Журналистика | Асқар Егеубаев публицист

Әрбір журналистің бүгінгі күнгі жанкешті еңбегі – ертеңгі ел тарихы. Бұл үрдіс сонау ертедегі жазу-сызу пайда болған күннен бастап жалғасын тауып келеді. Бағзы замандардан бізге жеткен балбал тастардағы жазбалар – тарихымыз бен мәдениетіміздің, рухани дүниеміздің қазынасына қосылған қаймағы қалың, құнарлы мұралар. Отандық баспасөз беттерін парақтап көрсек, елдің кешегісі мен бүгіні, ертеңі менен келешегі сара жолдай сайрап жатыр. Біздің осы өмір сүріп жатқан дәуірімізді ақпарат ғасыры деп ерекше әспеттеп жар салып жарнамалаймыз. Сонымен қатар жаһандану деген жаңа түсінік пайда болып, әлемдік ақпарат кеңістігінің өрісі кеңіп, дүниенің төрт бұрышындағы жаңалықпен танысуға мүмкіндік туды. Осындай ақпарат тасқынының толассыз ағынына төтеп беру үшін жаңалық пен хабарды екшеп қабылдап, асылдан жасықты айыра білетін білік пен талғампаздық тағы да қажет болады. Осы орайда қоғамдық сананы, қоғамдық ойды қалыптастыруға публицистер еңбегі елеулі қызмет атқарады. Сондықтан мен бітіру жұмысымның тақырыбын «Асқар Егеубаев – публицист» деп алдым. Бітіру жұмысының негізгі тақырыбына көшпес бұрын ең әуелі публицистика мәніне тоқталып, түсінік бере кеткенді жөн санадым. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Шетелдердің балалар журналистикасы

Журналист - әмбебап мамандық. Бұқаралық ақпарат құралдарының ең басты қызметі – қоғамдық пікірді қалыптастыру болса, балалардың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына да масс-медианың ықпалы зор екені айқын. Журналист ең алдымен қоғамға қызмет етуші тұлға. Сондықтан оның еңбегінің әрбір жемісі адам бойына адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбекқорлықты сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын дамытуға қызмет етуі керек. Бүгінгі таңда жастар өмірін теледидарсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан телехабар мағынасыз жасалмауы тиіс. Балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар жоғары білімділік пен біліктілікті, қоғамдық-саяси белсенділігін таныта отырып, жастардың үлкен өмірге жолдама алуына көмектесуі тиіс. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарына – газет, журнал, телевидениеге қоғамның ертеңіне кепіл болатын жас ұрпақты тәрбиелеуде жүктелер жауапкершілік мол.
Бұл мәселе қазіргі кезде тек біздің елде ғана емес, әлемді толғандырып отырғаны ақиқат. Жаһандастыру үрдісінде жарқын болашақ үшін әлем лаңкестік, нашақорлық, түрлі ауруларға қарсы бірігіп күресуде. Осының барлығы дерлік адам, әсіресе жас ұрпақ психологиясына ерекше әсер етеді. Сондықтан біздің ғылыми зерттеуімізде негізгі қарастырып отырған мәселе де осыған үндес.
Бұл бітіру жұмысымызда негізгі қарастыратынымыз - шетелдердегі балалар журналистикасының ерекшеліктері. Осы тақырып аясында жұмыс істей отырып, біз шетелдегі балаларға арналған телебағдарламалар арқылы өз еліміздегі балалар бағдарламаларының балалар тәрбиесінде атқарып отырған қызметін сараптаудан өткізуді ұйғардық.
«Балалық шақ күн сайын айналада болып жатқан оқиғаны, құбылысты сол қалпында немесе жаңаша қабылдау. Туған жерді, Отанды тану осы қабылдаудан өріс алады. Сондықтан да сәби жүрегіне адам жанының сұлулылығы мен дүниеде ешбір асыл затқа теңдесі жоқ Ұлы Отан ұғымын қалыптастыру осы кезден басталады» деп жазады ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Осы пікірге сүйенсек, балалар журналистикасында қантөгіс, күш көрсету, қорқыту, ұрып-соғу, ұрлау, сабау сияқты көріністерді көрсетуге немқұрайдылық танытпауымыз керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Уәлихан Омарұлы публицист

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бүгінде мемлекетіміз тәуелсіздігін алған тұста қоғамымыздың даму тарихында жаңа беттер ашылып, жаңа кезең орнады. Бүкіл тіршілік, тынысымызға жаңа леп соны серпін, бұрын-соңды естіп білмеген басқаша бағыт бағдар әкелді. Еліміздің егемендік алып, төрткүл дүниеге танылуы республиканың қоғамдық-саяси және мәдени- рухани өміріне түбегейлі өзгерістер әкелгені рас. Талай жылдардан бері бір жақты, үстем идеология мүддесі тұрғысында бағаланып келген халықтық қазыналарға жаңаша көзқарас туды. Бұған қазақ мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихында елеулі орын алған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дұлатұлы сынды танымал тұлғалардың қызметі мен шығармашылығының саясат құрсауынан азат болуы бірінші кезекте ықпал етті.
Ел өміріндегі осынау өзгеге кіріптарлықтан бостандыққа қарай жасалған алғашқы қадамдар басқа да белгілі қаламгерлердің мол мұрасы шаң басып, қаттаулы қалған небір асыл азаматтарымыздың шығармаларын заман рухына сәйкес қайта зерделеу мен зерттеуге мүмкіндік тудырып отыр.
Қазіргі азат өмір тіл айналымына «демократия», «жариялылық», «жаңару» деген сияқты ұғым, тіркестер енгізді. Өткен өмір, жүрген жол, асқан асуларымызды сын көзбен қайта бір қарап шығуды, бұрмаланған тарихи шындық, болмыс, құбылыстарды қалпына келтіруді, 30-50 жылдардағы қиянатты саяси айыптау мен заңсыздықтардың құрбаны болғандарды ақтауды, өнер өкілдерінің қалдырған қымбат мұраларын халқына қайтаруды, оны ел игілігіне айналдыруды талап етіп тұр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Корпоративтік журналистика

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдары – компанияның клиенттеріне, қызметкерлеріне немесе бизнес бойынша серіктестеріне бағытталған басылымдар. Кейде жарнамалық рөлді де атқара алатын тұстары бар. Бұқаралық ақпарат құралдары компанияның өз күшімен шығаруға немесе арнаулы баспаға тапсырысқа беруге болады.
Классификаторға сәйкес корпоративтік медиа және бұқаралық ақпарат құралдары үш негізгі түрге бөлінеді:
1) b2b (business-to-business) – серіктестерге бағытталған корпоративтік басылымдар. Мұндай басылымдар максимальді ақпаратты және пайдалануға ыңғайлы болып жасалады. Бұл жағдайда сапа ең жоғары деңгейде болуы керек. Тек мазмұны ғана емес, оны беру әдісі де сапалы болуы керек. Осылайша бәсекелес артықшылықтары полиграфия, дизайн, қалыптау болып табылады.
Көптеген кәсіпкерлер қазіргі медианарық жағдайында іскерлік коммуникацияның үдерісі оңай емес деп айтады. Бұқаралық БАҚ-тағы тапсырыспен жазылған материалдар белгілі бір деңгейде өздерінің беделін түірді. Жекеменшік корпоративтік журнал немесе газет бизнес-байланыстарды жайғаудың және іскерлік ортада компанияның бейнесін қалыптастырудың ең ілгерілеу құралы болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақстан мен Ресейдегі көші қон мәселесінің БАҚ тағы көрінісі

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Ғылыми еңбекте бүкіл әлемдегі халықаралық көші-қонға шолу жасалына отырып, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ғасырларға жалғасқан достықтың, саяси әріптестіктің астарына үңіліп, тарихи кезеңдер жеке- жеке бөлініп талданды.
Байырғы тарихшы Санжар Аспендияров, Ермұқан Бекмаханов, қазіргі замандағы Серік Әбдіакимов секілді зерттеуші ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып, Қазақстан мемлекетінің көші - қон тарихы маңызды бес кезеңге бөлініп талданды.
Қазіргі таңда Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан Қазақстан мемлекетінің де халықаралық көші-қонға белсене араласып,мемлекетаралық, халықаралық көші-қонның белсенді мүшесіне айналып отырғанына жете назар аударылып, саяси сараптама жасалынды. Сондай- ақ екі достастық мемлекеттің көші- қон туралы Заң баптарындағы ерекшеліктерге тоқталып өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы плюрализм тудыру дәрежесін анықтап, тұжырымдалды.
Ғылыми еңбекте зерттеу жүргізілген экономикалық, әлеуметтік зерттеулерді екі елдің саяси тыныс- тамырын дөп басу үшін әлемдік деңгейдегі демограф- ғалымдар Дэвид Коулмэн, ресейлік ғалымдар М. Демурин, М. Юсуповский, Е. Садовскаяның және А.Сейдімбеков, М. Тәтімов, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Халықаралық көші- қон басқармасы, облыстық, республикалық, статистика басқармаларының материалдары пайдаланылды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Бүгінгі БАҚ-да әсіресе, мерзімді баспасөзде патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аса маңызды мемлекеттік істердің ең бастысы - халықтың өз Отанына деген патриоттық сезімін оятатын тетіктерді іске қосу болса, біздің міндетіміз қазақстандық патриотизмді орнықтыруға, әрі қарай дамыта түсуге, яғни жастардың осындай сезімін күшейтіп, сол арқылы кез-келген азамат пен азаматшаны өз ұлтын, тілін, ділін, дінін сүюге бағыттау. Оларға патриоттық тәрбиені насихаттап, сол жолмен жүруге итермелеу. Бұл азаттыққа қол жеткізгеннен кейін елдің ел болуының, дербес мемлекеттің мемлекет болуының ең негізгі қозғаушы күші болуға тиісті мәселе. Яғни, қазақстандық патриотизмді орнықтыруды мемлекет тарапынан қапысыз қадағалау, түптеп келгенде, дербестікті нығайта түсудің және кемел қоғамдық қатынастар қалыптастырудың бірден-бір кепілі болып табылады. Мұның ақиқат шындық екеніне ешкім шәк келтірмеуге тиіс.
Сондай-ақ, оларды тәрбиелеудегі маңызды рөл атқаратын нәрсе - ол өз еліміздегі патриоттық, яғни қазақстандық патриотизмнің өркендеу, даму тұсы. «Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті де өз кезегінде жастарды отансүйгіштікке тәрбилеу, тарихи тұлғалар арқылы үлгі-өнеге насихат жүргізу бағытындағы шығармашылық ізденістері көңілге қонымды. Расын айту керек, «Атырау» газетінің көтеретін жүгі салмақты, тақырыптары сан алуан. Әсіресе, «Заң және заман», «Атамекен», «Талбесік», «Ғибрат», «Бірінші байлық», «Ақжаулық», «Сымбат», «Күміс қоңырау», «Сыр қайнар», «Сұраңыз, жауап береміз» сияқты арнаулы беттер оқырмандарын бей- жай қалдырмайды. Әр оқырман ең алдымен өзіне, қызметіне қатысты мақалаларды іздейтіні даусыз. Осы ретте газетте оқырман сұраныстарының барлығы да қамтылады десек артық айтпаған болармыз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық