 1.8 т/м3 құм, гравий және сазды топырақтарды тасымалдау. Кескіш жиек беріктігі жоғары кескіш болаттан дайындалады. Сонымен қатар, түсіру биіктігін ондаған сантиметрге жоғарылатытын, машинаның универсалдылығын арттыратын жақты шөміштер де қолданылады, бірақ олар жұмысшы жабдықтың күрделенуіне, қосымша гидравликалық контурлар орнату қажеттілігіне және пайдалы күштің төмендеуіне алып келеді.
Гранитті щебень мен жарып алған тау жыныстарымен жұмыс жасау кезінде тісті немесе тіссіз жиектері тік, сыртқа шығыңқы беріктігі жоғарылатылған шөміштер қолданылады.
Сыйымдылығы жоғары шөміштер (2.5…3 есе) жеңіл материалдарды жүктеуге қолданылады: көмір, торф, тұрмыс қалдықтары, қар.
Шөміштің жерде аударылу бұрышы оның толу дәрежесін анықтайды. Ең жақсы нәтиже соңғы этапта шөміштің ашылу кезінде жақтары жер бетіне параллель болған кезде алынады. Аудару бұрышының диапазоны 340 пен 500 аралығында өзгеріп отырады. Ол гидроцилиндр өлшемі мен рычагты механизм типіне тәуелді болады.
Шөміштерден басқа заманауи БФПТ даналы жүктерді поддонға орналастыруға арналған грейферлі жақты әртүрлі айырлармен жабдықталуы мүмкін. Сонымен бірге БФПТ, кранды құрылғылармен жабдықтала алады. Ауысымды бөлшектерінің көптігі жылдамдығы жоғары тез әсер ететін қапсырмалардың сұранысқа ие болуына әкелді.
Пневмодөңгелекті тиегіштер гидротрансформаторлы жіне күш түсірілген КПП-сы бар гидромеханикалық трансмиссиямен жабдықталады. Көп жағдайда тиегіштердің жылдамдық таңдауы жұмысшы органға түсіп тұрған жүкке байланысты автоматты түрде болады. Трансмиссия беріктігі жоғары, иілуші моменттері жоқ, дифференциалды, төмендеткіш редукторлы және аз жүк түсірілетін көпдискті тежегішті жартылай осьтермен кешендендірілген. Соңғы уақытта БФПТ-ларға энергияның қозғалтқыштан КПП-ға өтуін қамтамасыз ететін гидрокөлемді трансмиссиялар орнатылады.
Мұндай трансмиссияларды енгізудің мынадай артықшылықтары бар:
Қозғалтқыш кез-келген жұмысшы күштердің толқуы кезінде оптимал режимде жұмыс жасайды;
Ең көп тарту күшіне ықтимал максимал жылдамдықта автоматты түрде қол жеткізуге болады;
Тарту күшінің шамасы тиегіштің басқа жүйелерінің жұмыс жасауға кететін қуатына тәуелді болмайды;
Отын шығының төмендеуі.
Барлық заманауи БФПТ-лар функциялары келесі түрде сипатталатын автоматты жүйелермен жабдықталады – ол оператордың жиі қайталанатын операцияларға назар аудару қажеттігін болдырмайды: берілістерді қойып отыру, жұмыс режимін алмастыру, машина жылдамдығының күшке адаптациясы және т. б. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Информация және есептеу машиналары

Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғылар құрастырған. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абақты — орыс есеп шотына ұқсас құрылғыны пайдаланған.
XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардын бірі математик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.
Савдарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. аягыңда екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған. ....
Рефераттар
Толық

Аспап жасау | Электр машиналарды бақылау мен диагностикасының виртуалды өлшеу кешенiн әзiрлеу

