Маркетинг | Халықаралық жарнама агенттіктері және олардың туризмнің дамуындағы ролі

Кіріспе
Экономиканың қарыштап дамуына байланысты коммерциялық және әкімшілік мәселелерді шешуге арналған өзара байланысты деректер көбейіп келеді. Өзара байланысты деректерді ақпараттар жүйесі деп атайды. Мұндай жүйе негізінен адам еңбегін жеңілдетуге бағытталған. Осындай ақпарат тарату жүйесі жарнама қызметі саласында жұмыс атқаратын ұйымдар мен құрылымдар қызметінің де ең негізгі құраушы элемент болып табылады. Ал бұл жағдайда ақпараттың оперативтілігі мен шынайылығын қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Жарнамалық қызмет мекемелерінің осы жүйені дұрыс қолдана алуы оларды үлкен бәсекелестік қабілетпен қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде жарнама біздің өмірге мықтап орныға бастады. Жарнама өнеріне үйрететін әр түрлі мекемелер ашылуда. Сәйкесінше осы саладағы мамандандырылған фирмалар да көбейіп келеді. Оның бір мысалы – жарнама агенттіктері. Жарнама (французша – «айғайлаймын») тауарлар мен қызмет түрлері жайлы ақпарат беретін және оларға сұранысты қалыптастыруға бағытталған маркетинг шараларының бір түрі болып табылады. Ол экономиканың нақты құралы және нарықтық жүйенің негізгі реттеушісі. Жарнамалық шараларды ұйымдастыру оңай жұмыс емес. Оны жүзеге асыру үшін жоғары дәрежелі мамандар мен арнайы жарнамалық бөлімдердің аса қажырлықпен жұмыс істеуге тура келеді. Ал осы шараларды негізінен ұйымдастыратын жарнама агенттіктері болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық