Психология | Ата ана қамқорынан қалған балалар психологиясы

Дүниежүзінің барлық елінде балалардың жақсы өмір сүруін мақсат тұтады. Олардың тиімді білім алып, өз қабілеттерін қолдана білулеріне жағдай жасауға тырысады. Қай халық болмасын, өз ұрпағын өмірлерінің жалғасы деп танып, олардың жақсы өмір сүрулеріне жағдай жасауға ұмтылады. Әрине, жақсы өмір сүру дегенді әркім өзінше түсінетіні де баршамызға мәлім. Біздіңше, жақсы өмір сүру дегеніміз, қоғамда өзін еркін сезініп, оған жауап бере алу және рухани жетілу. Мұндай жағдайға қоғамның барлық мүшесі ие бола алмауда, мысалға, бүгінде қоғамнан ойып орын алып отырған жетім-балалардың өзіндік тұрғыдан дамуы, өзіндік пікірлері мен көзқарастары төмен екендігін тәжірибеден көруге болады. Тіпті, бұл балалардың да қоғамның белді мүшелері, ел басқарар азаматтары боларына ешкім күмән келтірмесе керек. Осы тұрғыдан алағанда біздің қарастырып отырған мәселеміз қоғам сұранысына байланысты өзекті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары ата-ана қамқорынан қалған балалар мен ата-анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы көпшілікті толғандыруда. Яғни, әртүрлі жағдайларға байланысты ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен тыс қалғандардың мәселелері өзекті болып отыр. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай ата-ана қамқорынан қалған балалар үйіндегі тәрбиелініп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен.Сонымен қатар, жылдан-жылға олардың санының артып жатқандығы да құпия емес.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы жасөспірімдердің арасында заң бұзушылық, қылмыстық істерге баруға мүмкіндіктер туғызуда. Әсіресе, ата-ана қамқорынан қалған балалар арасында дөрекілік күйдегі жасөспірімдер саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау қасиеттерімен сипаттайды. Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азғындау және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға бейім болып отыр. Бұл жағдайдың өзі қоғам дамуын шиеленістіреді. Әрине, қарастырылып отырған мәселе мүлдем зерттелмеген деуге болмайды. Айталық, ата-ана қамқорынан қалған балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін және олардың педагогикалық-психологиялық даму өзгешеліктерін А.Адлер, А.Фрейд, Дж.Боулби, Р.Шпиц, В.Винце, М.Лисина, С.Ю.Мещерякова, Н.М.Щелованов және т.б. ғалымдар қарастырды. Ата-ана қамқорынан қалған балаларды тәрбиелеудегі дене мәдениетінің мәнін Н.И.Пономарев, В.И. Жолдак, С.Б.Тихвинский, И.М.Воронцов, О.Ю.Фадеева және т.б. өзіндік тұрғыдан ашқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Аристотель

Аристотельдің (б.з.б. 384-322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни, бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі – болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға әсіресе Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Аристотель-Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама – қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?» - деп айып таққанда. Ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ», - деп жауап беріпті деген аңыз бар .
Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, яғни материя мен форма мәселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның (материя мен форманың) диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.
Аристотельдің анықтамасындағы «Материя» Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше «Материя», Аристотельдің ойынша «Субстрат» (латын тілінде «негіз», «астар» деген мағына береді) ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі. Суретшілер мен жазушылардың елестері айқынырақ келеді. Курстық құмыс тақырыбы: «Адам елесінің айырмашылығы мен дамуы» ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері

Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Адамның жеке басының мінез-құлқындағы көрінісінің психологиялық тарихы

Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне - бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі – бір түп ағаштағы 200 000 – ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешілігімен көзге түсетіндігі; екіншісі – темпераменті, мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі – дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі – адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді.
Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі – осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша – темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешілік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешілік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешілігінің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешілігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған – ертедегі грек жұртының дәрігер ғылымы Гипппократ (б.з.д. 460 – 356 жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешіліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни, олардың пікірінше, денені жылытатын – қан, салқындататын – сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратын – қара өт. Бұлар бірімен –бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешілігі болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Адамның сезімдік сферасының дамуы

Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағытипке оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда сезімдік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоцияға арналған тақырыптар , психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретіде сөз болмаған, таза натурализм үстемдігі туралы мәселеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияның енуімен , психологиядағы бихевеаризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядағы эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жғдайда бихевеаризммен типтес. Өйткені психологидағы бихевеаристік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытта баяндалып, өзге тақырыптармен салыстырғанда өз алдына ерекшеленіп, арпа дәнідегі бидай дәніндей болып көрінеді.
Бұлай деп анықтаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасындағы қозғалғыштың пайда болуы деген» еңбегінде бұрынғы биология ғылымының дәстүрін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы Хайуаннаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффектік серпілістермен тығыз түрде дамып жетті дейді. Оның жақында орыс тілінде аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімнің пайда болуы адамның өзі сияқты, жануар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазды. Мәселен, шындығына үңілетін болсақ , Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды....
Курстық жұмыстар
Толық