Менен соңғы кезде не сатып алу керек, қайда салу керек және т.б бойынша жиі кеңес сұрай бастады. Барлығына бірақ жауап беруді шештім. Менің 11 жылдық биржалық, 8 жылдық банктік және 23 жылдық бизнестегі шынайы тәжірибемді, жалпы барлық саладағы тәжірибемді ескере отырып, дағдарыс кезінде өзіңді қалай ұстау керектігі бойынша келесі кеңестерді беремін:
1. Дағдарыс кезінде дұрыс ойлай білетіндердің акциялары ерекше өседі. Дұрыс ойлау арқылы дүрбелеңге ермеңіз, сенімділігіңізді жоғалтпаңыз. Дұрыс ойлай білудің көзі – табиғат, кітаптар, мақалдар, ертегілер, ұлттық дәстүрлер, үлкендердің ақылы және басқалар.
2. Әлсіздікке қарсылардың акциялары бірден өседі. Әлсіздікке қарсылығыңызды күшейтіңіз. Бұл түсінікті Нассим Николас Талеб «Әлсіздікке қарсылық» кітабында.....
ҰБТ да кездесетін мәтінді есептерді шығару жолдары
1. Құрамында никельдің мөлшері 5 % және 40 % болатын екі түрлі сорты бар. Құрамындағы никельдің мөлшері 30 % болатын 140 тонна болат алу үшін екі сорттың әрқайсысынан неше тоннадан алу керек? хт ---- 5 %----0,05 ут ---- 40 %----0,4 140 т ----30 %----0,3 {(х+у=140@0,05х+0,4у=140*0,3)┤ Жауабы: 100 т, 40 т
2. 40 литр 5 %-дық тұз ерітіндісіне қанша су қосып 4 %-дық тұз ерітіндісін.....
Сағат таңғы он жарым. Есікті Жәмила жеңгей ашты. - Кел, қарағым. Аяқкиімімді шешкелі босаға маңында бөгеліңкіреп қалдым. Жеңгей ұйықтайтын бөлмеге еніп: «Келген Мамытбек қой», - деді. - Мамытб-е-ек! – деген іштен Бауыржан ағаның біртүрлі көңілді, жылы, сағынышты, әрі еркелеткен дауысы естілді. Аяқкиімімді шешіп, ұйықтайтын бөлмеге ендім. - Ассалаумағаликум, аға! - Уағалайкумсалам. – Баукең созған қолымды күлімсірей алды. - Кел, қарағым, мына жерге отыр. Залға баруға әлі ерте. Дастархан жасағанша босқа күтіп қаламыз. Мен үйреншікті орныма тез жайғастым. - Денсаулығыңыз қалай, аға? - Онша мақтарлық емес. Терлей берем. Терлегенді жек көретін кісі едім, төзбеске амал жоқ. Тіпті қатын үрейленсе керек, бір-екі рет жәрдем шақыра да жаздады. Мен ырық бермедім. Шақырса, емдейміз деп алып....