Сарапшылардың сөзінше алда банк секторының тұрақтылығын тексеретін сынақ болуы мүмкін. Осыған байланысты олар ең сенімді банктердің үштігін жариялады, деп хабарлайды 7күн.кз сайты.
Boxing News and Views басылымы «Жыл боксшысы» атағына үміткерлердің тізімін жариялады. Үміткерлер қатарында орта салмақ чемпионы Геннадий Головкин де бар деп хабарлайды prosports.kz.
Адам өзі қандай болса, өмір жолында да дәл сондай адамдар жолығады екен. Бүгінгі таңдағы басты мәселе – жігіт таңдау, жар таңдау. Жігіттерді күнделікті әрекетінен бөлек жұлдызды белгісіне қарап та анықтауға болады. Ол үшін жұлдызнамасын біліп алсаңыз болғаны.
Санжар Нұрланұлы Мәдиев - актер. 1986 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Халықаралық Лингвистика гимназиясын бітірді, кейін Қазақ Ұлттық университетінде «экономика» факультетінде оқыды. Оқуын университет магистратурасында жалғастырып, сонымен қатар Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды. 2008 жылы магистрлікті қорғап, театр режиссері мамандығы бойынша академиядағы оқуын жалғастырды. New York Film Academy-да (Лос-Анджелес, Калифорния) Film Making мамандығы бойынша білім алды. Кинода «Кері жағы» фильмі арқылы дебют жасады (2009). 2014 жылы үйленді. Әйелі - Мөлдір Мәдиева. Бір қызы бар....
Жарылқасын Аманұлы - 1938 жылы 5 наурызда Жамбыл облысындағы Талас ауданында туған. Алматы сауда техникумын (1958), Мәскеудің сауда институтын бітірген (1965).
Кейін көп жылдар сауда саласында, аудандық комсомол комитетінде қызмет істеген. 1974 — 1991 жылдары шығармашылық жұмыспен айналысты. 1991 — 1994 жыылдары «Ислам шапағаты» газетінің Бас редакторы, 1994—1995 жылдары «Қаржы-қаражат» журналы Бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. ....