Әр бала – өз қабілетімен, дене-бітімі, мінез-құлқы, ішкі дүниесімен ерекше жаратылған жан. Бір үйдің балаларының өзі әртүрлі болады, әр баланы өзіндік болмысымен қабылдай білу, түсіне білу, қабілетіне қарай бағыт-бағдар бере білу өте маңызды. Ата-ананың тәрбиеге деген дұрыс көзқарасыбаласын өзіне сенімді, жетістікті, жан-жақты етсе, жіберген қателері сенімсіздік пен ызақорлыққа, жасықтыққа, өзіне деген салғырттық пен өмірінің мәнсізденуіне әкеп соғуы әбден мүмкін.......
✅ Сұлулыққа құштар адам баласы әрдайым әдемі көрінуге талпынады. Әсіресе әйел затының табиғаты өзіне үнемі күтім жасауды талап етеді. Күтінетін адамның бір белігісі – тері тазалығы. Ұсақ әжімдерді тегістейтін және терең әжімдерді білдірмейтін масканы дайындап, қолданып көріңіздер. ......
1. Жар қылып алар қызыңның шешесіне қарарсың. Шеше көргенді ал. Алма ағашынан алысқа түспейді.
2. Сонан соң әкесіне қара. Әке қатал, әрі мейірімді болуы керек. Билігі еркекте болған үй береке. Осыны ұмытпа.
3. Еркек балалары мен қоса әйелін де тәрбиелейді. Олардың санасына исламды құй. Дін жолын үйрет, оқыт. Аллаға жақынның адасқанын көргенім жоқ. Сондықтан осы іске жақсы көңіл бөл.
4. Алғаның басқаны емес, әуелі сені сыйласын. Күйеуін ЕРІМ, БАЛАЛАРЫМНЫҢ ӘКЕСІ, БОЛАШАҒЫМ деп сыйлаған әйел сенімен қоса бүкіл әулетіңді құрметтейді. Оның құрметі саған әулетіңнің алдында абырой сыйлайды.......
Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуге ұмытылып, бойында дұрыс адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы – қазірпгі уақыттың, психология, педагогика ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы профессор А.И.Кочетков: «Өзін-өзі баланың өзін-өзі жетілдірудің ең жоғары формасы, психикалық дамуының тездеткіші болып табылады», - деп атап көрсеткен. Ал өздігінен білім алу дегеніміз – бұл адамның мақсат көздеп, арнайы міндеттелген жұмысы. Ол өздігінен қызығатын мәселеге байланысты ізденіп, қажетті білімді меңгерумен қатар, арнайы радио, телехабарларды тыңдау арқылы білімін жетілдіреді. Жеке тұлғаның өзбетінше адамгершілігінің қалыптасуы мен дамуы өте күрделі мәселе. Әрбір оқушы жеке ұсынысын, пікірін, адамгершілік қасиеттерін өзбетінше дамытады.Бұл оның өмірлік бағытын анықтап, өзін қоршаған адамдермеен қарым-қатынасы мен байланысы арқылы дамытып, іс-әрекет жасағанда жүзеге асады. Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуі сен өздігінен білім алуы дұрыс бағытта жүрмеуі міндеттеі түрде адамгершілік жат мінез-құлық пен білімсіздіктің қалыптасуына әкеледі. Оқу-тәрбие процесінде, әсіресе, оқушылардың дұрыс өзін-өзі тәрбиелеуі мен өздігінен білім алуы процесінде, мұғалім олардың тек жас ерекшеліктерін ғана емес, мінез-құлықтарын да ескергені жөн. Қазіргі мектеп оқушылары өздерінің қызығушылығымен, саналылылығымен, мінезі мен басқа сапаларымен де дараланады. Олардың бірі мұғалімнің айтқанын екі еткізбейтін алғыр да, ал екінщшілері қырсық, қыңыр, дөрекі және тұйық, эмоционалды жақтары да түрліше болады. ....
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады. Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болдаы. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет. Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады. Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогереске ие. Бір кезеңдерде педагогика үстірт философиялық - әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді ....
Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуге ұмытылып, бойында дұрыс адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы – қазірпгі уақыттың, психология, педагогика ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеу туралы профессор А.И.Кочетков: «Өзін-өзі баланың өзін-өзі жетілдірудің ең жоғары формасы, психикалық дамуының тездеткіші болып табылады», - деп атап көрсеткен. Жеке тұлғаның өзбетінше адамгершілігінің қалдлыптасуы мен дамуы өте күрделі мәселе. Әрбір оқушы жеке ұсынысын, пікірін, адамгершілік қасиеттерін өзбетінше дамытады.Бұл оның өмірлік бағытын анықтап, өзін қоршаған адамдермеен қарым-қатынасы мен байланысы арқылы дамытып, іс-әрекет жасағанда жүзеге асады. Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуі сен өздігінен білім алуы дұрыс бағытта жүрмеуі міндеттеі түрде адамгершілік жат мінез-құлық пен білімсіздіктің қалыптасуына әкеледі. Оқу-тәрбие процесінде , әсіресе, оқушылардың дұрыс өзін-өзі тәрбиелеуі мен өздігінен білім алуы процесінде, мұғалім олардың тек жас ерекшеліктерін ғана емес, мінез-құлықтарын да ескергені жөн. Қазіргі мектеп оқушылары өздерінің қызығушылығымен, саналылылығымен, мінезі мен басқа сапаларымен де дараланады. Олардың бірі мұғалімнің айтқанын екі еткізбейтін алғыр да, ал екінщшілері қырсық, қыңыр, дөрекі және тұйық, эмоционалды жақтары да түрліше болады. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі - оқушы өзін тануға мүмкіндік алады. Әрбір жасөспірім өзін тану процесінде басқалардың құпия мінездерін таниды. Өзін-өзі танудың деңгейіне түсіп, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалауға, өзінің ісіне талдаужасауға және қалыптасқан мақсатқа жетелейді. Ол оқушының алдына мақсат қоюға үйретеді, өзін тексеру дағдыларыменг қаруландырады, жауапкершілігін оятады және осы негізде мақсаттың орындалуына жетелйді. Ол оқушының алдына мақсат қоюға үйретеді, өзін тексеру дағдылармен қаруландырады, жауапкершілігін оятады және осы негізде мақсаттың орындалуына жетелйді, яғни оқушыларды адамгершіліктің жаңа баспалдағына көтеріп, тәрбиелейді. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасамай, тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттерді дамытудың құралы ретінде көрінеді. ....
1. Бүгін бір әріптесім екіншісін мазақ етті. Әлі күнге дейін көлігің жоқ, жұмысқа қоғамдық автобустармен жүресің деп күлді. Сәлден кейін сол әріптесім банктен несиесін шегере тұруын өтініп отырды. Өмір-ай... 2. Бүгін пациентіме баласының сол қолы кеміс болып туатынын айттым. Ал ол болса: «Мен баламның ерекше жаратылыс болатынын білгем» деді!!! 3. Бүгін бір таныс әйел қызы қайтыс болғанда қалай қиналғаны туралы айтып берді. Қайғыдан қан жұтып, есін көпке дейін жинай алмапты. Өмір тоқтап қалғандай. Жоқтау айтып, жылаудан өзін тыя алмаған. Бір күні түс көреді. Түсіне кішкентай қызы кіріпті. Екі үлкен шелекпен су әкеле жатыр екен. Әр қадамын әрең басып, әлгі шелектерді әупірімдеп қиналыспен әкеле жатқаны анық көрінеді. Анасы одан: «Не әкеле жатырсың?» деп сұрайды. Оған қыз «Сіздің көз жасыңыз, анашым» деп жауап беріпті. Сол түсті көрген соң танысым есін жиып, бекер жылауын тыйыпты.......
♻ Бағзы халқымыз көшіп – қонып, жаз жайлау, қыс қыстауда күнелтіп жүріп, өзінің кір – қоңын, киім – кешегін, көрпе – жастығын мұнтаздай таза ұстаған. Даласы қалай таза болса, үй – іші де сондай ретті, оюлы сырмағы қағулы, түскиіз, шымылдығы жуулы тұратын. Әсіресе, халық өзі қолдан жасайтын қара сабыны кірді кетіруімен, емдік қасиетімен, үнемділігімен ерекше. Бүгіндері ұмыт болып бара жатқан бұл сабынды жасаудың өзі оңай шаруа емес.
♻ Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Әуелі, сары күзде буыны пісіп, сабағы қатайған алаботаны бір жерге жинап өртейді. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Алаботаның күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек – кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт – бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. ......
✅ ҚАНТ ДИАБЕТІ: қант мөлшерін бір күнде қалпына келтіретін ем бар Қант диабетінен зардап шегіп жүрген жандарға дәрі ішпей-ақ қант мөлшерін қалпына келтіретін халықтық ем түрлері бар.
✅Диабет – қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте ауыр өтеді. Қант диабетінің белгілері шөлдеу (науқас тәулігіне 3-5 л, одан да көп су ішуі мүмкін); кіші дәретке жиі шығу (күндіз де, түнде де); ауыздың құрғауы; әлсіздік; тәбеттің күшті болуы; терінің қышуы (әйелдерде жыныс мүшелерінің жан-жағы); ұйқының қанбауы; ұйқыдан шаршап тұру; жараның ұзақ уақыт жазылмауы; тез салмақ тастау немесе тым көп салмақ қосу. Осындай белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Аурудың асқынуына жол бермеңіз. ......
Егер холецистит ауруына шалдықсаңыз, күн сайын аш қарынға екі алмұрт жеу керек. Сонымен қатар кептірілген алмұрттан компот қайнатып ішуге болады. Бірақ қант қосудың қажеті жоқ.
Тамақтан кейін ішіңіз ауырса, құсқыңыз келсе, лимон шырынына жарты шай қасық ас содасын араластырып ішіңіз немесе сұлы жармасына (геркулес) 8 литр қайнаған су құйып, бір сағат бөлме температурасында қойып, тұтынуыңызға болады.
Сонымен бірге мынадай қоспа дайындаңыз: 1 қасық ашытқы, 2 шай қасық қант, 1 стақан су, 1 стақан ұн. Барлығын жақсылап араластырып, жылы жерге қойыңыз. Бірнеше сағаттан соң қоспаны сұлы жармасына қосып, тоңазытқышқа салу қажет. Дайын қоспаға сайын таңертең кілегей майын қосып жеңіз.
Бұл әдіс тек холецистит емес, гастрит, энтероколит, ойық жара ауруларына қарсы күресіп, алдын алуға көмектеседі. ......