Биология | Зең саңырауқұлақтары

ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ:
Адамның өміріндегі зең саңырауқұлақтарының рөлін бағалап, олардың басым түсетін оң немесе теріс әрекеттерін анықтау.
ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:
Бастауыш сынып оқушылары зең саңырауқұлақтарының тұрмыстағы пайдасы мен зиянын жақсы білу керек.
ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ:
1. Неліктен саңырауқұлақтар ерекше патшалық екендігін білу.
2. Адам өміріндегі зеңнің теріс рөлін анықтау.
3. Адам өміріндегі зеңнің оң рөлін анықтау.
4. «Екі жақты» салыстыру және басым түскен рөлді анықтау.
5. Зең саңырауқұлақтарының дамуы үшін қажетті жағдайларды тәжірибелік түрде анықтау.
ЗЕРТТЕУДІҢ БОЛЖАМЫ:
Егер біз зең саңырауқұлақтарының оң және теріс әрекетін бағаласақ, онда олардың биосферадағы заттардың айналымында үлкен рөлді атқаратындығы туралы қорытындыға келеміз......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Бектауата маңындағы арша өсімдігі

Арша өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда дайындалатын өсімдік - дәрілердің отандық кәсiпорындарда тек 20 тоннадайы ғана өңделеді. Бұл жалпы жиналған дәрілік шөп мөлшерiнiң 3 пайызынан да аз болып отыр. Қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылыпты. Сондай - ақ 1980 жылдан бері қарайғы біраз уақытта жыл сайын 30 тоннаға дейiн әртүрлi дәрiлiк шөп пен таушымылдық тамырлары тұнба жасау үшiн Батуми зауытына жөнелтiлген. Нәтижесiнде республика экономикалық шығын тартады, өйткенi шеттен өңделіп келген дайын дәрi - дәрмектiң құны бастапқы өсiмдiк шикiзатынан 7 - 10 есе қымбаттап елге импорт ретінде қайта келеді. Ал бұрынғы қазақтың халық емшілері адыраспан, тамыр дәрі, күшәлә, жусан, қарандыз, шайқурай, у қорғасын, арша секілді көптеген шөптерден жұртшылыққа керекті дәрілерді өздері қолдан жасайтын болғаны белгілі. Бұны да жаңғыртып, бүгінгі медицинамен байланыстыра отырып, кеңінен пайдалануға болатын дүние.....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиеті | Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі

“Қазақ аңыз әңгімелеріндегі Абылай хан бейнесі” тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты - биыл туылғанына 300 жыл толған қазақ тарихында өшпес орны бар Абылай бейнесіне қатысты аңыз бен ақиқат мәселесін зерделеу, идеалды билеушінің бейнесін жасаған қазақ аңыздарындағы Абылай ханның ерекше қасиеттерін ашу. Зерттеу жұмысында маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым - қатынасын көрсетуде аңыз әңгімелердің орны ерекше екендігі айтыла келе, Абылай туралы аңыздар мен қазақ фольклорында жиі кездесетін тұрақты мотивтер талданған. Қазақ аңыздарындағы Абылай ханға берген халықтың бағасын көрсету үшін Абылай хан туралы аңыздарды жинақтай отырып, Абылай бейнесі, оның мінез қырлары жан - жақты ашылған. Атақты ханның бейнесі елдің рухында азаттықтың рәмізіндей болып сақталып, бүгінгі күнге дейін жетуі Абылайдың тектілігінен, елді жаудан қорғаған батыр, дарынды қолбасшы, халқын даналық істермен басқарған билеуші болғандығынан екендігі көрсетілген. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақ еңбекшілеріне жерлерін қайтарып беру туралы заңдар

Кіріспе
Лениндік ұлт саясатын жүзеге асыра отырып, орыс жұмысшы табы мен қазақ еңбекші шаруаларының одағын нығайтуда 20-жылдардың басындағы жер реформалары ерекше маңызды роль атқарды.
Өлкеде жердің біршама көптігіне қарамастан патша өкіметінің жерді жаппай әрі жөн-жосықсыз тартып алуы маусымдық жайылымдардың аумағын күрт тарылтты, жер пайдалану шекаралары ауысты, малды жая жүріп көшетін және суға жететін жолдар жабылып қалды, көшпелі аудандарда қазақ еңбекшілерінің үлкен-үлкен топтарының пайдаланып отырған шүйгін жайылымдары, ал отырықшы аудандарда — арықтар мен каналдар жүйелері бар суармалы жерлері тартылып алынды.
Жер мәселесіндегі отаршылдық саясаттың зардаптары патша өкіметінің Жетісу, Сібір және Орал қазақ әскерлеріне алып берген территорияларында ерекше ауыр болды. Жайылымдарды, шабындықтар мен егіс алқаптарын, қыстауларды пайдаланғаны үшін қазақ халқы көп аренда ақысын төледі, егін алқаптарында еңбек етіп, қазақ ұлықтарының малын бақты, астықтың недәуір белігін бөліп берді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ЖҰМЫС БАСТЫЛЫҚ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ. ФИЛЛИПС ҚИСЫҒЫ. ОУКЕН ЗАҢЫ

