Логикалық сұрақтар туралы жұмбақтар жауабымен

Көлемі бірдей болған 8 доптың жетеуінің салмағы бірдей, ал біреуі басқаларынан ауырырақ. Күйентелі таразымен (екі жақта табағы бар таразы) екі рет өлшеп ауыр болған допты таба аласыз ба?
Доптар 3, 3 және 2 етіліп үш топқа бөлінеді. Алдымен 3-еу болған топтар жеке-жеке таразыға қойылып тартылады.
А) Тең болса, ауыр болған доп 2-еулік топта
Б) Біреуі ауыр болса, сол топта болғаны мәлім болады.
Әр екі жағдайда да, ауыр допты табу үшін тағы да бір бір доптан тартып көреді


Жаралғанда жабысқан.
Адамның есімі

Арықтың ең терең жері белге дейін келетін. Ал аяқ тобыққа дейін балшыққа бататын. Қатты жауын жауған соң су деңгейі көтереліп, әлгі ең терең жердің суы мойынға дейін келетін болды. Бірақ аяқтар балшыққа батпайтын болды. Аяқтар неліктен балшыққа батпай қалды?
Су көтерілгенде судың денені көтеру күші көбейеді. Сондықтан денені балшыққа батыратын қысым азаяды.

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Ағылшын тілі, English (11 сынып | 2 тоқсан)

 Summative Assessment for the unit «Human brain»

Reading               8 marks

 

 

Task 1. Read  the interview and mark the sentences  True or False.   

 

  1. We all use memory in the same way.
  2. We learn to use our memory as soon as we are born.
  3. There are two different forms of memorisation.
  4. We are taught how to improve our memory in history lessons.
  5. Writing shopping lists can improve your memory.
  6. Teaching helps us to memorise.
  7. We can train our brains to be more effective.
  8. We can only use one image at a time as an aid to memorization.
Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық

Сөзжұмбақтар

Қостанай ауданы,
Мичурин ОМ
9- сынып оқушысы
Жуманазарова Аида   
     

 

Сөзжұмбақ  «Әріптерді қосып оқыңдар»

Төмендегі суреттің сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Ол не деген жұмбақ? Шешуі не?

Жұмбақтар жауабымен
Толық

География пәнінен 8, 9, 10, 11 сыныптарға арналған олимпиада тапсырмалары

Аудандық олимпиада 2016 ж.
Географиядан теориялық тур сұрақтары (8 сынып)
Тапсырманы орындау уақыты – 150 минут
1. Келесідей ұғымдарға анықтама беріңіз: антициклон, топырақ эрозиясы, реликттер, кар көлдері, креолдар (әр дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан.) Барлығы 10 ұпай.
2. Еуразия материгінің табиғат зоналары. Еуразияда қандай табиғат зоналары кездседі, олар қандай аумақты алып жатыр, жануарлар мен өсімдік әлемі және басқада ерекшеліктеріне сипатамма беріңіз. (10 ұпай).
3. Тест тапсырмалары (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан. Барлығы 30 ұпай.)
1. Амазонка және Конго өзендерінің суы...
kz
Толық

Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (1)

Ұзын құрығым үйге сыймайды.
Пештің мойны

Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке.
Әркімдер көтерем деп ойласа да,
Келмейді сірә тегі тіпті епке.
Пеш, түтін

Сырты қап-қара,
Іші қып-қызыл жара.
Әлсін кіріп шығады,
Бір жалаңбас бала.
Пеш, от, кесеу
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Шаруашылық құралдары (тырма, балта, кетпен, саты, таяқ, таға, ер-тоқым)

Бір алыпты мен көрдім,
Көрінгенді қармаған.
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы,
Бар екен алақандай аралшығы,
Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.
Шөп тырма

Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.
Сыпырғыш

Жүзімен жарамын,
Шүйдесімен қағамын.
Балта
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Уақыт, сағат

Әрбірінде отыздан бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам мұнан қашып.
Бір жыл

Өзінен-өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен шіркін-ай, кім иірген.
Сағат

Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сөйтсе де бірден танып кідірмейді.
Күні-түні барады тынбай жүріп,
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмейді.
Өмір
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (2)

Қарынды, баста қылған, аяғы үш,
Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті,
Қарнына таяқ тығып піспектесең,
Ысқырып күрілдейді қайнайды күш.
Осындай түсі суық мақұлық бар,
Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.
Примус

Көмір шайнап,
Темір құсады.
Домна пеші

Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.
Шырпы
Жұмбақтар жауабымен
Толық