Кіріспе
Қазіргі таңда оқу процессінде дәстүрлі зертханалық стендтердің орнына
заманауи ақпараттық технологиялар қолданылады. Бұл технологияның мәні
күрделі және қымбат аспаптар мен олардың эквиваленттерінің орнына нақты
ақпаратты құралдарды өңдеушілердің бірі виртуалды өлшегіш аспаптарды
құрастыруда қолданылады. National Instruments өнеркәсіп кәсіпорыны болып
табылады. Қорыта келетін болсақ, физикалық және ақпараттық бірыңғай
кешен құрамын біріктіріп, нақты моделдеудің кең мүмкіндіктерінде толық
функционалды зертхананы құру болып табылады.
Қазіргі уақытта мәліметтерді жинау технологиясы өте кең таратылған:
ғылыми-зерттеу қосымшалардан бастап әр түрлі сынақтар мен өнеркәсіптік
автоматтандыру есептеріне дейін жүреді. Виртуалды іс-тәжірибе құру
қағидаларына жауап беретін National Instruments компаниясының LabView
бағдарламасы болып келеді. LabView немесе Laboratory Virtual Instrument
Engineering Workbenсh (зертханалық виртуалды аспапты өңдеу ортасы)
мәліметтерді жинау және аспатармен басқаруға арналған стандартты құрал
ретінде өндірісте, білім беру орталықтарында және
ғылыми-зерттеу зертханаларында кең қолданылатын графикалық бағдарламалау ортасы.
Сонымен қатар, LabView компьютерлік модельдеуді қоса отырып, кез-келген
есептердің барлығын дерлік шығаруға жарамды, бағдарламалаудың қуатты
құралы болып табылады. Оның «виртуалды аспаптары» нақты объектілермен
және де олардың математикалық модельдерімен де жұмыс істеуге қабілетті.
Мәліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін ғалымдар мен инженерлер PCI,
PXI, Compact PCI, PCMCIA, USB, FireWire шиналары бар, сонымен қатар
тізбекті және параллельді портты дербес компьютерлерін қолданады.
Мәлiметтер жиынының көп құрылғысы компьютерге тiкелей бекiтiледi және
мәліметтерді тікелей оның жадына жібереді. Есептер қатарында ДК-ге
Ethernet желісі немесе тізбектей және параллельді порт арқылы қосылған
мәліметтер жиынының жойылған құрылғылары қолданылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Ауыл шаруашылық машиналары пәнінен Егістікті қатар аралық өңдеуге арналған машиналар тақырыбына әдістеме жасау

.Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.
Н.Назарбаев: ... Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. «Қазақстан халқына 2008 жылдың 6 ақпанындағы Жолдауынан»
Ендігі міндет - әр азамат, әр ұжым, осы Жолдаудан туындайтын өзінің жауапкершілігін сезіне білуінде. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ұжымы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің дамуы үшін заман талабына сай білікті мамандар даярлай отырып, агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізуді, оларды өндірісте кеңінен пайдалануға жәрдем беруді өзінің басты мақсаты деп санайды.
Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің ауыл шаруашылығында азық-түлік өнімінің жылдық өсу деңгейі жоғары қарқынмен өсті. 2002-2007 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 557 млрд. теңгеден 1050 млрд. теңгеге дейін өсті...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Кәсіби оқыту | Кәсіптік лицей жағдайында Ауылшаруашылық машиналар пәніне молотилка тақырыбын оқытуда интерактивті технологияны қолдану

Кәсіптік-техникалық білім берудің тиімділігі жоғарғы ұлттық жүйесін қалыптастыру – ел экономикасының қарқынды дамуының маңызды факторы. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау арқылы Қазақстан қоғамының әлеуметтік тұрақтылығын сақтау деген сөз.
«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарлама екі кезеңде жүзеге асырылады деп жоспарланған. 2008-2010 жылдарды қамтитын алғашқы кезеңде кәсіптік һәм техникалық білім беруді сатылы дамыту мен білім беру бағдарламалары жаңартылады. Оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 58 178,9 миллион теңге, оның ішінде 2008 жылы – 5707,8 миллион теңге, 2009 жылы – 23 486,7 миллион теңге, 2010 жылы 28 984,4 миллион теңге бөлу қарастырылып отыр. Ал екінші кезеңде (2011-2012 жылдар) білім берудің осы саласын неғұрлы орнықты қызметпен қамтамасыз ету және реформаны дамыту көзделген.
Қазақстан экономикасында ауыл шаруашылығы басты орын алады. Оның өркендеу деңгейі қазақстандықтардың қоғамды-саяси және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторы болып саналған және санала бермек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Технология | Аксиаль роторпоршеньді машиналар

Аксиаль роторпоршеньді машиналар аз өлшемдерде жоғары өнімділікпен және едәуір қысымдармен болып келеді, сондай-ақ олардың айналатын бөлшектерінің екпіні аз және реттеу дәлдігі жоғары. Бұл айтылғандар олардың қолданудың кеі аймағын қамтамасыз етеді.
Тау кен өндірісінде АПРМ-дар арнайы орындалған және сериялы шығарылатын машиналар ретінде қолданылады. Сериялы машиналар 1200л/мин-ке дейінгі өнімділікпен 20,0 МПа-ға дейінгі қысымға арналып шығарылады....
Курстық жұмыстар
Толық

Доллардың тұрақсыздығынан қара базардағы көлік бағасы екі есеге түскен (видео)

Айырбас бағамы ырыққа көнбей кеткен доллардың тұрақсыздығы көлік саудасына да кері әсерін тигізуде. Сатушылар доллар өскен сайын, көлік бағасын түзетіп, төмендетіп жазуға мәжбүр деп хабарлайды 31 арна.
Жаңалықтар
Толық