КІРІСПЕ
Жұмыссыздық-бұл әлеуметтік – экономикалық құбылыс.Жұмыссыздық кезінде экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің мәжбүрлі түрде жұмыс істемейді.
Жұмыссыздыққа көзқарас қоғамның әлеуметтік-экономикалық критерийі ретінде уақыт өту барысында өзгерді.20-ғасырдың басында әлемдік масштабта жұмыссыздықтың көлемі үлкен болған кезде жұмыссыздық-әлеуметтік жамандық, зұлымдық болыпсаналған және онымен барлық тәсілдермен, соның ішінде міндетті түрде мемлекеттік реттеу құралдарымен күресу керек деген пікір болған. Кейінірек,20-ғасырдың ортасында, әлеуметтік еңбек қатынастарының дамуы мен нарықтық экономикалық қоғамдарның құрылуымен жұмыссыздыққа жаңа көзқарас қалыптасты. Ол енді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылып, уақытшы сипатта болатын және мемлекет үшін күрделі проблема болмайды деген пікір қалыптасты. Қазіггі кезде көптеген экономистер жұмыссыздықты тұрақты қалыптасқан элеуметтік-экономикалық құбылыс деп санады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қар қызыма

Қара жел қарғып тұрып үн қатады,
Ызғарымен кеудемді сыздатады..
Сағыныш, құлазыған мұң жанарың,
Неліктен жүрегімді мұздатады..

Көп кідірмей келемін алаңдама,
Мені жаным күтуге....
Өлеңдер
Толық

Педагогика | Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі

І.Кіріспе бөлім.
Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.
ІІ.Негізгі бөлім.
А.) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.
Ә.) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.
Б.) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.
В.) В.Т.Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.
ІІІ.Практикалық бөлім.
Сабақ жоспары: «Тік белдемше, шығу тарихы»
Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ –ғасыр көшбасшысы»
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиетте .....
Ғылыми жобалар
Толық

Математика | Таңғажайып 7 саны

Аннотация
Бұл жоба қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған.
Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын.
Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз.
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті......
Ғылыми жобалар
Толық

Қаржы | Қазақстан республикасында салықтық заң бұзушылықтарға жауапкершілік

КIРIСПЕ
Салықтар нарықты экономиканы реттеудiң ең тиiмдi нысаны болып табылады. Салық негiзiнде құрылатын мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне қарай, мемлекеттiк кәсiпкерлiкпен айналысуының және әлеуметтiк-кепiлдiк қызметiнiң мүмкiндiгi белгiлi болады. Салық мөлшерiмен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсiпкерлiк белсендiлiгi, төлем қабiлетi бар сұраным көлемi реттеледi. Салық саясаты, аса нәзiк және күрделi аспап, ол жеңiлдiктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтiң барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етедi. Нарықты экономикасы дамыған елдерде салықтардың тiзiмi бiрнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңiлдiктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсiнiктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк жүйе жағдайындағы экономикада салық адам мүддесi үшiн қызмет көрсетедi. Ал нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседi.Соданда болар Америкада iскер адамның екi туған күні бар деп есептеседi: бiрiншiсi - өзiнiң туған күні және екiншiсi – оның салық инспекторымен есеп айырысқан күні.
Салықтар мемлекетік бюджетінің негізгі табыс көзі болып табылады және мемлекеттің өмір сүру қажеттілігі. Мемлекет өзінің қызметтерін атқыру үшін белгілі салық жүйесін қалыптастырады, сонымен бірге әр бәр салық түрә бойынша салық объектісі, субъектісі, ставкалары, төлеу және есептеу тәртіптері, жауапкершілік көлемі анықталады, салықтық органдарының құрылымы – қуатты білікпен қамтамасыз етілген мемелекеттік органдарының жиынтығы- белгіленеді. Салықтық органдарының басты мақсаты- салықтық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке уақытылы және толық көлемде т.суін қамтамасыз ету.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Библиография | Жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.
Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық