Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы, елде экономикалық реформалардың жүзеге асуы және нарықтық қатынастарға өтіу кезеңінде құқықтың мән маңызы айрықша күшейді. Осыған байланысты жас егемен республикасының мемелекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайтудың мейлінше маңызды екендігі сөзсіз. Осылай болғандықтан Қазақстанның конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек және қылмыстық құқық салаларының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылады. Егер сіз. Өзіңіздің құқығыңыз бен міндеттеріңіз туралы; Сақтандыру туралы; Зейнетақы туралы; Әлеуметтік қамсыздардыру туралы;....
Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен қатар,1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше бөлімін) атап көрсетуге болады. Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2-ші тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе,бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады.Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген. Азаматтық құқық-жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынас тардың азаматтық құқықтың пәні болып табылады. ....
Адамзат тарихында мемлекет және құқық пайда болғаннан кейін ұлы ойшылдар мен ғұлама тарихи тұлғалар билік жүргізуші топтардың басқаруды іс жүзіне асыруда заңсыздық пен бассыздық, шексіз билікпен тиранияға кеңінен жол ашып, адам құқықтарын басып-жаншыған, қырғынға ұшыратқан жантүршігерлік әрекеттерін қатаң сынға алды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеудің тетіктерін қарастырды. Атап айтқанда ұлы Сократ, Платон, Аристотель, Хан Фей, Хамурапи, жаңа заманда Н.Макиавелли, Б.Б.Спиноза, И.Кант, Т.Гобсс, ДЛокк, Г.В.Гегель, Ш.Уәлиханов, Абай, А.Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Б.Сыртанов сияқты ойшылдар адам құқықтарының тиімді қорғалып, қоғамда әділеттіліктің орнауын ұсынған идеяларында басты мақсат етті. Платон еңбектеріне назар аударатын болсақ, қоғамда заң үстемділігі орнау қажеттігі аса маңызды мәселе ретінде көтеріледі. «Мен, - деп атап көрсетті Платон - заңның күші жоқ және оның қайсыбіреудіңбилігінде болса, ол мемлекеттің күйреуінің жақын екенін болжаймын. Заң билеушілерге үстемдік еткен жерде олар оның құлдары және мемлекеттің құтқарылатынына сеніммен қараймын». Осындай пікірлер Аристотель, Цицерон сияқты ежелгі заман ойшылдарының еңбектерінде де жиі кездеседі. Феодализмнің ыдырау процесі басталған кезеңде билікке ұмтылып келе жатқан буржуазия орта ғасырдың абсолюттік басқару формасына, инквизацияға қарсы заңдылықтың орнауы, билікті бөлу, жеке меншікті ең қастерлі құқық деп жариялау, табиғи құқық идеясын асқақтату сияқты көптеген демократиялық мазмұндағы идеяларды жариялады. Джон Локк тұңғыштардың бірі болып қандай да болмасын «биліктің заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсету заңды» деген тұжырымдаманы ұсынды. Францияның ірі ойшылы Ш.Л.Монтескье мемлекетте билікті бөлу қажеттілігін демократиялық мемлекеттің ең негізгі іргетасы ретінде жариялады. Бір мемлекеттік органның қолында екі биліктің, ал үшеуінің тіптен шоғырлануына жол берілетін болса, ондай қоғамда нағыз бассыздық пен заңсыздық орнайтынын аса көрегенділікпен дәлелдеді. Қоғамның дамуы ұлы ойшылдардың прогрессивтік-құқықтық идеяларының дұрыстығын және қажеттігін мойындап ғана қойған жоқ, сонымен қатар қабылданған құқықтық құжаттарға енгізіледі. Атап айтқанда АҚШ-тың 1787 жылы қабылданған Конституциясы, Ұлы Француз революциясының «Адам және азамат декларациясы» (1789) аталмыш идеяларды норма ретінде бекітті. XX ғасырдың басында Ресей университеттерінде білім алған қазақ зиялылары Еуропаның, АҚШ-тың демократиялық құқықтық құжаттарын ой-саналарына сіңіргендіктен өздерінің идеяларында қазақ қоғамында да демократияның енгізілуін қалады. Мысалы, ірі қоғам қайраткері, отарлық саясатқа қарсы белсенді күрескен Барлыбек Сыртанов өзінің 1911 жылы жазған «Қазақ елінің уставы» деп аталатын еңбегінде Еуропа ойшылдарының прогрессивтік идеяларын қазақ қоғамына қажетті екенін дәлелдеді. ....
Конституцияның 12-ші бабына бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Респулика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының нәтижесінде өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Республика Конституциясынында бекітілген. Конституция бойынша оларды жеке, саяси, экономикалық және әлуметтік топтарға бөлуге болады. Жеке құқықтар мен бостандықтар. Өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы – ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негізгісі. 1948 жылғы «Адам мен азамат құқығының жалпыға бірдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмір сүру құқығы жарияланған. Өмір сүру құқығы тек Конституциямен ғана емес, сондай-ақ салалық заңдармен қорғалады. Мысалы: Өмір сүру құқығы адам қайтыс болғанға дейін өз мәнін сақтайды. «Қазақстан Респуликасында халықтың денсаулығын сақтау туралы» Заңның 52 бабы өмірді қолдаушы аппаратура тек өлім расталған жағдайда ғана қызметін тоқтатуға мүмкін екендігі айтылған. Ешкімнің өз бетінше, адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін, ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі. Әркімнің өзінің жеке басының құқығы бар және адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Адамның жеке басының бостандығы - өзінің болмасынан туындайтын оның бөлінбейтін және абсолютті құқығы. Мысалы, заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады. Осылармен қатар ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегімен пайдалануға құқылы. Адамның қадір-қасиеті мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды, өйткені ол өзін және өзінің жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегідей сезінетін кез-келген жеке адамға тән. Қадір-қасиет – саналы түрде сезінген, айналып келгенде, оның жеке ішкі және сыртқы қасиеттеріне айналған «қанына сіңген» жеке тұлға ретінде сипаттайтын, адамның дамушы ізгі мінез-әрекеттерінің сырттай бейнеленген көрінісі ретінде түсініледі. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты. ....
«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы- цивильді (juscivile) құқық деп атаған. Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы). Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына ( Zivilrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр. Римде құқықты жария және жеке (jus pablicum ,jus privatum) деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқықтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді». Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтыққұқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз. Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тигізіп отыр. Бұл орайда «біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияна көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгер. Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс –тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік –аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты. Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәні анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы. ....
Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді. Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады. «Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1. адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды. 2. адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез-келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады. 3. мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді. Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелер бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтыөты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән жайларына қарамастан заң алдында тең. Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге – 1992 жылдың 1 наурызына Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.....
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. ....
Құқықтар мен міндеттеор қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық тіралы айтқанымызда, бұд құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға« деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабіулетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері – ең алдымен адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық субъектісі. ....
Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандыңтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны - азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде (ргіп-сірішп - негіз, бастапқы) деген екі негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теория-ның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті - сендіру).
Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, принциптерінде өз көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп ңарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше "принциптер - бұл құқықтың мазмүнын тереңінен аша-ды. Принциптерде жалпы қүқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық принциптері нақты құқықтьқ нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген.
Құқық принциптері - бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар.
Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және кұқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі.
Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуымен және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді білген, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларында түсінетін болады.
Сондай-ақ, оның азаматтьқ сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтың істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Аза-маттық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: "Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды".
Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздыларын соттың құқық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтьқ істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматқы істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды рет-тейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады....