Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
Сабақ тақырыбы: Координатасымен берілген векторларды қосу және азайту, координатасымен берілген векторды санға көбейту
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.13 - координаталарымен берілген векторларды қосуды және векторды санға көбейтуді орындау
Сабақ мақсаттары: кеңістіктегі векторлардың координаталарын табады, координаталарымен берілген векторларға амалдар қолданады .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кесінді ортасының координатасы (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Кесінді ортасының координатасы
Осы сабақта қолжеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын анықтайды;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- кесінді ортасының координаталарын анықтайтын фомуланы қорытып шығара алады;
- кесінді ортасының координаталарын анықтайтын фомуланы қолдана алады;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жарылқасын ағаның батасы

Дастарқан батасы
Дастарқаның бай болсын,
Қазан, ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын,
Көңілің толып жай болсын.
Құнажындарың құлындап,
Құлындарыңтай болсын.
Ұлың қонып ұяға,
Қызың ұшып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дүшпан алмасын.
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.
Әумин!....
Баталар
Толық

Құрбан айт батасы

А, Құдайым оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа.
Бақ - береке орнасын.
Дұшпаның үстем болмасын,
Маңың үбірлі - шүбірлі болсын.
Келген ырыс кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын Қорғаушың,
Бейбіт халқымызға заман болсын,
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартылған дастарханға тағам болсын....
Баталар
Толық

Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы

Уа, барша әлеумет,
Сардарға бата берейік.
Біріміз қалмай, бәріміз,
Батырға түгел ерейік.
Кәріміз бен жасымыз,
Патшаға қарсы аттанып,
Ер қаруы бес қару,
Бойымызға ілейік.
Бостандық үшін ту ұстап,
Батырға өміртілейік.
Қаһарман қол - сарбаздар,
Көк тілгендей жарқылдап,
Найзағайдай төнейік.
Қарсы келген дүшпанды,
Жермен - жексен көмейік.
Батыр киген ақсауыт,
Оқ дарысын демейік.....
Баталар
Толық

Үмбетәлі ақынның батасы

Ер болсаң, ем бол!
Ел сүйсінер бел бол!
Ер жүрек екпінді,
Ел бастаушы сен бол!

***
Ақ батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Әрқашанда Құдайым,
Жақсылыққа жеткізсін.
Жақсылық сенен кетпесін,
Жаманшылық жетпесін.
Адал болсын жолдасың,
Аман болсын мал басың.....
Баталар
Толық

Досмайылдың батасы

Әппақ аққу, әппақ қаз,
Келер жылы болар жаз.
Әппақ көңіл, әппақ таң,
Ғұмыр деген тым - ақ аз.
Көкте ұшқан пірлерім,
Сендермен бірге бірледім
Сендермен ұшып түрлендім.
Тілегімді қабыл ет,
Алдыма келген пендемнің
Сырқауын емде, тездеп жаз!

***
Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,
Бата алған тамам бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.....
Баталар
Толық

Керей Тоқсан бидің батасы

Қарада Қазыбектей бақытты бол,
Ақсүйек Ахметтей тақытты бол!
Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол,
Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.

Керейде Жәнібектей ақшалы бол,
Бұғының мүйізіндей шақшалы бол.
Нәсілің Құрайыштың ғибласындай,
Қожахмет Йассауидей киелі бол.....
Баталар
Толық