[quote]Терең ойлы Еркебай, Орта бойлы Еркебай. Ауылы күнде той-думан, Еңбекші елге серкем - ай! Кішіпейіл жайдары, Ақылы көп айлалы, Қысылғандар келгенде, Кеңес табар пайдалы. Зорлық - қорлық көргендер......[quote]
К е н е н: Шашеке, амансыз ба, күйлі-жайлы? Өнерге өрен аға сегіз сайлы. О, шіркін, кәрілік те кеп қалыпты, Аяғы бұл өмірдің түйе - тайлы. Алабын Алатаудың әнмен жайқап, Көрген ең қырғыз, қазақ көп жамайды Айтысып Сарыбас, Жамбыл, Қуандықпен, Ән, күймен құйқылжытып сән сырнайды. Асында Ноғайбайдың алғашқы рет Көргенім мініп барып жайдақ тайды.......
Есімде әлі, Қарасаздағы диірмен. Су соққан барлық тастарды ұршық үйірген. Есімде бәрі... Жылқыбай қарттың үйі де, Өзі де, диірмені де, Аппақ тозаңға киінген. .....
Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп...
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса жарайды, қылса сұхбат. Кейбіреу тыңдар.....
Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айтқанда, жан сақтауы өте-мөте әділет сезіміне тәуелді. Соның айғағы - әділеттілікті жанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін халық болмайды. Оның осынау шоқтығын, қастерлі биігін ғұлама Шәкәрім былайша өрнектейді: Нысап пен мейірім, әділетті, Жаныңдай көріп жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті, Мақсұтқа жетпей қалсақ та. («Анадан алғаш туғанымда», 1929). Әділет – қиянаттың дұшпаны. Олардың арасында өтетін талас-тартыс күллі адамзат көшінің тағдырына, тарихы мен мәдениетіне сәулесін түсіреді және небір ғажайып шедевр, классикалық туындыны дүниеге әкеледі. Күллі көркем әдебиет классиктері шығармашылығының алтын өзегі - әділет пен қиянаттың мәңгі айқасы, бітіспес майданы. Көркем әдебиеттегі деймін-ау, күнделікті өмірдегі шындық өзегі де осы тартыс емес пе. Сонымен, әділет - жан сақтау құралының бірі, қастерлі категория. Бірақ әділеттілік туралы басқадай не білеміз, ол жайлы біліміміз толық па? Сірә да жоқ, қазақ философиясы тұра тұрсын, әлемдік философия тарапынан да әділеттілік туралы пайымдар бір ізге түскен емес, яғни өз алдына дербес жүйелі ілім боп қалыптасты деуге әлі күнге ертерек. Себеп - феномен ұғымның күрделі табиғатында және түп тегі - генезисінің тереңдігінде десек қате бола қоймас. Төменде осы күрделі тақырыпты сөз етпекпіз. Ондағы мақсатымыз - жаңағы олқылықтың орнын толтырған данышпан біздің қазақтың Абайы екенін дәйектеуге саяды. Біреу біледі, біреу білмейді, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңі және 45-ші сөзі хакім Абайдың сарқынды шығармалары. Алдыңғы туындысында данышпан: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп, Және «Хақ жолы осы» деп әділетті, - дейді. Ал, соңғыны: «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері... һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі» деп бастайды. Сөйтіп, Абайдың ақтық өсиет-толғаулары қос феномен сезім: махаббат пен әділетке бағытталғанына көз жеткіземіз. Маңызды ерекшелік - хакім Абай махаббат, ғаделетті қосақтап айтады. Мұның сыры неде? Гәп мынада: махаббат - күллі әлемге нұрын, шуағын төккен қуат, ал әділет - тұтастай ғалам құбылыстарын реттеуші құдірет. Қос феномен қосылғанда ғарыштық күрделі қатынастар ғажайып үйлесімін табады. Міне хакім Абай махаббат, ғаделетке осы тұрғыдан келіп, жаңа аталған 45-ші қарасөзінде мынадай даналық тұжырымын жасайды: «Бұлардың (махаббат пен әділеттің) керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан Тәңірінің ісі». «Ол – жаратқан Тәңірінің ісі» деген бір-ақ ауыз тезис бүгінгі біздер үшін аса салмақты. Осылайша Абай бізге он сегіз мың ғаламның махаббат-әділет заңымен басқарылып, реттелетінін ашықтап беріп отыр. Бұл, сөз жоқ, тек әлем ойы алыбының ғана сыбағасы. ....
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі-қара сөздері. Абайдың қара сөздері-ұлы ақын сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның 6-7 үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық санына ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлері мен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, франсуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Барлығы 45 сөз және бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылды. «Абайды қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жылдардағы қолжазбалары бойынша жаряланып келеді. Қара сөздер Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дәлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген. «Қара сөздер» деген атау өлең сөзден бөлек дүниелер мағынасын білдіреді. Өлең өнерін қазақ қара сөз демейді.Қара сөз проза деген мағынада айтылған. Әдетте, адам ауызекі тілде өлеңді емес қара сөзді қолданады. Абай бұл жөнінде: «Қазаққа қара сөзге дес бермедім » - деп қара сөзді шешендік өнер мәнінде айтқан. Шаршы топқа шығып сөз айту әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Абай осындай ниетпен айтқан сөздерін қағазға жазып қалдырған. Оны өзі бірінші сөзінде былай деп түйіндеген: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: Қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екен білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтып, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзін де қайранмын... ...Ақыры ойладым..осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, ия оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Қара сөз еркін ой білдіру формасы. Сірә, Абай өзінің ақындығының сол заман болсын, кейінгі заман оқырмандары болсын түсінуге қиындығын сезсе керек.....