Қазақ тілі | Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстары арқылы тіл мәдениетін ұстарту

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға ұмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет калған жоқ. Соның әсерінен қазақ тілін оқыту үрдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді. Бұл үрдіс оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана-сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жакты дамытуға арналған.
Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесі жайлы сөз етті. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екенін айтқан. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуына жағдай жасауымыз керек делінген. Сонымен қатар ЖОО-дың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек делеіген.....
Курстық жұмыстар
Толық